Бейсенбі, 19 Наурыз 2015   |   1517 рет оқылды

Жетiншi бөлiм | НАМАЗ ИСҚАТЫ Өлген кiсiнiң қарыздарын өтеу

«Нур ул-изаһ», «Тахтави», «Халеби» жəне «Дурр-ул-мухтар» атты кiтаптарда намаздың қазасы тақырыбының соңында «Мултеқа»«Дурр-ул-мунтақа», «Виқая», «Дурар» жəне «Жəуһəрə» жəнебасқа құнды кiтаптарда, ораза тақырыбының аяғында, өсиет етіп кеткен мəйіт үшiн исқат жəне дəуір жасау керектігі жазылған. Мыса-лы, «Тахтави» кiтабының түсіндірмесінде: «Тұтылмай қаза болған оразаларды фидйа (ғибадат орнына берілетін айыппұл) беру арқылы исқат (өтеу) етуге болатындығы жайлы насс-дəлелдер бар. Намаз оразадан да маңызды болғандықтан, дінімізге сай үзiрлік себептер-мен оқылмай қалған жəне қазасын өтеуді ұмытса да, өлім халіне жеткен адамның оқи алмаған намаздарын оразадағыдай исқат (өтеу) етуге болатынын барлық ислам ғалымдары мақұлдаған. Намаздың исқаты болмайды дегендер - надан адамдар. Өйткенi, мазһабтардың мақұлдаған мəселесіне қарсы шыққан болады. Бiр хадис шəрифте: 

«Бiр кiсi басқа бiреудiң орнына ораза ұстай алмайды жəне намазоқи алмайды. Бiрақ бiреудiң намазы жəне оразасы үшiн фақир (кедей) кiсiге тамақ беруiне болады» –деп бұйырылған». 

Əһли сүннет ғалымдарының үстемдiгiн түсiне алмаған жəне мазһаб имамдарымызды, өздерi сияқты қиялмен сөйлейтiндерден санайтын кейбiреулердiң «Исламда исқат жəне дəуір жоқ. Исқат христиандардың күнəдан арылуына ұқсайды» – деген сияқты негізсіз нəрселер айтып жүргенін естимiз. Осындай сөздер, айтқан адамдардың өздерiн қауiптi жағдайға түсiреді. Өйткенi Пайғамбарымыз бiр хадисiнде: «Менiң үмбетiм бұрыс жол-да бiрiкпейд–деп айтады.Бұл хадис мужтаһид ғалымдардыңауызбірлігімен айтқандарының əлбетте хақ екенін көрсетiп тұр. Оларға сенбегендер бұл хадис шəрифтi де жоққа шығарған болады. Ибни Абидин үтiр намазы бабында: «Дiнде білінуі шарт болған,яғнисауатсыздарға да мəлім болған ижма үкiмдерiне сенбеген кiсi кəпiр болады»– деген. Ижма деп ғалымдардың ауызбірлігін айтады. Исқат – христиандардың күнəдан арылту ритуалына қалай ұқсатылады? Поптар адамдарды күнəдан тазартамыз деп оларды тонап жатыр ғой! 

Ал, Исламда дін адамдары, имамдар исқат жасай алмайды. Исқатты тек өлген кiсiнiң уəлисі (өсиетін орындаушы) болған туысы ғана жа-сайды жəне ақшаны да дiн адамдарына емес, кедейлерге таратады. 

Бүгiнгi таңда исқат жəне дəуір еш жерде Исламға сай жаса-лынып жатқан жоқ. Исламда исқат жоқ деп сайрайтындар, “исқат жоқ” деп емес, “бүгiнгi күнде жасалынып жатқан исқат Исламға сай емес”- десе дұрыс болатын еді. Біз де оларды қолдайтын едік. Олар осылайша діннің үкіміне қайшы келіп азапқа душар болмай, əрі Исламға қызмет жасаған болар еді. Исқат жəне дəуірлердің дінімізге сай жасалу жолдарын төменде көрсетеміз. Ибн Абидин қаза намаздары тақырыбының соңында былай дейді: «Фаита намаздары [шариғи үзірмен қазаға қалдырып қойған] болған адам, иша-ратпен оқуға мүмкіндігі бола тұрып оқымаған болса, өлер алдында қазасын исқат (өтеу) ету үшiн бiреуге өсиет етуi уəжiп болады. Қаза намазын оқуға күшi жетпеген (қатты ауру) болса, өсиет етуi қажет емес. Рамазанда сафариліктен немесе науқастықтан ораза ұстамаған кiсi де бұлардың қазасын өтеуге мүмкіндігі болмай өлетiн болса, өсиет етiп кетуі қажет болмайды. Аллаһу таала бұлардың үзiрлерiн қабыл етедi. Ауру кiсiнiң қазаларының исқатын ол кiсi өлгеннен кейiн уəлисі өтейдi. Өлмей тұрып исқат етiлмейді. Тірі адамның өзі үшін исқат қылдыруы жаиз емес».«Жила-ул-Қулуб»атты кiтапта: «Мойнында Аллаһу таалаға немесе құлға қарыз болғанкiсi екi куəнiң алдында өсиет етуі немесе жазып қойғанын бұларға оқуы уəжiп, ал мойнында хақ болмаған кісінің өсиет етуі мустаһаб болады»-делінген. 

Қазаларының исқаты (каффарат исқаты) үшiн өсиет қалдырған мəйіттің уəлисі, яғни мирасын айтылған орындарға жұмсау өсиет етілген адамы немесе мұрагері мирастың үште бiрiнен, əрбiр уақыт намаз үшiн жəне үтiр намазы үшiн жəне қаза етiлуi керек болған бiр күндiк ораза үшiн бір пітір мөлшерінде, яғни жарты саъ [520 дир-хам немесе 1750 грамм] бидайды кедейлерге [немесе кедейлердің өкілдеріне] бередi. 

Қазаларының исқатын (каффарат исқаты) мəйіт ешкiмге өсиет етпеген болса, мұрагердің өзінше исқат беруі Ханафи мазһабында шарт емес. Шафии мазһабында, өлген кiсi ешкімге өсиет етпеген болса да оның туысы исқат етуi керек. Ханафи мазһабында мойнын-да кісі (құл) хақысы болған мəйіт өсиет етпеген болса да артында қалдырған мүлкінен туысының өтеуі керек деп айтылады. Тіпті алашақтылар мəйіт қалдырған мирастан ақысын сотсыз да ала ала-ды. Мəйіт оразаның қазасын мүлкімен өтеуді өсиет еткен болса, оны орындау уəжiп болады. Өйткенi, Ислам бұны əмір етуде. Өсиет ет-пеген болса, төлеу уəжiп емес, тек жаиз болады. Бұл екеуi де қабыл етiлмесе, берген ақшалары садақа болып, дүниеден өткен кiсiнiң күнəларының кешiрiлуiне себепшi болады. Имам Мұхаммед осылай деген. «Мəжма-ул-Анһур» атты кiтапта: «Нəпсiсіне жəне шайтанғаерiп, намазын оқымай өмiрiнiң соңында бұған қатты өкiнiп, өтеуге кiрiскен кісінің өтей алмаған намаздарының исқат етілуi үшiн өсиет етуі жаиз емес деп айтылса да «Мустасфа» атты кiтапта оны жаиз деген».-делінген. 

«Жила-ул-қулуб» атты кітапта: «Құл(кісі)хақтарына:өтелетін қарыз, аманат, күштеп алынған, ұрланған мүлік, еңбекақы т.б.; ұрып-соғу, жаралау, рұқсатсыз қолдану сияқты дене хақтары; балағаттау, мазақ ету, жала жабу сияқты көңіл хақтары жатады»-делінген. 

Өсиет етiп кеткен мəйіттiң мүлкiнiң үштен бiрi исқат ету-ге жеткiлiктi болса, мұрагері осы мүлiктен фидйа беруі керек. Үштен бірі жеткілікті болмаған жағдайда, мұрагері жетпегенін өз ризашылығымен беруі жаиз екендігі «Фəтх-уль-қадрда» жазылған. Мəйіт парыз болған қажылығын өтеңдер деп өсиет еткен болса, мұрагері немесе басқа бiреу, қажыға берiлген ақшаны сыйға тартуы жаиз болмайды. Өсиет етпеген мəйіттің мұрагері өз қалауы жəне өз ақшасымен исқат етсе немесе қажыға барса, мəйіттің қарызы өтелген болады. Мұрагерден басқасының ақшасымен бұлардың өтелуі жаиз болмайды дегендер болса да «Дүрр-үл-Мухтар», «Марақ-ил-Фəлах»жəне«Жила-ул-Қулуб»кітаптарының авторлары жаиз болады деген. 

Қазалардың исқаты үшін бидай орнына ұн немесе бір саъ арпа, құрма, жүзіммен де есептеліп беруге болады. [Өйткені бұлар би-дайдан да құнды болғаны үшін кедейге пайдалырақ.] Барлығының орнына құнды болған алтын немесе күміс те беруге болады. [Қағаз ақшамен исқат берілмейді.] Тiлəуат сəждесi үшiн исқат беру керек емес.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы