Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1820 рет оқылды

НАУҚАСТАНҒАН КЕЗДЕГI НАМАЗ

Дəреттi бұзатын нəрсенiң денеден шығуы тоқтамаса, оған үзiр дейдi. Сiдiк, iшi өту, жел шығару, мұрынның қанауы жəне жарадан қан, сары су ағуы намаз уақыты iшiнде тоқтамаса, осындай адам жəне истихаза қаны келген əйел үзiрлi (кешірімді хал) болып есептеледi. Бiтеу арқылы дəрiмен немесе намазды ыммен отырып оқып, бұларды тоқтату керек. Сiдiгi тамшылап тоқтамайтын ер кісі сiдiк жолына мақта кіргізіп қояды. Осылайша шыққан зəр мақтаға сіңіп сыртқа шықпайды, яғни дəрет бұзылмайды. Кіші дəретке отырғанда мақта өздiгiнен шығып кетедi. Егер зəр көбірек сызса, артығы мақтадан да өтіп сыртқа шығады жəне дəретті де бұзады. Бұндай кезде аққан зəр киiмдi ластамауы керек. Əйелдер зəр шығатын жерiне үнемi күрсүф деп аталатын мата қоюлары керек. Аққан нəрсенi тоқтата алмаса, əр намаз уақытында бөлек дəрет алып намазды осылайша оқиды. Осын-дай бір себеппен үзiрлi болған адам дəретпен уақыт шыққанға дейiн парыз, қаза, нəпiл намаздарын оқи алады. Құранды ұстай алады. Намаздың уақыты шығысымен дəрет бұзылады. Уақыт шықпастан бұрын үзiр болған себептен басқа дəрет бұзатын нəрсе болса, дəрет бұзылады. Мысалы, мұрын тесіктерінің біреуінен тоқтамай қан тамшылағаны үшін үзiрмен дəрет алған кісінің мұрнының екiншi тесігінен де қан аға бастаса, дəреті бұзылады. Үзiрлі болу үшiн дəреттi бұзған нəрсе намаз уақыты бойы тоқтамай ағып тұру керек. Дəрет алып сол уақыттың парызын орындай алатындай уақытта ақпаса, үзiр болып саналмайды. Малики мазһабының бiр үкімі бой-ынша бiр тамшы ақса да үзiрлі болады. Бiр кісі үзiрлi болғаннан кейін, келесi намаз уақытында үзірі бiр рет бiр тамшы ақса, үзiрлiк халі сол уақытта да жалғасады. Намаз уақытында еш нəрсе ақпаса, үзiр халі біткен болады. Үзiрге себеп болған нəжiс киiмге дирхам көлемiнен аса жайылған болса, қайта жайылуына кедергi болу мүмкiн болса, нəжiс тиген жердi жуу керек. 

Ғұсыл алғанда ауырып қалудан немесе аурудың күшеюiнен жəне жалғасуынан қорыққан адам тəйəммум алады. Бұл қорқыныш мұсылман жəне əділ дəрiгердiң айтуымен болу керек. Пасықтығы, күнəһарлығы беймəлім дəрiгердiң сөзi де қабыл етiледi. Суық ауа райы, жан сақтайтын үйі болмау, суды ысытатын нəрсе, қалада моншаға баруға ақша таппау ауыруға себеп болуы мүмкін. Шафииде бiр тəйəммуммен қалағанша парыз намаз оқи алады. Шафииде жəне Маликиде əрбiр парыз намаз үшiн жаңадан тəйəммум алады.

Дəрет мүшелерінің жартысында жарасы болған адам тəйəммум алады. Жара жартысынан аз болса, сау болған жерiн жуып, қалған жерлеріне мəсих тартады. Ғұсыл алатын кезде дененiң жартысынан көбi жара болса, тəйəммум алады. Жарасы жартысынан аз болса, сау жерiн жуып, су тигізе алмаған жерлеріне мəсих тартылады. Жараға мəсих тарту зиянды болса, үстіндегі бинтке мəсих тартылады. Бұл да зиянды болса, мəсих тартылмайды. Дəрет пен ғұсылда басқа мəсих тарту зиянды болса, басқа мəсих тартылмайды. Қолы шолақ (жара) адам суды қолдана алмағандықтан тəйəммум алады. Жүзiн жəне қолдарын жерге (əкпен, топырақпен сыланған дуалға) үйкейдi. Қолдары жəне аяқтары кесiлген адамның жүзi де жара болса, дəретсiз намаз оқиды. Дəрет алдыратын ешкiмдi таппаған адам да тəйəммум алады. Сонымен қатар баласы, жалдамалы қызметшiсi жəрдем ету-ге міндетті. Жəрдемдi басқа кiсiлерден де алса болады. Бiрақ олар жəрдем етуге міндетті емес. Ерлі-зайыптылар да бiр-бiрiне дəрет алғызуға міндетті емес. 

Қан алдырып, сүлiк қолданып, жара, сыздауық, сүйегi сынып үстіне бинт (мақта, марля үстiне лейкопластырь, крем, мазь) байлаған кісі бұл жерлерiн сумен жуа алмаса, мəсих ете алмаса, дəрет пен ғұсылда осы жерлердің жартысынан көбiнің үстіне мəсих тартады. Бинтты шешу зиянды болса, онда астындағы сау жерлерiн жумайды. Бинттың арасынан көрініп тұрған сау терiлер мəсих етiледi. Бинтты дəрет алып болған соң орау да мiндеттi емес. Мəсихтен кейiн, бинт ауыстырылса немесе үстiне тағы бір неше қабат оралса, жаңасына мəсих тарту керек болмайды. 

Тiк тұра алмайтын адам намазын отырып, рүку үшiн денесiн бiраз иедi, сосын денесiн түзу ұстап, кейiн жерге екi рет сəжде жа-сайды. Қалай отыру ыңғайлы болса солай отырады. Тiзерлеп оты-руына да, малдас құрып отыруына да болады. Бас, тiс, көз ауруы да науқасқа жатады. Тұрғанда дұшпанға көрiнiп қалу қауіпі де үзiр саналады. Бiр нəрсеге сүйенiп тіке тұра алатын адам сүйенiп намаз оқиды. Көп тұра алмайтын адам ифтитах тəкбiрiн тұрып, ал ауыра бастағанда намазын отырып жалғастырады. 

Жерге сəжде жасай алмайтын адам аяқта оқып, рүку жəне сəжде үшiн отырып ишарат етедi. Отырып оқығанда рүку үшiн азырақ, ал сəжде үшiн одан көбiрек иiледi. Денесiн ие алмаған адам басын иедi. Бiр нəрсенiң үстiне басын қою шарт емес. Бiр нəрсенің үстiне сəжде ететiн болса, сəжде үшiн рүкуден көп иiлген болса ғана намазы дұрыс болғанымен мəкрух болады. Сүйенiп отыруға мүмкiндігі бар кісінің ишаратпен жатып оқуы жаиз емес. Хазреті пайғамбарымыз алейһиссалам бiр ауруды зиярат еткенде оның қолымен жастықты көтерiп, соған сəжде еткенiн көрiсiмен жастықты алып тастады. Ауру адам ағашты көтерiп, оның үстiне сəжде еттi. Ағашты да алып тастады. Кейін былай дедi: «Күшiң жетсе жерге сəжде етжерге иiле алмасаң бетiңе бiр нəрсе көтерiп оның үстiне сəжде етпе. Ишарат етiп оқы, сəждеде рүкуден көбiрек иiл«Бахр-ур-Раиқ»атты кітапта бұған қосымша ретiнде келтірілген Ал-Имрансүресiнiң 191-аятында: «Намазды күшiжеткен түрегеп оқиды.Күшi жетпеген отырып,бұған да күшiжетпеген жатып оқиды»,деп бұйырады. Имран бин Хусайн науқастанғанда Расулуллаһ алейһиссалам оған: «Тұрып оқы,шамаң жетпесе отырып оқыбұған да күшiң жетпесе жантайып немесе шалқайып жатып оқы»деп бұйырған.Бұлардан көрініп тұрғанындай,тұрып оқиалмаған ауру отырып оқиды, отыра алмаған жатып оқиды. Бірақ орындық жəне креслоға отырып оқуға рұқсат етілмеген. Науқастың немесе автобус не ұшақта сапар шегіп бара жатқан кісінің креслода намаз оқуы исламға сай емес, жерге отырып немесе тұрып оқу керек. Жамағатқа барғанда тұрып оқи алмайтын адам үйiнде тұрып оқиды. Төмендегі 20 нəрсенің бiреуiнiң болуы жамағатқа бармау үшiн үзiр болады: Жаңбыр, қатты ыстық жəне қатты суық, өміріне жəне дүниесiне қастандық жасайтын дұшпан қауіпі, жолда жалғыз қалудан қорқу, түннiң қатты қараңғы болуы. Қарызы көп кедейдің көшеге шыққанда қарызын төлемегені үшін тұтқындалып зынданға таста-лудан қорқуы. Көрсоқыр болу, жүре алмайтындай мүгедек болу, бiр аяғы жоқ болу, ауыру, əлсiз болу, жолдың қатты балшық, лай болуы, жүре алмайтын қария, аз кездесетін маңызды фиқһ дəрiсiнен қалып қою, жақсы көрген тамағын жей алмаудан қорқу. Сапарға шығуға дайындықта болу. Орнына адам таппаған ауруға қараушы. Түнде қатты дауыл болуы, дəреттің қысып тұруы. Аурудың күшейуiнен жəне асқынуынан қорыққан ауру жəне ауруы қараусыз қалатын ауру күтушiсi жəне қатты қартайғандықтан жүруi қиын болған жұма на-мазына бармау үшiн де үзiр болып саналады. Жамағатқа жаяу бару көлiкпен барудан абзал. Мешiтте орындықта, креслода отырып ишаретпен оқу жаиз емес. Исламның əмiр етпегеніндей ғибадат жасау бидғат болады. Бидғат iстеудiң үлкен күнə болғандығы фиқһ кiтаптарында жазылған. 

Бiр нəрсеге сүйенiп отыра алмаған ауру, шалқасынан жатып, шалқасынан да жата алмаса, оң жағына жатып басымен ишарат етедi. Қыблаға бетiн бұра алмаған адам оңтайлы жағына қарап оқиды. Шалқасынан жатқан адамның басының астына бiр нəрсе қойып, жүзiн қыблаға қаратады. Тiзелерiн бүгіп аяғын қыблаға созбау абзал. Басымен ишарат жасай алмаған адам намазын қазаға қалдыруы жаиз. Намаз арасында ауырып қалған адам күшi жеткенінше жалғастырады. Жерде отырып оқыған ауру адам намаз оқып жатқанда жазылса, келген жерiнен тұрып жалғастырады. Ақыл-есiнен айырылған адам намаз оқымайды. Бес уақыт намаз өтпестен бұрын жазылса, намаздарының қазасын өтейдi. Егер 6 намаз өткiзсе еш қаза қылмайды. 

Оқи алмаған намаздарын ишаратпен болса да өтеуі парыз. Қазасын өтей алмаған кісі өлер алдында оқымаған намаздарының исқаты үшiн артта қалдырған мүлкінен фидия беруiн өсиет етуi уəжiп. Өсиет етпесе ата-анасы, тіпті бөтен кісі өз мүлкінен исқат етуі жаиз болады делiнген.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы