Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1142 рет оқылды

Масбуқтың намазы

Имамға ұйығандар төрт түрлi болады. Бұлар: Мудрик, мұқтадимасбуқ жəне лахиқ. 

Мудрик –Ифтитах тəкбiрiн имаммен бiрге алған адам. Мұқтади –Ифтитах тəкбiрiне үлгермеген адам. Масбуқ –Имамға бiрiншiрəкатта үлгермеген адам. 

Лахиқ -Ифтитах тəкбiрiн имаммен бiрге алған,бiрақ кейiн намазда дəретi бұзылып дəрет алып, қайтадан имамға ұйыған адам. Бұл адам алдындағыдай қыраатсыз, рүку мен сəжде тасбихтарын айтып, намаздарын оқиды. Ол дəрет алуға барып-келгенде дүние сөзiн сөйлемеген болса, имамның артында тұрғандай болып есеп-теле бередi. Бiрақ мешiттен шыққаннан кейiн ең жақын жерде дəрет алуы керек. Көп алыстап кетсе, намазы бұзылады. 

Масбуқ, яғни имамға бiрiншi рəкатта үлгере алмаған адам, имам екi жағына сəлем бергеннен кейiн түрегелiп үлгермеген рəкаттарын оқиды. 

Қырааттарды бiрiншi, кейiн екiншi, одан кейiн үшiншi рəкатты оқығандай оқиды. Ал отырғанда төртiншi, үшiншi жəне екiншi рəкат кезегiмен, яғни соңынан басына қарай оқылады. Мысалы: Құптан намазының соңғы рəкатында имамға ұйыған адам, имам сəлем бер-геннен кейiн тұрып, бiрiншi жəне екiншi рəкатта Фатиха жəне бiр сүре оқиды. Бiрiншi рəкаттан кейiн отырады. Екiншi рəкатта отыр-майды. 

Бес нəрсенi имам iстемесе, жамағат та iстемейдi. Олар: 

  1. Имам құныт оқымаса, жамағат та оқымайды.
  2. Имам айт намазында тəкбiрлердi айтпаса, жамағат та айтпайды.
  3. Имам төрт рəкатты намаздың екiншi рəкатында отырмаса, жамағат та отырмайды.
  4. Имам сəжде аятын оқып, сəжде қылмаса, жамағат та қылмайды.
  5. Имам сəһу сəждесін жасамаса, жамағат та істемейді. 

Төрт нəрсенi имам iстесе де, жамағат iстемейдi. Олар: 

  1. Имам екiден көп сəжде етсе, жамағат етпейдi.
  2. Имам айт тəкбiрлерiн бiр рəкатта үштен көп айтса, жамағат айтпайды.
  3. Имам жаназа намазында төрттен көп тəкбiр айтса, жамағат айтпайды.
  4. Имам бесiншi рəкатқа тұрып кетсе, жамағат тұрмайды, имамды күтiп бiрге сəлем бередi. 

Он нəрсенi имам iстемесе де, жамағат iстейдi. Олар:

  1. Ифтитах тəкбiрiне қолды құлаққа көтеру.
  2. Субханəкə оқу.
  3. Рүкуге иiлгенде тəкбiр айту.
  4. Рукуде тасбих оқу.
  5. Сəждеге жатып тұрар кезде тəкбiр айту.
  6. Сəжделерде тасбих айту. 
  7. Сами Аллаһу..демесе де Раббəнə лəкəл хамд деу. 
  8. Əттахиятуды соңына дейiн оқу. 
  9. Намаз соңында сəлем беру. 

Құрбан айтында жиырма үш парыздан кейiн сəлем берер-бермес ташриқ тəкбiрін оқу.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы