Сейсенбі, 23 Желтоқсан 2014   |   1534 рет оқылды

Дінді жіберуші – Аллаһ Тағала

Аллаһ Тағала адамды Өзін танып, құлшылық ету үшін  жаратқандықтан  дін  жіберді.  Бұл  діннің  негізі «Таухид» (Аллаһтың бірлігі) сенімінен тұрады. Ислам дініне дейін Аллаһ өзінің шынайы, дара жолын үйрету үшін әрбір қауымға, тайпаға, ұлтқа елшілер арқылы дін жіберді.

Ұлы Жаратушының бар екендігіне сенгенімен, қалай құлшылық ету керектігін адам ақылымен шеше алмайды. Сол үшін діни әмір мен тыйымдар келіп отырды. Екінші- ден адамға дін келмесе о дүниеде Аллаһқа: «Уақытында Сенің елшілерің келгенде, шынайы жолды үйреткеніңде біз тозаққа бармас едік. Я, Аллаһ! Әділдігің қайда?!» де- гендей уәж айтары сөзсіз. Міне, осындай сылтау мен же- леуге бірден-бір тосқауыл ретінде  әрбір қауымға жеке- жеке  елші  мен  шариғат  заңы  жіберілді.  Құранда  бұл жайында  былай  дейді:  «Бұрынғы   пайғамбарлардан кейінгі адамдарға (пайғамбар келсе біз тәубе етер едік деп)  сылтау  айтпауы  үшін  жақсы  хабар  жеткізуші, (астамшылық  еткендерді)  ескертуші  етіп,  тағы   да пайғамбарлар жібердік. Аллаһ аса үстем, хикмет иесі» (4.Ниса-165).

Елші келмеген, дін жіберілмеген ешбір қауымның болмағандығын мына аяттар хабар береді: «шындығында Біз  сені  ақиқатпен  (муминдерге)  қуанышты  хабар жеткізуші,  (кәпірлерді)  қорқытушы етіп  жібердік. Қауымдардың қайсысына болса да елші жіберілген» (35.Фатыр-24); «Әрбір үмметтің бір пайғамбары бар» (10.Юнус-47).

Аллаһ қайсы бір қауымға пайғамбар мен шариғат жібермесе,  онда  ол  қауымды  ақыретте  жазаламайды. Өйткені,  Аллаһ Өзін танытатын елші мен діни үкімдер жібермегендіктен, адамдар Аллаһқа қалай құлшылық ету керектігін ақылымен шеше алмай, құлшылық жасаймын деп, Аллаһқа серік қосу немесе күпірлік етіп қоюы әбден мүмкін еді. Сол себепті Құранда: «пайғамбар жіберме- йінше ешкімді  жазаламаймыз» (17.Исра-15) деп анық ескертілген.

Демек, Ұлы Жаратушы өзінің діни шариғатын жібе- ре отырып, оны исламмен тәмамдаған. Ал исламнан кейін қияметке  дейін ешқандай иләһи дін келмейтіні әмбеге аян.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы