Сейсенбі, 23 Желтоқсан 2014   |   4764 рет оқылды

Алғашқы діннің пайда болуы жайындағы ғылыми тұжырымдар

Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер   жүргізген   философтар,   әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде  дінге  түрлі  түсінік  береді.  Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тоте- мизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле- жара  атайды.  Аталмыш  діндер  негізінен  көп  тәңірлік (политеистік)  сенімнен   тұрады.   Ғалымдардың   айтуы бойынша,  алғашқы  қауымдық  құрылыс  уақыт  өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп  тәңірліктен  бастау  алып,  бертін  келе,  бір  құдайға (монотеизм) сыйынудың  қалыптасқандығын айтады. Ал исламның бұл пікірге келіспейтіндігіне төменде тоқталып өтеміз.

Енді осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларға келсек:

а) Анимизм  –  адамның  өмірлік  істеріне  араласатын және адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін не- месе   кедергі  келтіретін  сансыз  «рухани  әлемдердің» болатындығына деген сенім4. Бұл тұжырымның мән-жайы Эдуард Тайлор еңбектерінде біршама қисынды түрде тал- данады. «Анима» латынша «рух» деген ұғымды білдіреді. Яғни, анимизм дегеніміз жанды-жансыз тіршілік атаулы- да болатын рухқа табынушылық.

Тайлордың теориясы бойынша, жан ұғымы - жын шайтандар, түрлі рухтар және рухани мәндер тобына ортақ есім. Алғашқы қауымдық кездегі адамдар үшін ұйқы мен өлімнің маңызы зор еді. Олардың түсінігі бойынша ұйқы - рухтың тәннен шығып серуендеуі және тәнге қайта ора- луы болса, өлім – керісінше, серуендеуге шыққан рухтың тәнге   оралмауы  болып  табылады.  Өлген  адамдардың рухтарының ішінде жақсылары да, жамандары да бар. Ани- мистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар  жаман   рухтардың  жаманшылығынан  сақтану үшін  жақсы  рухтардан  жәрдем  тілеу  арқылы  рухтарға табынған. Нәтижеде «анимизм» деген «дін» пайда болған деген тұжырым жасайды. 

ә) Натуризм  –  французша  табиғат  деген  ұғымды білдіретін «la nature» сөзінен шыққан. Макс Мюллердің (1823-1900) тұжырымы бойынша, алғашқы дін - «нату- ризм». Натуризм «діні» табиғатқа табыну, яғни қоршаған ортадағы  заттарды құдайға айналдырып, соған табыну- дан  тұрады.  Бұл  тұжырым  бойынша,  адам  табиғатпен салыстырғандағы  өзінің  әлсіздігін  сезініп,  апаттардан, жаманшылықтардан  құтылу  үшін  күн,  ай,  от,  тау,  тас секілді түрлі заттарға сиынған.

б) Тотемизм - ру, тайпа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір  түрлері  арасындағы  туыстыққа  сену.  Тотемизм ру мүшелерінің  кейбір жануарларға киелі деп табынуы немесе әр алуан киелі  нәрселерге тәуелді болуы. Тоте- мизм көбінесе егіншілік және  аңшылықпен айналысқан алғашқы қоғамдарда кезігеді.

Француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм (1858-1917) 1912 жылы жазған «Діни өмірдің қарапайым пішіндері» атты  еңбегінде «Тотемизмді» алғашқы дін деп есептей- ді.  Ол   австралиялық  тұрғындар  арасындағы  тотемдік сенімнің кең тарағанын дәлел ретінде алға тарта отырып, осындай тұжырым жасайды6. Шынтуайтында, Дюркгейм Австралияға арнайы зерттеушілік саяхат жасамаған, тек сонда барып келген   саяхатшылардан сұрастыру арқылы аталмыш тұжырымды алға тартады.

в) Магия – ұғымы әр түрлі салт-жоралар мен оған сәйкес  наным-сенімдердің ортақ белгісі болып табыла- ды. Магиялық іс-әрекет – мақсаттылық бағыты бойынша емдеу магиясы (тәуіптік), сақтаушы магия, зиянды магия (көз тию) секілді түрлері болады.

Ағылшын  этнологы,  алғашқы  діндерді  зерттеуші ғалым Джеймс  Джорд  Фрэзер  (1854-1941)  1890  жылы жазған  «Золотая  ветвь»  (Алтын  бұтақ)  атты  ауқымды еңбегінде «магиялық өнерді» дін пайда болғанға дейінгі шынайылық қарым-қатынастың әмбебап формасы болған дейді.  Фрезер  пікіріне  құлақ  түрсек,  магия  белгілі  бір дәрежеде діннің дамуына үлес қосқан болып шығады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы