Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1555 рет оқылды

Ғайыпқа иман етудің маңыздылығы

Ислам діні бойынша ең қуатты иман - ғайыпқа сену. Яғни, көрмеген нәрсесіне сену деген сөз. Бұл да Аллаһқа және  Оның  елшісі  Хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.у.),  оның әкелген хабарларына шын жүректен күмәнданбастан се- нумен жүзеге асады. Асылында, иман етудің ең маңызды шарты көзге көрінбеген нәрселерге, яғни ғайып әлеміне сенуден  тұрады.  Адам  баласы   ғайыпқа  иман  келтіру арқылы шынайы мумин сипатын алатындығын мына аят растайды: «Сондай олар көмеске (ғайыпқа) иман кел- тіреді» (2.Бақара-3). Адам көзге көрінетін барлық нәрсеге сенетіндігі сөзсіз. Бірақ, көзге көрінбейтін  нәрсеге сену әркімнің қолынан келе бермесі анық.

Аллаһ біздерге ғайыпқа сенуді бұйырады, яғни ал- дымен Аллаһ өзіне сенуді, періштелеріне сенуді, ақырет күніне сенуді, ақыретте болатын есеп-қисапқа сенуді әмір етеді.  Бұлар,  әлбетте  ғайып  әлеміне  жатады.  Аллаһты ешкім көзімен көрген жоқ, періштені адам көре алмайды және өлгеннен кейінгі өмірге ешкім барып-келмеді. Мұның бәрі біздер үшін қияли нәрсе секілді көрінеді. Күпірлік дегеніміз  осы  қияли  нәрсе  секілді  көрінген  жайттарға сенбегеннен   шығады.   Сондай-ақ,   Хазіреті   Адамның (а.с.)  топырақтан  жаратылғандығын,  оның  періштелер- мен  тілдескенін ешкім көрген жоқ, тек Құран Кәрімде айтылғандықтан осылай деп білеміз. Сондықтан ислам дінінің өзге діндерден бірден-бір ерекшелігі ғайыпқа сену болып есептеледі. Ал көрінетін нәрсеге сенудің исламда ешқандай мәні де, маңызы да жоқ.

Бұл дүниеге Аллаһқа, оның елшілеріне, ақыреттегі өмірге сенбейтін қаншама адам келіп кетті. Міне осындай түсінік пен сенімде болған адамдардың ақыретте Аллаһтың бар және бір  екендігіне, ақырет өмірінің хақ екендігіне көзі жетіп, Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап, жалбарына- тын сәті аятта былайша бейнеленеді: «Күнәһарлардың, Раббыларының жанында  бастарын иіп: «Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, салих амал істейік».  Рас  нандық        дегендерін  бір  көрсең!»  (32. Сәжде-12).

Ғайыпқа  сенудің   негізін   -   «әмәнту   билләһида» айтылған иман шарттарына шын жүректен, ешбір күмәнсіз сенім  құрайды. Дегенмен, адамның көру мүмкіндігінен тыс  әлемдердің бәрі ғайыпқа жатқанымен, олардың бұл мәселеге  қатысы  жоқ  екендігін  айта  кеткеніміз  орын- ды  болар.   Мысалы,  электр  тогы,  ауа,  ақылды  көре алмағанымызбен  бар  екендігіне  сенеміз.  Бірақ  мұндай дүниеге сену иманға жатпайды.

Мұсылман кісі ғайыпқа сенген кезде оның қандай, қалай  болатындығын көп сұрай бермеуі тиіс. Өйткені, дәл ғайып әлеміне байланысты мәлімет Құран мен хадис- те шектеулі түрде  айтылған. Одан арысы мұсылманның иманына   қатысты   жайт.   Мысалы,   ақыретте   амалда- рымызды   өлшейтін  таразының баян етіледі. Бірақ, ол таразының шын мәнінде қандай болатындығы беймәлім. Электронды таразы ма, киломен өлшейтін таразы ма, граммен өлшейтін таразы ма, ол бізді қызықтырмауы тиіс. Біздің міндетіміз сол таразының болатындығына сену ғана. Оның қандай болатындығы бір Аллаһқа аян.

Аллаһ Тағала тақуа құлдарын мадақтап, олардың ерекшеліктерін  айтқан  кезде  олардың  ғайыпқа  сенген- дігін   білдіреді  және  Пайғамбарымызға  былай  дейді:

«шын  мәнінде  сен,  үгітке  еріп,  Рахманды  көрмей- ақ   қорыққан кісілерге ескерте аласың. Аллаһтың жарылқайтынын ең жақсы сауап (берілетінін) айтып, қуанышты хабар бер» (36.Ясин-11).

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы