Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1076 рет оқылды

Жұма күнiнің сүннеттері мен əдептерi

1 - Жұма намазына бейсенбi күннен дайындалу. 

2 - Жұма күнi ғұсыл алу. 

3 - Шашын алдыру, сақалы бiр тұтамнан ұзын болса қысқарту, тырнақтарын алып жаңа, таза киiмдер кию. 

4 - Жұма намазына мүмкiндiгiнше ерте бару. 

5 - Мешiтте алдыңғы қатарға өту үшін жамағаттың иығынан ат-тамау. 

6 - Мешiтте намаз оқып жатқан кiсiнiң алдынан өтпеу. 

7 - Имам мiнберге шыққаннан кейiн сөйлемей хутбаны тыңдау. Сөйлегенге белгі беріп те жауап бермеу, екінші азанды қайталамау жəне хутба кезінде қол ашып дұға етпеу. 

8 - Жұма намазынан кейiн фатиха, кафирун, ихлас, фалақ жəне нас сүрелерiн жетi рет оқу. 

9 - Екінді намазына дейiн мешiтте қалып ғибадат ету. 

10 - Əһли сүннет ғалымдарының дəрісіне немесе солардың кiтаптарын оқып отырғандарға қатысып, тыңдау. 

11 - Жұма күнiн толық ғибадатпен өткiзу.

12 - Жұма күнi көп салауат айту.

13 - Құран Кəрiм оқу. (Каһф сүресiн оқу)

14 - Садақа беру. 

15 - Əке-шешенi немесе қабiрлерiн зиярат ету.

16 - Үйдегi асты ерекше əрi тəттi қылып даярлау.

17 - Көп намаз оқу. Қаза намазы болғандар намаздарының қазасын оқу керек. 

Мойындарына парыз болмаса да əйелдердің Жұма немесе Айт намазы үшін мешіттерге барып, ер адамдардың кірулеріне, ғибадаттарына кедергі болулары күнə болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы