Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1254 рет оқылды

Жұма намазы

Аллаһу та’ала жұма күнiн мұсылмандарға тəн қылған. Жұма күнi түс уақытында жұма намазын оқу Аллаһу та’аланың бұйрығы. Аллаһу та’ала Жұма сүресiнiң соңғы аятында: «Ей, иман келтіру абыройына ие болған құлдарым! Жұма күнi намаз үшiн азан айтылған кезде хутба тыңдау жəне жұма намазын оқу үшін мешіттерге асығыңдар. Сауда-саттықты тоқтатыңдар. Жұма намазы жəне хутба сізге басқа жұмыстарыңыздан да пайдалы. Жұма намазын оқып болғаннан соң, дүние жұмыстарыңыз үшін таралуыңызға болады. Аллаһтан ризық, несiбе күтіп еңбек етіңдер. Сондай-ақ құтылу үшін Аллаһты көп зiкiр етiңдер.» -деп бұйырған. 

Намаздан кейiн қалағандар жұмысына, қалағандар мешiтте қалып дұға етумен шұғылдана алады. Жұма намазының уақыты кiргенде сауда-саттықпен айналысу күнə. 

Хазреті Пайғамбарымыз көптеген хадистерінде: «Мұсылман кiсi жұма күнi ғұсыл алып, жұма намазына барса, бiр апталық күнəлары кешiрiлiп жəне əрбiр басқан қадамы үшiн сауап беріледі». 

«Жұма намазын оқымаған кiсiлердiң жүректерiн Аллаһу тааламөрлеп тастайды». «Күндердiң ең абзалы жұма күнi. Жұма күнi - айт күндерi мен ашура күнiнен де абзал. Жұма осы дүниеде жəне жəннатта мұсылмандардың мейрамы». «Егерде бiр кiсi жұма намазына еш бір кедергісіз үш рет бармайтын болса, Аллаһу таала оның жүрегiн мөрлеп қояды. Яғни жақсылық жасай ал-майтын болып қалады».«Жұма күнi бiр уақыт бар, сол уақытта жасалынған дұға қайтарылмайды». «Жұма намаздан кейiн жетi рет Ихлас, Нас, Фəлақ сүрелерiн оқыған кiсiнi Аллаһу таала бір апта қазадан, бəледен жəне жаман нəрселерден қорғайды».«Сенбi күнi яһудилерге, жексенбi күнi христиандарға берiлген, алжұма күнi мұсылмандарға берiлген. Бұл күнде мұсылмандарға бе-рекет пен жақсылық бар». 

Жұма күнгi ғибадаттардың сауабы басқа күнде орындалған ғибадаттардың сауабынан екi есе көп. Жұма күні iстелген күнəлар да екi есе болып жазылады. 

Жұма күнi рухтар жиналады жəне бір-бірімен танысады. Қабiрлер зиярат етiледi. Бұл күнi қабiр азабы тоқтатылады. Кейбiр ғалымдардың айтуы бойынша бұл күні мүминдердің азабы мүлдем тоқтатылады. Кəпiрлердiң азабы тек жұма күнi мен рамазан айын-да ғана тоқтатылып, басқа уақыттарда азап қиямет күнiне дейiн жалғасады. Жұма күнi жəне түнінде дүниеден өткен мүминдер қабiр азабына ұшырамайды. Жұма күнi тозақтың оты қатты ыстық болмай-ды. Адам алейһиссалам жұма күнi жаратылды. Жұма күнi жəннаттан шығарылды. Жəннаттағылар Аллаһу та’аланы жұма күндерінде көредi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы