Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1121 рет оқылды

Ифтитах тəкбiрiнiң құндылығы

Кiмде-кiм ифтитах тəкбiрiн имаммен бiрге алса, ол адамның күнəлары күздiң күнi ағаш жапырақтары жел соққанда төгiлгендей төгiледi. 

Бiр күнi Пайғамбарымыз намаз оқып жатқан кезде бiреу таң намазының ифтитах тəкбiрiне үлгере алмай қалды. Сол үшiн бiр құлды азат етiп келіп, пайғамбарымыздан сұрады: «Йа, Расулаллаһ! Мен бүгiн ифтитах тəкбiрiне үлгере алмай қалдым. Бiр құл азат еттiм. Ифтитах тəкбiрiнiң орнын толтыра алдым ба?» Пайғамбарымыз хазреті Əбу Бəкiр Сыддықтан (радыяллаһу анһ): «Сен не дейсiн, бұл ифтитах тəкбiрi жөнiндедеп сұрады.ХазретіƏбу Бəкiр(радыяллаһу анһ) былай дедi: «Йа Расулаллаһ! Қырық түйем болса, қырығының да қоржыны гауһарға толы болса, барлығын кедейлер-ге таратсам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жетпейді». 

Одан кейiн Пайғамбарымыз: «Йа, Омар! Сен не дейсiң ифти-тах тəкбiрi жөнiндедегенде,хазреті Омар(радыяллаһу анһ):«Йа, Расулаллаһ! Мекке мен Мадина арасы толған түйем болса жəне бұлардың жүктерi гауһар болса, барлығын кедейлерге таратсам да ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жете алмаймын»- дедi. 

Кейiн Пайғамбарымыз: «Йа, Осман! Сен не дейсiң дегенде, хазреті Осман (радыяллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Түнде екi рəкат намаз оқысам, əр рəкатта Құранды толық хатым етсем де, имаммен бiрге алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жете алмаймын» дедi. 

Одан кейiн Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) «Йа, Əли! Сен не дейсiң ифтитах тəкбiрi жөнiндеХазреті Əли (радыяллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Шығыс пен батыс арасы кəпiрлерге лық толы болса, Раббым маған қуат берiп барлығымен соғыссам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жете алмаймын»- дедi. 

Бұдан кейiн Пайғамбарымыз алейһиссалам:  «Ей,  менiң үмметiм жəне асхабым! Жетi қат аспан мен жетi қат жер қағаз болса, жəне дариялар сия болса, жəне бүкіл ағаштар қалам болса, барлық перiштелер жазушы болып қияметке дейiн жазса да имаммен алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабын жазып бітіре алмайды».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы