Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   2217 рет оқылды

Тыйым салынған үлкен күнә істеудің үкімі

Аят пен хадис арқылы қатаң түрде тыйым салынған амалдардың үкімі «үлкен күнәлар» (кәбаир) деп атала- ды. Сонымен қатар кейбір амалдарға тікелей қатаң түрде тыйым салынбағанмен, олардың да үлкен күнәға жататы- нын білдіретін аяттар мен хадистер кездеседі.

Ғалымдардың басым бөлігі күнәларды үлкен және кіші деп бөліп қарастырады. Дегенмен, кейбір ғалымдар күнәнің  үлкені де, кішісі де болмайды дейді. Ал, әһли сүннеттің сенімі бойынша күнәлар үлкен және кіші болып бөлінеді. Күнәлардың ең үлкені - Аллаһқа серік қосу екен- дігі аятта ашық түрде баян етіледі (қараңыз: 4.Ниса – 48).

Хадистерде  үлкен   күнәлардың   сандық   мөлшері жайында  түрлі  деректер  берілгендіктен  ғалымдарымыз да     бұл            мәселеде             әрқандай        пікір    айтады.           Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисі шәрифінде: «Сіздерге үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын ба? Олар: Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы келу және жалған куә жасау» (Бухари, Әдеб-6; Муслим, Иман-38). Бұл ха- дисте үлкен күнәны үшеу деп айтса, мына хадисте жетеу екендігін білдіреді: «Азапқа ұшырататын жеті күнәдан сақтаныңыздар!-  дегенде  сахабалар:  Олар  не?  –  деп сұрады. Олар: Аллаһқа серік қосу, сиқыр жасау, хақсыз (орынсыз) адам өлтіру, жетімнің малын жеу, өсім жеу, соғыстан қашу, намысты және иманды бір әйелге зина жаласын жабу деп жауап береді». (Бухари, Уасия-1200) – дейді.

Ал  басқа  бір  хадисте  осы  айтылған  жеті  күнәға қосымша: ата-анаға құрметсіздік пен мәсжидул Харамда күнә істеуді қосып, үлкен күнәні 9-ға шығарады (қараңыз: Әбу   Дәуіт,   Уасия-10).   Осыны   негізге   алып   кейбір ғалымдар аят пен хадисте айтылған күнәларды жинақтай отырып, санын өте көп қылып көрсетеді. Мысалы Хафиз Зәхәби (өл.748/1347) есімді ғалым «Китабул Кәбаир» атты еңбегінде үлкен күнәлардың жалпы саны 70 деп есептей- ді. Ал, Әбул Хажар әл-Хайтами деген ғалымның пікірі бойынша үлкен күнәның жалпы саны 467-ге жеткен60.

Үлкен  күнәлардың  саны  әр  түрлі  айтылғанымен бұларды  істеген  кісінің  үкімі  не  болады  деген  сұрақ алғашқы мұсылмандар мен ислам мәзхабтарының өзекті мәселесіне  айналды.  Мысалы,  Харижиттер  үлкен  күнә істеп  қойған  мұсылманға  «кәпір»  десе,  Муғтазилиттер ондай кісі иманнан шығады, бірақ кәпір болмайды, иман мен  күпірдің   арасындағы  «фысқ»  мәртебесінде  бола- ды деп пәтуа берді.  Егер тәубе етпестен өлетін болса, Әһли сүннет бойынша, үлкен күнә істеген кісі мумин болып, тек істеген күнәсі үшін күнәһар аталады. Ақыретте істеген сол күнәсі үшін жаза шегіп, соңында жәннәтқа ба- рады. Сондай-ақ  істеген күнәсі үшін бұл дүниеде тәубе етсе,  Аллаһ  кешіруі  мүмкін,  қаласа  жазалауы  мүмкін. Алайда,  оқырмандарымыз   бұл   жерде  мынадай  заңды сауал қоюы да мүмкін: «Үлкен күнә істеген, өмірінде амал етпеген мұсылманды Аллаһ қалайша жәннәтқа кіргізеді? Бұл әділдікке жатпас». Бұған былай жауап беруге болады:

«Біріншіден: біздің сеніміміз бойынша, амал иманның бір бөлігі емес. Екіншіден: Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:

«Аллаһ мумин ерлер мен мумин әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жәннәтында көркем орындар уәде етті. Ал Аллаһтың разылығы өте зор табыс» (9.Тәубе-72). Яғни муминдерге жәннәтты уәде еткен Аллаһ қалайша мумин құлын мәңгілік жәһәннәмда қалдырсын? Себебі, мәңгілік жәһәннам күпірге  барғандардың еншісінде. Үшіншіден: Пайғамбарымыз (с.а.у.)  былай деген: «Жүрегінде тит- тей  иманы  болып,  Лә  иләһә  иллалаһ  (Аллаһтан  басқа тәңірі жоқ) деген адам жәһәннамнан шығады» (Бухари, Китабул иман-41)61. (қосымша қараңыз:  Муслим, Иман-

84; Тирмизи, Жәһәннам-9; Ибн Мажа, Зухд-37).

Мұсылмандар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінен бастап қазіргі таңға дейін мұсылман болып, үлкен күнә істеп   өлген  бауырларының,  туыстарының  жаназасын шығарып,   олар   үшін  Аллаһтан  жарылқау  тілеп,  дұға етуде. Негізінде кәпір болып дүниеден өткен кісілер үшін Аллаһтан  жарылқау   сұрауға  болмайтындығы  «Тәубе» сүресінің 113 аятында айтылған. Егер үлкен күнә істеген дерді кәпір деп есептегенде жаназасын шығармай, дұға етпей,  оларға  Құран  да  оқылмай,  истиғфар  тілемейтін еді.

«Әй,    муминдер!     Аллаһқа шынайы        тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі» (66.Тахрим-8). Бұл аят тәубе етуді бұйырады. Ал тәубе негізінен үлкен күнә үшін жасалатындығын ескер- сек, аятта үлкен күнә істеген пенделерге «Әй, иман еткен- дер, муминдер» деп,  олардың бұл күнәлары үшін кәпір болмайтындығын айтып тұр.  «Хужурат» сүресінің 9-ая- тында да бір-бірімен соғысқан екі мұсылман топқа мумин- дер делінгенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұл жерде де сол аятты қосымша дәлел ретінде ала отырып, үлкен күнә істеген мұсылман кісінің кәпір болмайтындығы жөнінде ой қорытуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы