Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1453 рет оқылды

Имамдықтың шарттары

Имам болудың алты шарты бар. Бұл шарттардың бiрi болмаған адамға ұйып оқылған намаз қабыл болмайды.

1. Мұсылман болу. Хазреті Əбу Бəкiр Сыддық пен Хазреті Омар Фаруқтың (радыяллаһу анһ) халифалығына, миғражға, қабыр азабына сенбеген адам имам бола алмайды.

2. Балиғат жасқа жету.

3. Ақылды болу. Мас жəне алжыған адам имам бола алмайды.

4. Еркек болу. Əйел кісі еркектерге имам бола алмайды.

5. Кемінде фатиха сүресiмен тағы бiр аятты дұрыс оқи алу керек. Аят бiлмейтiн, немесе бiлгенiн тəжуидпен оқи алмайтын адам имам бола алмайды.

6. Үзiрсiз болу керек. Үзiрлi адам үзiрсiз адамдарға имам бола алмайды.

Имам Құран Кəрiмдi тəжуидпен оқу керек. Дұрыс оқу - тəжуидпен оқу дегені. Намаздың шарттарына мəн бермейтін имамның артында намаз оқылмайды. 

Пайғамбарымыздың: «Салих жəне фажир (күнəһар) əр адамның артында намаз оқыңыздардеген хадисі мешiт имамдарыүшiн емес, жұма намазында имам болатын əкiмдер мен биліктегілер үшiн айтылған. 

Имамдыққа лайық адам сүннеттi, яғни Исламды ең жақсы бiлетiн адам. Бұл мəселеде білімі тең болғандардың ішінен Құран Кəрiмді ең жақсы оқитыны имам болады. Бұл жерде де тең түскендердiң тақуалығы жоғары болғаны имам болады. Мұнда да тең болғандардың жасы үлкенi имамдыққа өтеді. 

Құл, бəдəуи, пасық, соқыр жəне зинадан туылғанның имамдығы мəкрух болады.

Имам жамағатты жалықтыратындай жəне қысатындай дəрежеде намазды ұзатпауы керек. 

Əйелдердiң өз арасында жамағатпен намаз оқулары мəкрух. Бiр адамға имам болған кісі оны оң жағына тұрғызады. Екi кiсiге имам болса, олардың алдына өтіп тұрады. Əйелдер мен балалардың ересек кiсiлерге имам болуы жаиз емес. 

Имамның артында еркектер, одан кейiн балалар, кейiн əйелдер сап болып тұрады.

Имам əйелдерге де имам болуға ниет еткенде жамағаттағы əйел еркектің жанына тұрып қалса, ер кісінің намазы бұзылады. Егер имам əйелдерге имам болуға ниет етпеген болса, əйелдiң қасында тұрған еркектiң намазы бұзылмайды. Керісінше имамға ұйыған əйелдің на-мазы өтпейді. Тұрып оқитын адамның отырып оқитын имамға ұюы жаиз. Мұқим да сафари имамға ұя алады. 

Парыз оқып жатқан адам, сүннет оқып жатқан адамға ұя алмай-ды. Сүннет оқып тұрған адам парыз оқып жатқан адамға ұя алады. 

Имамға ұйып намаз оқығаннан кейiн, имамның дəретсiз екенін бiлген адам намазын қайталайды.

Рəғаиб, Бəраат жəне Қадыр намаздарын жамағатпен оқу мəкрух. 

Жамағат қаласа да, имамның парыз оқытып жатқанда қыраат пен тасбихтердi сүннет мөлшерінен артық оқуы тахриман мəкрух болады. 

Имамға рүкуде жете алмаған адам сол рəкатты имаммен бiрге оқыған болып саналмайды. 

Имам рүкуде тұрғанда келген адам ниет етiп тiк тұрып тəкбiр алып, намазға кiредi. Дереу рүкуға иiлiп имамға ұяды. Рукуге иiлместен имам тұрып қойса, адам рүкуға үлгермеген болып сана-лады. 

Имамнан бұрын рүкуға иiлу, сəждеге бару жəне имамнан бұрын тұру тахриман мəкрух. Парыз намаздарын оқып бiткеннен кейiн сап-ты бұзу мустаһаб. 

Бiр мүмин бес уақыт намазын əр күн жамағатпен оқыса, барлық Пайғамбарлармен бiрге оқығандай сауапқа ие болды. 

Кiмде-кiм ешқандай себепсiз жамағатты тəрк етсе, ол адам жəннаттың иiсiн сезе алмайды. Жамағатты үзiрсiз тəрк еткендер төрт кiтапта да малғұн деп сипатталған. 

Бес уақыт намазды жамағатпен оқуға тырысу керек. Қиямет күнi Аллаһу та’ала таразының бiр жағына жетi қат аспанды, Ар-шты, Күрсіні жəне барлық махлұқ атаулыны қойса, ал бiр жағына жамағатпен оқылған бiр уақыт намаздың сауабын қойса, жамағатпен оқылған намаздың салмағы əлде қайда ауыр келедi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы