Имам Ағзам Əбу Ханифаның шəкiртi Имам Əбу Юсуф, Халифа Харун Рашид заманында қазы болатын. Бiр күнi Харун Рашидтің жа-нында отырғанда бiреуден шағым түседi. Харун Рашидтiң уəзiрi«Бұған куəмiн» дейдi. Имам Əбу Юсуф уəзірдің куəлігін қабылдамайды. Халифа: «Уəзiрдiң куəлiгiн неге қабыл етпейсiң?»- деп сұрайды. Имам Əбу Юсуф: «Бiр күнi оған бiр iс бұйырған едiңiз. Сонда ол сiзге «Əміріңізге құлдық» деген едi. Егер шын айтқан болса, құлдың куəлiгi қабыл етiлмейдi. Ал өтiрiк айтқан болса, өтiрiкшiнiң куəлiгi де тыңдалмайды» - дедi. Халифа: «Мен куəлiк етсем, қабыл етесiң бе?» - деп сұрайды. «Жоқ, қабылдамаймын»- дейдi қазы. Халифа: «Неге?»- дегенде, имам: «Сіз намазды жамағатпен оқымайсыз»- де-ген екен. Халифа: «Мен мұсылмандардың жұмысымен шұғылданып көбінесе жамағатпен оқи алмаймын»- дегенде, имам: «Жаратушыға ғибадат етілетін жерде жаратылғанға бағынбайды»- деді. Халифа бұл сөзді мақұлдап, сарайына мешiт салынуын əмiр еттi. Азаншы мен имам тағайындап, бұдан былай намазын тек жамағатпен оқыды.
НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ
Қызылорда
Қызылорда облысы
Таң
05:05
Күн
06:33
Бесін
13:39
Екінті
18:34
Шам
20:39
Құптан
22:08
26
сәуір 2018
Бейсенбі
10 Шағбан 1439
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +06:00