Бейсенбі, 19 Наурыз 2015   |   1250 рет оқылды

Сегізінші бөлім | Отыз екi жəне елу төрт парыз

Балиғат жасына толған жеткiншек жəне кəпір адам, кəлимаи тауһид,яғни«Лə илаһа иллаллаһ Мұхаммəдəн расулаллаһ»депайтып жəне оның мағынасын бiлiп сенгеннен кейiн мұсылман болады. 

Кəпiр кiсi иман еткеннен кейiн күнəларының барлығы кешiрiледi. Бірақ ол əрбiр мұсылман секiлдi иманның алты шар-тын жаттап, мағынасын үйренуі, оларға сенiп жəне Исламның барлық қағидаларын Мұхаммед алейһиссалам айтқан əмiрлерi мен тыйымдарының барлығын Аллаһу та’аладан келгенiне сендiм деуi ке-рек. Содан кейiн мүмкiндiгі болған кезде барлық мiнез-құлықтардан жəне кездескен істерден парыз болғандарды, яғни əмiр етiлген iстердi жəне харам болған тыйымдарды үйренуі парыз. Бұларды үйренудiң, парыздарды орындаудың, харамдардан сақтанудың парыз екендігін мойындамаса, яғни сенбесе иманы кетеді. Оқып үйренгендерiн ұнатпаса, қабылдамаса мүртед болып, діннен шығады. Мүртед «Лə илаһə иллаллаһ» деумен жəне исламның кейбiр əмiрлерiн орындау-мен, мəселен намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару, қайырлы iстер істеумен мұсылман болмайды. Бұл жақсылықтарының ахыретте ешқандай пайдасын көрмейдi. Қабылдамағанына немесе сенбегенiне тəубе етіп, өкiнуi керек. 

Ислам ғалымдары əрбiр мұсылманның үйренуi, сенуi жəне орындауы керек болған отыз екi парыз жəне оған қоса елу төртін белгiлеген. [Орталық Азияда өткен ғалымдардың кітаптары бойын-ша 40 жəне 70 парыз деп аталады.]

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы