Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   3670 рет оқылды

Қаза намаздар

Намаз денемен орындалатын ғибадат болғандықтан басқа адамның орнына оқып беруге болмайды. Əркiмнiң өзi орындауы қажет. Уақытында оқылған намазға ада ету делінеді. Кез келген уақытта қайта оқуға иада ету деп айтылады. Мəселен, мəкрухпен оқылған намаздың уақыты шықпастан, бұған мүмкіндігі болмаса, кез келген уақытта иада етуi уəжiп. Парыз жəне уəжiп болған намаз-дарды уақыты шыққаннан соң оқу - қаза ету болады. 

Бiр күндiк бес уақыт парыз бен үтiр намазын оқығанда немесе қаза еткенде тəртіппен оқу парыз болады. Яғни намаз оқығанда ретiн сақтау керек. Бестен артық қаза намазы жоқ кісі тəртiп иесi деп ата-лады. Жұманың парызын сол күннiң бесiн намазы уақытысында оқу керек. Таң намазына тұра алмаған адам хутба оқып жатқанда есiне түсiрген болса, дереу оны қаза етуi керек. Бiр намазды оқымай жа-тып, одан кейiнгi бес намазды оқу жаиз болмайды. Хадисі шəрифте: «Бiр намазды ұйықтап немесе ұмытып өткізіп алған адам кейінгі намазды жамағатпен оқып жатып есiне түсiрсе, имаммен бірге намазды бiтiрiп, содан кейiн алдынғы намазын қаза етсiн, бұдан кейiн имаммен оқыған намазын қайта оқысын»-деп бұйырылған. 

Тəртіп иесі болмаған, яғни қазасы бестен көп болғандар бұған қарамайды. 

Парызды қаза ету парыз. Уəжiптi қаза ету де уəжiп. Сүннетi қаза ету əмiр етiлмеген. Ханафи мазһабының ғалымдарының барлығы бiр ауыздан былай деген: Сүннет намаздарын тек уақытында оқу əмiр етiлген. Уақытында оқылмаған сүннет намаздары адамның мойнына қарыз болмайды. Сондықтан уақытынан кейiн қаза ету əмір етілмеді. Таң намазының сүннетi уəжiпке жақын болғандықтан сол күнi түстен бұрын парызымен бірге қаза етiледi. Таң намазының сүннетi түстен кейiн жəне басқа намаздардың сүннеттерi ешбiр уақыт қаза етiлмейдi. Қаза етсе, сүннет сауабын алмайды. Нəпiл оқыған болады. «Ибн Абидинде» жəне «Тарғиб-ус-салаттың» 162- бетiнде: 

«Сүннеттердiүзірсiз отырып оқуға болады.Ал оқымау күнə.Па-рыздарды үзiрмен отырып оқу жаизделінген. 

Парыз намаздарды бiлiп тұрып жəне үзiрсiз тəрк ету үлкен күнə. Уақытында оқылмаған мұндай намаздарды қаза ету керек. Парыз бен уəжiп намазды бiлiп тұрып қазаға қалдыру үшiн екi үзiр бар; бiрiншiсi дұшпан қарсысында тұру, екiншiсi сапарда болған кiсi, яғни үш күндiк жол жүруге ниетi болмаса да, жолаушының ұры, жыртқыш аң, сел, дауыл сияқтылардан қорқуы. Бұндай жағдайда болғандар кез-келген бағытқа қарай немесе жануардың үстiнде иша-ратпен де оқи алмаған кезде қаза етуiне болады. Осы екi себеппен парыздарды қазаға қалдыру, ұйықтап қалып жəне ұмыту себебімен өткізіп алса, күнə болмайды. 

«Aшбаһ» атты кiтапта: «Тұншығып жатқан адамды немесе сол сияқты оқыс оқиғаларға тап болған кiсiлердi құтқарумен бо-лып, намазын уақытысынан кешіктіріп алған кісінің бұл нама-зын келесі уақытта оқуы да сахих болады.»делінген.Бiрақ бəрібірүзiрді кешірімді жағдайы бiтiсiмен дереу қаза етуі парыз. Харам болған үш уақыттан басқа бос уақыттарында оқу шартымен, бала-шағасына ризық табатындай уақытқа, қаза өтеуді кешiктiру жаиз бо-лады. Одан да көп уақыт кешiктiрсе, күнəға бата бастайды. Өйткені, Пайғамбарымыз Хандек соғысының қаһарынан оқи алмаған төрт на-мазды ардақты сахабалардың (радыяллаһу анһум) жаралы əрi қатты шаршағандығына қарамай сол түнi жамағатпен қаза қылып оқыды. Сүйiктi Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Екiпарыз намазды бiргебiрiктiру үлкен күнəлардан»-деген.Яғни бiр намазды уақытындаоқымай, уақыты өткеннен кейiн оқу ең үлкен күнə. Басқа бiр хадисте: 

«Бiр намазды уақыты шыққаннан кейiн оқыған адамды Аллаһутаала сексен хуқба тозаққа тастайды»-делiнген.Бiр хуқба сексен ахырет жылы, ахыреттiң бiр күнi болса дүниенiң мың жылына тең. Бiр уақыт намазды уақыты өткеннен кейiн оқудың жазасы осы болса, оқымағанның жазасы қандай екенін ойлану керек. 

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Намаз - дiннiң тiрегi. Намаз оқыған дiнiн берiк ұстанған болады. Намазды оқымаған дiнiн құлатқан болады»-деген.Тағы бiр хадис шəрифте:«Қиямет күниманнан кейiнгі сұралатын алғашқы сұрақ намаздан болады» -   деген. Аллаһу та’ала былай бұйырады: «Ей,құлым!Намаздың есебiн дұрыс беретiн болсаң,  құтылу сенiкi.  Басқа есебiңджеңiлдетемін».  Анкабут сүресi  45-шi  аятында:  «Кемшiлiксiз оқылған бір намаз адамды лас, жаман iстер iстеуден сақтайды.» -   делінген. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Адамның Раббына еңжақын болған уақыты намаз оқып жатқан уақыты -дейдi.

Бiр мұсылманның қандай да бiр намазды уақытында оқымауы екi түрлi болады: бiрiншiсi, үзiрмен оқымау; екiншiсi, намазды мiндет деп санап мəн бере тұра жалқаулықпен оқымау. 

Парыз намазын ешбір үзiрсiз уақыты өткеннен кейiн оқу, яғни қазаға қалдыру харам əрi үлкен күнə. Бұл күнə қаза оқумен кешiрiлмейдi. Қазасы оқылғанда тек намазды оқымау күнəсi кешiрiледi. Адам намаздарының қазасын өтемейiнше тəубе ете салу-мен кешiрiлмейдi. Қазасын орындағаннан кейiн тəубе етсе, кiшiрiлуi үмiт етіледi. Тəубе етумен бірге, оқымаған намаздарының қазасын да өтеу керек. Қазасын оқуға күшi жете тұрып орындамаса, айрықша үлкен күнə жасаған болады. Бұл үлкен күнə əр намаз оқу үшiн кететін (алты минут) бос уақыт өткен сайын көбейіп, жоғарыда айтылғандай азап уақыты да арта түседi. Өйткенi намазды бос уақыт тапқан кез-де дереу қаза ету де парыз. Қаза етуге мəн бермейтіндер мəңгi отқа жанады. «Умдат-ул-ислам» жəне «Жами-ул-Фатава» кітаптарда: «Дұшпан алдында бiр парыз намазын оқуға мүмкiндiгi бола тұрып тəрк еткен кісі жетi жүз үлкен күнə жасаған сияқты болады»  -     делінген. Қазаны кешiктiрудiң күнəсы уақытында оқымаудың күнəсынан да өте көп. Бiр намаздың алғашқы қазасын өтеуге ниет етiп, бiр қаза намаз оқыса, бұл күнəлардың бəрi кешiрiледi. 

ТҮСIНIКТЕМЕ: Сүннеттер орнына қаза оқыла ма? 

Абдулқадір Гейлани «Футух-ул-ғайб» кiтабында былай дейдi: 

«Мүмiннiң ең алдымен парыз намаздарын орындауы керек. Парыз-дар бiтiсiмен сүннеттердi орындайды. Одан кейiн нəпiл намаздар-ды оқиды. Парыз қарызы бола тұрып, сүннеттермен өмір өткізу барып тұрған ақымақтық. Парыз намаздан қарызы бар адамның сүннетi қабыл болмайды. Əли ибн Əбу Талиб Пайғамбарымыздан: 

«Мойнында парыз қарызы болған адам, қазасын оқымай, нəпiлоқыса босқа əуреленген болады. Бұндай кiсi қазасын өтемейiнше Аллаһу таала оның нəпiл намаздарын қабылдамайды» хадис  шəрифін хабар берген. Абдулқадір Гейлани келтірген бұл хадиске түсiндiрме берген Ханафи мазһабының ғалымы хазреті Абулхақ Дехлеви былай дейдi: «Бұл хабар парыз қарызы бар болғандардыңсүннеттерi мен нəпiлдерiнiң қабыл болмайтындығын айқын көрсетедi. Сүннеттер парыздарды толықтыратынын бiлемiз. Мұның мағынасы, парыздардың орындалу кезінде олардың кəмiлдігін қамтамасыз ететін бiр амал орындалмай қалып қойса, сүннеттер өтелген парыздың дəл осы кем жерін толтырып, кемел табуына се-беп болады дегенді білдіреді. Əйтпесе, парыз қарызы болған кiсiнiң қабыл етiлмейтiн сүннеттерi еш нəрсеге жарамайды».

Қудыс (Иерусалим) қазысы Мұхаммед Садық мырза фаита на-маздарын қаза етудi түсiндiрiп жатып былай дедi: «Ұлы ғалым Ибн Нужайм хазреттен сұрақ сұралды. «Бiреудiң қазаға қалған намаздары болса таң, бесiн, екінді, шам, құптан сүннеттерiн осы намаздардың қазасына ниет етiп оқыса, бұл адам сүннеттердi тəрк еткен бола ма?» 

Жауабы: Сүннеттердi тəрк еткен болмайды. Өйткенi, бес уақыт намаздың сүннеттерiн оқудағы мақсат, сол уақыт iшiнде парыз-дан басқа тағы бiр намаз оқу дегендi бiлдiредi. Шайтан адамдың мүлдем намаз оқымағанын қалайды. Парыздан басқа тағы бiр намаз қосып оқу арқылы шайтанға қырсығып, оны масқара еткен боламыз. Сүннет орнына қазаға ниет етумен сүннет те орындалған болады. Қаза борышы болғандардың əр намаз уақытында сол уақыттың па-рызынан басқа намаз оқу сүннетiн орындау үшiн қаза оқулары керек. Өйткенi, қазасы болған көптеген адамдар қаза оқымай, сүннетпен өмірін құртады. Бұлар жəһаннамға кетедi. Ал сүннеттердiң орны-на қазаларын өтеген адам жаһаннамнан құтылады-деген.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы