Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1438 рет оқылды

Жұма намазының парыздары

Жұма күнi он алты рəкат намаз оқылады. Бұлардың iшiнде 2 рəкаты парыз. Жұма бесiн намазынан да қуатты парыз. Жұма намазы парыз болуы үшiн мына екi шарт қажет: 

1. Ада шарттары (өтелетiн шарттар).

2. Вужуб шарттары (керек болған шарттар). 

Ада шарттарының бiрi кем болып немесе орындалмаса, намаз қабыл болмайды. Ал вужуб шарттары жоқ болса, намаздың қабыл болуына кедергi болмайды. 

Ада, яғни жұма намазының сахих болуы үшiн 7 шарт бар: 

  1. Намазды қалада оқу.
  2. Үкімет басшысының немесе əкiмнiң рұқсатымен оқу. Бұлар тағайындаған имам-хатип өз орнына басқасын өкіл ете алады.
  3. Жұманы бесiн намазының уақытында оқу.
  4. Уақыттың ішінде хутба оқу. (Ғалымдар жұма хутбасын оқу, намазға тұрарда Аллаһу əкбар деп айтумен бiрдей деген.)

Екi хутбаны да тек арапша оқу керек. Имам iшiнен аъузуды айтып, кейiн дауыстап хамд уə сəна жəне кəлимаи шаһадат салауат оқиды. Кейiннен сауапқа, азапқа себеп болатын нəрселердi ескертеді жəне Құран Кəрiм оқиды. Кейін отырып тұрады. Бұл отыруда еш қандай артық əрекет жасалмайды. Тіпті дұға үшін қол да жайылмай-ды. Екiншi хутба оқып, уағызда мұсылмандарға дұға етедi. Хутбада төрт халифаның атын атап өту мустаһаб. Хутбада дүние iстерiне бай-ланысты сөздер, хабарландырулар айту харам. Хутбаны қысқа оқу сүннет, ұзын оқу мəкрух болады. 

  1. Хутбаны намаздан бұрын оқу.
  2. Жұма намазын жамағатпен оқу.
  3. Мешiт есiктері баршаға ашық болу керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы