Сейсенбі, 23 Желтоқсан 2014   |   2702 рет оқылды

Ақида дегеніміз не?

«Ақида» ұғымы араб тілінен аударғанда (сөздік, яки грамматикалық мағынасы) «бір нәрсенің бөлек ұштарын бір  жерге жинау», «топтау» мағынасын береді. Көпше түрі   «ақаид».  Терминдік  мағынасы  болса,  дініміздегі басты  тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, дәлірегі, иман негіздері дегенді білдіреді.

Ақида ұғымы сенім жүйесі ретінде қолданылуымен бірге, белгілі бір мәзхабтың немесе бір мәзхабты құрған имамның иман негіздеріне қатысты айтқан пікірлері мен түсінігін білдіру үшін де қолданылады.

Ислам дінінің сенім жүйесіне қатысты саласын зерт- тейтін  ғылымды «калам» десе, тікелей сенімге байла- нысты  айтқанда  «итиқад»  термині  қолданылады.  Сол секілді  ақиданы  да,  көп  жағдайда  иман  негіздері  деп айтуымызға  әбден  болады.  Яғни,  бұл  иман  негіздері- не «әмәнту билләһ»  дейміз. Әмәнту: «Әмәнту билләһи уә мәләикәтиһи уә  кутубиһи уә русулиһи уәл-яумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шарриһи миналлоһи тағала уәл-бағсу  бағдәл-мәути хаққун. Әшһәду ән лә иләһә иллоллоһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһу» болып айтылады. 

Мағынасы: «Мен Аллаһқа, Оның періштелеріне, кі- таптарына,  пайғамбарларына,  ақырет  күніне,  тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтың жаратуымен болатындығына иман еттім. Өлгеннен кейін қайта тірілу хақ. Аллаһтан басқа ешбір тәңірі жоқ, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)  Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін».

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы