Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1094 рет оқылды

Намаздың сыры

Имам Раббани «Мəктубат» кiтабының 1-томының 304-хатында былай дейдi: Аллаһу та’алаға хамд, пайғамбарға алейһиссалам сала-уат келтiргеннен кейiн мəңгiлiк бақытқа қауышуыңызға дұға етемiн. Аллаһу та’ала бiрнеше аятта салих амалдар iстеген мұсылмандардың жəннатқа кiретiнiн бiлдiредi. Бұл салих амалдар қайсысы? Жақсы iстердiң барлығы ма, жоқ əлде бiрнешеуi ме? Егер жақсы iстердiң барлығы болса, бұларды ешкiм iстей алмайды. Бiрнешеуi бол-са, нақты қайсысы? Бұны Аллаһу та’ала былайша бiлдiрдi: салих амалдар Исламның бес шарты, тiрегi болып табылады. Исламның бұл бес негiзiн кiмде-кiм шын ықыласымен кемшiлiксiз орындаса, тозақтан құтылары сөзсiз. Өйткенi бұлар негiзгі салих амалдар бо-лып, адам баласын əртүрлi жаман iстер мен əрекеттерден сақтайды. Құран Кəрiмнiң Анкабут сүресiнiң 45-аятында: «Кемшiлiксiз оқылған намаз - адамды лас, жаман iстер iстеуден сақтайды» - делінген. Қандай да бiр адам исламның бес шартын толық орында-са, Аллаһтың нығметiне шүкiршiлiк еткен болады. Өйткенi Аллаһу та’ала «Ниса» сүресiнiң 146-аятында: «Иман келтіріп,шүкiр етсеңiз азап етпеймiн» -деген.Олай болса,исламның бес шартынорындауға шын ықыласпен кірісу керек.

Бұл бес шарттың ең маңыздысы намаз. Ол - дiннiң тiрегi. Намаздың əдептерінен бірде-бір əдебін қалдырмай оқуға тырысу керек. Намаз толық орындалса, исламның негiзгi үлкен іргетасы қаланған болады. Тозақтан құтқаратын арқанды мықтап ұстаған болады. Аллаһу та’ала барлығымызға намазды толық оқуды нəсiп етсiн. 

Намазда тұрғанда «Аллаһу əкбар» деу, Аллаһу та’аланың ешбiр махлұқтың ғибадатына мұқтаж болмағанын, ешбiр нəрсені қажет етпейтіндігін, адамдардың намазының оған пайдасы бол-майтынын бiлдiредi. Намаздың iшiндегi айтылатын тəкбiрлер бол-са, Аллаһу та’алаға лайықты ғибадат ете алмайтындығымызды бiлдiредi. Рүкудағы тасбихтер де осы мағынаға келетiндiктен рүкудан кейiн тəкбiр айту əмiр етiлмеді. Бiрақ сəжде тасбихтерiнен кейiн əмiр етiлдi. Өйткенi сəжде кiшiпейiлдiлiктiң, құлшылықтың, қарапайымдылықтың ең соңғы шегі болғандықтан мұны орындағанда адамның ойына толығымен лайықты ғибадат еттім деген ой келеді. Бұл ойдан сақтану үшін сəжделерге жатып тұрғанда тəкбір айту сүннет болғанындай, сəжде тəсбихтерінде аълə деп айту əмір етілді. Намаз мүминдердiң миғражы болғандықтан, намаздың соңында пайғамбарымыз алейһиссалам миғраж түнінде айту бақытына қауышқан сөздерді, яғни аттахиатуді оқу əмір етілді. Олай болса, на-маз оқыған кісі намазды өзіне миғраж етуі керек. Аллаһу та’алаға жақындаудың соңғы дəрежесін намаздан iздеу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай дейдi: «Адамның Жаратушысына ең жақын болатын сəтi намаз оқыған сəтНамаз оқитын адамЖаратушысымен тілдесуде, Оған жалынып-жалбарынуда, Оның ұлылығын, Одан басқа нəрселердің түкке арзымайтынын түсінуде. Сондықтан намазда қорқу, қобалжу адам бойын билейтiндiктен, осы сезiмдерден арылу үшiн намаздың соңында екi жаққа сəлем беру əмiр етiлдi. 

Пайғамбарымыздың алейһиссалам бiр хадисiнде: «Парыз намазынан кейiн 33 тасбих, 33 таһмид, 33 такбір жəне бір таһлил» - əмір етілді.Мұның себебі,намаздағы кемшiлiктер тасбих арқылытолықтырылады. Лайық болған толық ғибадат орындалмағанын білдіреді. Тахмидпен намаз оқу бақытына қауышудың тек Оның көмегімен болғаны білініп, бұл үлкен нығметке шүкір жəне хамд етіледі. Тəкбір айтумен де Одан басқа ешкімнің ғибадатқа лайық еместігі білдіріледі. 

Намаз шарттары мен əдептерiне сай орындалып, жіберілген кемшiлiктер осылайша жабылады. Намазды нəсіп еткеніне шүкір етіп, ғибадатқа Одан басқа ешкімнің хақы жоқ болғанын шын жүрекпен кəлимаи тауһидті айтумен бұл намаз қабыл болады. Бұл адам намаз оқығандардың жəне құтылғандардың қатарында болады. Йа, Раббым! Пайғамбарлардың ең үстемінің құрметі үшін (алейһи уə ала алиһимуссалауату уəттаслимат) біздерді намаз оқыған жəне құтылған бақытты құлдарынан ете гөр! Əмин.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы