Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   2250 рет оқылды

Кәпір және күпірліктің түрлері

Аллаһқа және пайғамбарларына сенбеген діннің әмір мен  тыйымдарына  қарсы  келген,  жаратылыс  ақиқатын мойындамаған кісіге «қабыл етпеуші, қарсы келуші, жоққа шығарушы» деген ұғымдарға келетін «кафир» (кәпір) ата- уын береді. Күпірлік тек Аллаһқа, пайғамбарына сенбеу ғана емес, діни үкімдердің қандай да біреуіне қарсы ке- лумен де  орындалады. Адамзат тарихындағы Аллаһтың бар және бір екендігіне сенбеуші, пайғамбардың хақ екен- дігін қабыл етпеуші «материалист» немесе «атеист» жан- дар діни тұрғыдан алғанда кәпір болып есептеледі. Құран Кәрім кәпірлер жайында өте көп сөз қозғайды. Құранда Аллаһқа  сенбеушілер,  Оған  қарсы   келушілер  туралы айтылмаған  сүрелер  кемде-кем  десек  артық  айтқандай болмаспыз.

Аллаһ Тағала өзіне сенбеген яки қарсы келген пен- делерге ақыреттегі азабын баян ете келіп, олардың жан түршігерлік  азапқа  душар  болатындығын  аяттарында нақты айтады. Кәпірлер жайында айтылған кейбір аяттар- ды келтірер болсақ:

«Расында сондай  қарсы  келгендер  және  қарсы болған күйде  өлгендер,  міне    соларға Аллаһтың лағынеті әрі періштелердің және барша адамдардың лағынеті болады» (2.Бақара-161).

«Негізінен       ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел  тозаққа  саламыз  да,  олардың терілері жанған  сайын  азапты  татулары  үшін  оны басқа  терілерге  ауыстырамыз.  шәксіз  Аллаһ  тым үстем, хикмет иесі» (4.Ниса-56).

«Күдіксіз  аяттарымызды  жасынға  айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашыл- майды. Олар түйе иненің көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді. Күнәһарларды осылай  жазаландырамыз. Оларға оттан төсек және үстерінде жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз» (7.Ағраф, 40 – 41).

«Әй, пайғамбар! Кәпірлермен және мунафиқтармен күрес. Оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ, қайтып барар орны қандай жаман» (9.Тәубе-73).

«Сөзсіз  күнәһарлар   тозақтың   азабында   мәңгі қалады. Олардың азабы жеңілдетілмейді де, олар онда күдер үзген түрде қалады» (43.Зухруф, 74-75).

Пайғамбарымыздың да  өмір  бойы  Аллаһ  Тағалаға сенбеушілермен күресіп келгендігі мәлім. Бірақ, Аллаһ дінсіздерге үгіт-насихат дарымайтындығын айтып, олар үшін  қайғырмауды  мына  бір  аятпен  түсіндіріп  өтеді:

«(Мұхаммед  (с.а.у.))   Расында   қарсы   болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрібір. Олар иман келтір- мейді.  Аллаһ олардың жүректерін, құлақтарын біте- ген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар» (2.Бақара, 6 – 7).

Оқырмандарымыз бұл жерде: «Аллаһқа иман ет- пегенімен  мұсылмандардан  да  жақсы  мәміле  жасаған, қолынан келген жақсылығын аямаған басқа дінде де адам- дар  баршылық, бұлардың жасаған жақсылығы ақыретте есептеле ме, әлде олар да кәпірлер секілді азапқа ұшырай ма? Азап шегетін болса жазығы не?» деген сауал қоюлары мүмкін.

Бұл сұраққа төмендегіше жауап беруге болады: Біріншіден:  Аллаһқа  және  иман  негіздеріне  иман етпегендігі  үшін   олардың   жасаған   жақсы   амалдары ақыретте  өздеріне  ешқандай  пайдасы  болмайтындығы мына аяттан белгілі болып тұр: «Негізінен қарсы келіп, кәпір күйінде өлгендер олардың әрбіреуі жер беті тола алтын төлесе де әсте қабыл етілмейді. Міне солар үшін күйзелтуші азап бар. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдем жоқ» (3.Али Имран-91).

Екіншіден: Әлгіндей кісілер Әбу Тәлібтің Хазіреті Пайғамбарымызға (с.а.у.) жасаған жақсылығындай жақсылық   жасамаған болар? Әбу     Тәліб   Хазіреті Пайғамбарымызға (с.а.у.) пана болып, ислам дінінің қуат алуына едәуір көмек көрсеткенімен бұл дүниеден иман- сыз кетті. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) ол кісіге өлер алдында қаншама рет жалбарынды:

-  Уа,  көкешім!  Өлместен  бұрын  кәлимә  шахадат айтшы. Ертең ақыретте Аллаһ Тағаланың алдында сенің мұсылмандығыңа куәлік етейін,- деді.

Сонда Әбу Тәліб:

- Мен ата-бабаларымның ұстанған дінімен өлемін. Егер  мен сенің дініңді қазір қабыл етсем, Құрайыштар мен  өлген   соң  Әбу  Тәліб  өлімнен  қорыққандықтан, Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін қабылдады деп,  сөз айтатындығын білемін, - деп иман етпеген еді.

Хазіреті   Пайғамбарымыз   (с.а.у.)   иман    етпестен дүниеден  өткен  көкесі  үшін  Аллаһтан  истиғфар  тілеп, дұға еткенде мына аят түседі: «Мұхаммед (с.а.у.) расын- да жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ  кімді  қаласа,  оны  тура  жолға  салады.  Сон- дай-ақ Ол тура жол табатындарды жақсы біледі» (28. Қасас-56). Артынан мына аят тағы түседі: «пайғамбарға және муминдерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшриктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды» (9.Тәубе-113). Бұл аят қаншама жақсылық жасаған, 8 жасынан бастап, 50 жасына дейін мүшриктерден қорғап өткен Әбу Тәлібтің тозақтық екендігін білдіреді. Олай болса иман етпеген соң, салих амалдың ешқандай пайдасы жоқ екендігін ұмытпайық.

Күпірлік ету  де  өз    кезеңінде  кейбір  себептермен болып  жатады.  Соған  байланысты  күпірдің  мынадай түрлері болады:

а) Куфри инкари (түбегейлі қабыл етпеу)

Қандай  да   бір   кісінің   Аллаһтың   бар   екендігін, Хазіреті  Мұхаммедтің  хақ  пайғамбар  екендігін  және Аллаһтан әкелген діні мен діни үкімдерді түбегейлі қабыл етпеуі -  «куфри инкари» болады. Ондай кісілер жайын- да Құран былай  дейді: «Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрібір. Олар иман етпей- ді» (2.Бақара-6).

б) Куфри жухуд (біле тұра қабыл етпеу)

Жүрегімен Аллаһтың бар және бір екендігін қабыл етіп, тілімен, сенімін айтпай иман етуге ыңғай танытпаған адамның   күпірлігін  «куфри  жухуд»  дейміз.  Мысалы, шайтаның  күпірлігі  мен Фирғауынның күпірлігі осыған жатады.

в) Куфри инади (қырсықтықтан туындаған күпірлік)

Аллаһтың  тәңірі  екендігін  жүрегімен  біліп,  бірақ Аллаһты тәңірі ретінде мойындауға келгенде шен-шек- пен, лауазым, қызметінен айырылып қалудан қорқып, ис- ламды дін, Аллаһты тәңірі ретінде қабылдамайтындығын айтқанға «куфри  инади» дейміз. Мысалы, Әбу Тәлібтің Құрайыштардың  «Әбу  Тәліб  өлімнен  қорыққандықтан Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін қабылдады»  деп ай- татын сөзі үшін иман етпеуі күпірліктің осы түріне жата- ды.

г) Куфри нифақ (екі жүзділіктен туындаған күпірлік)

Адам    иман     негіздеріне     жүрегімен    сенбестен, өтірік, сырт  көзге  жағыну  мақсатында  тілімен  сенген- дігін  айтқанды «куфри нифақ» дейміз. Мунафиқтардың күпірлігі осыған жатады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы