Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   3909 рет оқылды

Намаздан кейiнгi дұға

Əлхамдулиллəһи Раббил алəмин! Ассаляту уəссəлəму алə Расу-лина Мухаммəдин уə əлиһи уə сахбиһи əжмаин. Йа Рабби! Оқыған намазымды қабыл ет! Соңғы демiмде кəлимаи тəуһидтi айтуды нəсiп ет. Өлгендердiң күнəларын кешiр. Аллаһуммағфир уəрһəм уə антə хайрур-рахимин. Тəуəффəни мүслимəн уə əлхиқни биссалихин. Аллаһуммағфир-ли уəлидəййə уəли устазия уə лил-мүмининə уəл мүминат яума йақумул хисаб. Йа, Рабби! Менi шайтанның азғыруынан, дұшпанның қастандығынан жəне нəпсiмнің азғыруынан сақта. Мұсылмандарға саулық бере гөр! Дұшпандарымызды қарғысқа душар қыл жəне істеген істері үшін өкіндір. Кəпiрлермен жиһадта жүрген мұсылмандарды илаһи жəрдемiңмен құтқар. Аллаһумма иннəкə афу-ун каримун туһиббул афуа фафу əнни. Йа, Рабби! Ауруларымызға шипа, дерттерімізге дауа нəсiп ет. Аллаһумма инни əсəлукəссихатə уəл-афийата уəл-əманəтə уə хуснəлхулқи уəрриддаи бил қадари би-рахматикə йə архəмəррахимин. Ата-анама, бала-шағаларыма, туыстарыма жəне мұсылман бауырларыма қайырлы өмір, жақсы құлық, адаспас ақыл, денсаулық, кешірім жəне мол бақыт нəсіп ет, Йа, Раббым! Əмин. Уəлхамду-лиллəһи раббилалəмин. Аллаһуммə салли алə..., Аллаһуммə бəрик алə..., Аллаһуммə Раббəнə атина.... 

Уəлхамду лиллəһи Раббилалəмин. Астағфируллаһ, астағфируллаһ, астағфируллаһ ал-азыйм əлкəрим əллəзи лə илаһə илла һуəл-хайял-қаййум уə əтубу илəйһ.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы