Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1476 рет оқылды

НАМАЗДАҒЫ ҮСТЕМДІКТЕР

Имам Раббани «Мəктубат» кiтабының 1-томы 261- хатында бы-лай дейдi: «Исламның бес шартының екiншiсi болған намаз барлық ғибадаттарды өз iшiне жинаған. Исламның бес шартының бiреуi бол-са да, жалғыз бір өзі жалпы мұсылмандық деген түсінікті қамтыған. Адамды Аллаһу та’аланың махаббатына жеткiзетiн шарттардың бiрiншiсiне айналған. Əлемнің мақтанышы, бүкіл пайғамбарлардың ең үстемі Мұхаммед алейһиссаламға Миғраж түнiнде берілген Аллаһу та’аланы көзбен көру (руйет) нығметі жерге түскен соң дүниенің шарттарына сай қылып тек намазда берілді. Дүние шарт-тарында Аллаһу та’аланы көзбен көру мүмкін болмағанымен, жоғарыда айтқандай намазда ұлы кісілер онымен жүздесіп тұрғандай бір халге бөленген. Сондықтан хадис шəрифте: «Намаз мұсылманның миғражы»делiнген.Басқа бір хадисте:«Адамның Аллаһу таалаға ең жақын кезi намазда тұрған кезі»-делiнген. 

Сол ұлы Пайғамбардың миғраждағы көру (руйет) мирасы, оның жо-лында болған ұлы кісілерге бұл дүниеде тек намазда ғана нəсіп бо-луда. Иə, бұл дүниеде Аллаһу та’аланы көру мүмкін емес. Өйткені, бұл төменгі дүние ондай үлкен оқиғаға лайықты етіп жаратылмаған. Бірақ Мұхаммед алейһиссаламға толығымен берілген, сүннетінен мүлдем шықпайтын əулие-тақуа кісілерге көру (руйет)ден кейбір нəрселер нəсіп болып жатқаны күмəнсіз. Егер намаз бұйрылмағанда, мыңдаған ғашық пенденің сүйіктісінің жамалындағы пердені басқа қандай нəрсе аша алатын еді? Ғашықтар ұлы сүйіктісін қалай таба-тын еді? Намаз қайғылы рухтарға қуаныш, ауруларға рахат əкелетін амал. Рухтың азығы намаз. Жүректердiң шипасы намаз. «Ей, Билал менi қуанышқа, рахатқа бөле»деп азан оқуды бұйырған хадисосыны көрсетіп тұр. «Намаз жүрегімнің қуанышы, көзімнің нұры» хадисі де осыған ишарат етуде. 

Тасаввуф жолындағы зауқтар, уаждтер, ілім-марифаттар, мақамдар, нұрлар, реңдер, қалбтағы (көңіл) тəлвин жəне тəмкиндер, түсінікті жəне түсініксіз тəжəллилер сипатты жəне сипатсыз зу-хурдан(Бұл терминдер тариқат, яғни əулиелік жолында тəрбиеленіп жатқан шəкірттердің жүрегінде, рухани əлемдерінде пайда болатын ғажайып халдер) қай бірі намаз сыртында пайда болса, жəне намаздың ақиқатынан да еш нəрсе түсіндірілмесе, бұлардың барлығы су-реттен, көлеңкеден пайда болғаны белгілі болады. Ал намаздың ақиқатынан аз нəрсе түсінген кəміл (рухани жетік) кісі намазға тұрғанда бұл дүние өмірінен шығып ахырет өміріне кіргендей бола-ды жəне ахыретке тəн нығметтердің кейбірлеріне қауышады. Бұлар араға сурет, көлеңке, сипат араластырмай асылдан, негізден лəззат жəне үлес алады. Өйткені, дүниедегі бүкіл нығметтер, кемелдіктер көлеңке, сурет жəне көріністен пайда болуда. Араға бұлар араласпай тікелей Аллаһтың затынан, яғни негізден пайда болу ахыретке тəн құбылыс. Дүниедегі негізден нəр алу үшін миғраж болу керек. Яғни Аллаһу та’аламен ешбір жəрдемшісіз тікелей кездесу шарт. Бұл да пайғамбарымыздан басқаға берілмеген. Дегенмен пайғамбарымыз сүйікті үмбетін осы дəулеттен мақрұм етпеу үшін сол дастархан-нан төгілген нығметті мұсылмандардың намазына нəсіп етілуіне себеп болды. Сөйтіп бұл нығмет тек осы үмбетке ғана тəн бол-ды. Мұсылмандар өз пайғамбарларына еру дəрежесіне қарай əлгі нығметке қауышады. Өйткені бұлардың пайғамбары (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) Миғраж түнінде бұл дүниеден кетіп ахыретке барды. Жəннатқа кіріп руйет (көру) бақытына қауышты. Йа, Раб-би! Сол ұлы пайғамбарға (алейһиссалам) біздің тарапымыздан оның ұлылығына жарасатын жақсылықтарды нəсіп ете гөр! Бүкіл пайғамбарларға (алейһимуссалам) да жақсылықтар, берекеттер бере гөр! Олар Сенің құлдарыңа Сені таныту, разылығыңа қауышу жол-дарын уағыздады. 

Тариқат жолын ұстанғандардың көпшілігіне намаздың ақиқаты танытылмағаны үшін жəне оған тəн кəмелет нəсіп болмағаны үшін дерттерінің емін басқа нəрселерден іздесті. Мақсаттарына жету үшін мүлдем басқа нəрселерге сүйенді. Тіпті кейбіреулері намаз-ды тариқатқа байланысы жоқ деп те ойлайды. Оразаны намаздан жоғары деп білді. 

Ей, бауырым! Намаз бен музыканың арасы неғұрлым ұзақ бол-са, намаздан пайда болатын рухани кəмелет пен музыкадан алатын нəпсани əсерiң де бір - бірінен соғұрлым алыс. Ақылы бар адам осыншама ишараттан көп сабақ алады. 

Ғибадаттарды орындауға қиналмау адам баласы үшін Аллаһу та’аланың ең үлкен нығметтері. Намаздың лəззатын сезіну бұл жолдың аяғына жетпегендерге нəсіп болмайды. Əсіресе парыз намаздың лəззатына жету тек соларға ғана тəн. Өйткені жолдың аяғына жақындағандарға тек нəпіл намаздардың лəззаты білдіріледі. Ал жолдың аяғында тек парыздардың лəззаттары байқалады. Оларға нəпіл намаздар зауықсыз болып, тек парыздарды орындау үлкен пай-да болып сезіледі.

[Нəпіл намаз - парыз бен уəжіптен басқа намаздар. Бес уақыт намаздың сүннеттері мен уəжіп болмаған намаздардың барлығы - нəпіл намаздар.] 

Намаздардан пайда болатын лəззаттан нəпсіміз ешқандай үлес алмайды. Адам бұл лəззатты сезініп жатқанда нəпсі ыңырсынып қиналады. Йа, Рабби! Бұл қандай үлкен мəртебе! Біз сияқты рухы ауру болғандардың мұны естуі де нағыз бақыт. 

Бұл дүниеде намаздың мəртебесі, дəрежесі ахыретте Аллаһу та’аланы көру дəрежесіндей екенін жақсы біліңіз. Адамның дүниеде Аллаһу та’алаға ең жақын болатын кезі – намаз оқитын уақыты. Ал ахыретте ең жақын кезі – рүйет, яғни Аллаһу та’аланы көрген кез. Дүниедегі бүкіл ғибадаттар адамды намаз оқи алатын бір халге жеткізу үшін қойылған, негізгі мақсат намаз оқу. Мəңгілік бақыт пен шексіз нығметке тек намаз оқу арқылы қауышылады. Намаз бүкіл ғибадаттардан жəне оразадан қадірлі. Намаз уайымдаған жүректерді, мұңды рухтарды лəззатпен толтырады, күнəларды жояды, адамды жамандықтардан сақтайды. Хадис шəрифте: «Намаз - жүрегiмнiң қуанышы жəне сүйiспеншiлiктiң қайнар көз-делінген.Намазрухтың азығы, жүректiң шипасы.»

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы