Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1365 рет оқылды

НАМАЗДЫҢ АҚИҚАТЫ

Ислам əлемiнің əйгiлi ғалымы Абдуллаһ Деһлеви «Мəкатиби Шəрифə»кiтабының85-бөлiмiнде былай дейдi:

«Намазды жамағатпен оқу жəне Туманинетпен(Намазда рүкудан тұрғанда жəне екі сəжде арасында барлық мүшенің бір субханаллаһ дейтіндей уақыт əрекетсіз тұруы) оқу, рүкуден кейiн Қавмə(Намазда рүкудан тұрғанда мүшелер əрекеттен тоқтап, кемінде бір рет субханаллаһ дейтіндей уақыт тік тұруға айтылады) жасау жəне екi сəжде арасында Жəлсə(Екі сəжде арасында əрекетсіз отыру) жасау бiздерге Аллаһу та’аланың Пайғамбары тарапынан бұйырылды. Рүкуден кейiнгі қавмə мен екi сəжде арасындағы жəлсəнің парыз екендiгiн айтқан ғалымдар да бар. Ханафи мазһабының мүфтилерінен Қазыхан бұл екеуiнiң уəжiп болғандығын,екеуiнiң бiреуiорындал-маса, сəһу сəждесi керек болатындығын айтқан. Ал егерде бiлiп тұрып тəрк етілсе, намазды қайта оқу керектiгi білдірілді. Бұған муəккəд сүннет деген ғалымдар да уəжiпке жақын сүннет деп айтқан. Сүннетті мəн бермей тəрк ету күпiр болады. Намаздың қиямында, рүкусында, қавмəсінде, жəлсəсінде, сəжделерінде жəне отыруларында адамға бөлек-бөлек айырықша хал, лəззат пайда бо-лады. Бүкіл ғибадаттар намаз iшiнде жиналған. Құран Кəрiм оқу, тəсбих айту (яғни субханаллаһ деу), пайғамбарымызға салауат айту, күнəларымызға тəубе-истиғфар ету жəне тілегіміздің орындалуын жалғыз Аллаһу та’аладан сұрап, Оған дұға ету сияқты ғибадаттар бір намазға жəм болған. Ағаштар намазда тұрғандай тiк тұруда. Жануарлар рүкуде тұрғандай, жансыз заттар да намаз ташаһудінде отырғандай əрекетсіз халде. Намаз оқыған кiсi олардың ғибадаттарын орындауда. Намаз миғраж түнiнде парыз болды. Сол түнi миғражға шығу бақытына қауышқан Аллаһтың сүйікті пайғамбарына ұюды ойлап намаз оқыған бір мұсылман, сол ұлы пайғамбардай Аллаһу та’алаға жақындастыратын дəрежелерге көтеріледі. Аллаһу та’алаға шын ықыласпен, əдептілік сақтап тұрып намаз оқығандар өздерiнiң рухани дəрежелерi жоғарылағанын сезедi. Аллаһу та’ала жəне оның пайғамбары бұл үмбетке мерхамет (мейірімділік) етiп намаз оқуды парыз еткен. Сол үшiн Раббымызға мадақ болсын. Оның сүйiктi Пайғамбарына салауат, тахият жəне дұға етеміз. Намаз оқып жатқанда пайда болатын лəззат жəне хузур(Жүректе Аллаһу та’аладан басқа ешнəрсенің болмауы. Үздіксіз Хақпен бірге болу халі.) таң қаларлық ғажайып хал. Ұстазым Мазхар Жаны Жанан: «Намазда Аллаһу та’аланы көру мүмкiн болмаса да Оны көргендей бiр сезiм пайда болады» - деген. Осындай халдің пайда болатынын тасаввуф ұлылары бірауыздан айтқан. Исламның алғашқы кезеңдерiнде намаз Құдусқа (Иеру-салим) қарай оқылатын. Құдустағы Бəйтул-муқаддеске қарауды қойып, Ибраһим алейһиссаламның қыбласына бұрылу əмiр етiлгенде Мəдинадағы яһудилер қатты ашуланған. «Бəйтул-муқаддеске қарай оқыған намаздарың енді не болады?»- деп сұрағанда, Бақара сүресiнiң 143-аяты келіп: «Аллаһу таала имандарыңды заяетпейд-деп бұйырылған.Осылайша сол бағытқа қарай оқылғаннамаздарының босқа кетпейтіні бiлдiрілген. Бұл аятта Аллаһу та’ала намазды «иман» деп сипаттады. Бұдан шығатын мағына, намазды сүннеттеріне сай оқымау, иманды зая ету, яғни иманды босқа жіберу болады. Хазреті Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Көзiмнiң нұры менлəззаты намазда»-деген.Бұл хадис«Аллаһу та’ала құдіретіменнамазда сезiледi, осылайша көзiм оны көргендей рахатқа бөленеді» деген мағынаны бередi. Бiр хадисте Пайғамбарымыз: «Ей,Билал (радыяллаһу анһ)!Менiрахатқа бөлешi.» деген. Яғни, «Ей, Билал, азан шақырып, қамат айтып менi рахатқа қауыштыр» деген. Намаздан басқа нəрселерден көңіл рахатын іздеу əбестік. Намазды зая еткен, бір намазды орындауды дұрыстай алмаған адам басқа ғибадаттарды ешқашан дұрыстай алмайды. Сондықтан да намаз оқуды ауырсы-нып оның орнына садақа, ас беру, Құран оқыту сияқты нəпілдермен өздерін алдап жүргендер қияметте қатты қайғыға жəне өкінішке тап болады.»

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы