Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1517 рет оқылды

Мүшрік және серік қосудың түрлері

Аллаһ Тағаланың  жалғыздығына,  теңі  мен  ұқсасы жоқ екеніне қарамастан серік қосушы кісіні «мүшрік» деп атаймыз. Ширк пен күпір сөзі бір-біріне жақын ұғымдар болғанымен,   мағыналары  әр  түрлі.  Күпір  дегеніміз  - иман  негіздеріне  сенбеу,  Аллаһты  тәңірі  деп,  Хазіреті Мұхаммедті  (с.а.у.)  пайғамбар  деп  қабыл  етпеу  болса, ширк  -  Аллаһты  екеу  немесе  бірнешеу  деп  қабылдау болып табылады. Алғашқысы  Жаратушыны, Оның Ел- шісін  қабылдамайды,  соңғысы  Аллаһқа  серік  қосады. Сондықтан,  мүшрік  те,  кәпір  де   Аллаһтың  азабына ұшырайтын қауым болып саналады.

Құранда кәпірлер  және  мүшріктер  деп  жеке-жеке тоқталып, екеуінің өздеріне тиесілі ақыреттік жазалары айтылады. Әсіресе, Аллаһтың өзіне серік қосуды ешқашан кешірмейтіндігі  мына  аятта  баян  етілген:  «Негізінен Аллаһ өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді  қаласа  жарылқайды.  Ал  кім  Аллаһқа  ортақ қосса, расында өте қатты адасты» (4.Ниса-116).

Аллаһ    Тағала    біздерге     серік     қосудан    аулақ тұруымызды, өзіне ғана құлшылық етуімізді, өзінен ғана жәрдем тілеуімізді бұйырады. Бұл жайында да көптеген аят бар. Мысалы:

«Аллаһпен бірге  басқа  тәңірді  шақырма!  Одан басқа ешбір  тәңір  жоқ.  Оның  өзінен  басқа  барлық нәрсе  жоқ болады. үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар» (28.Қасас-88).

«Аллаһқа  бойұсынған  түрде  Одан  қорқа  оты- рып,  намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар» (30.Рум-31). (қосымша ретінде мына аяттарға қараңыз: 39.Зумәр, 65-66; 40.Ғафыр – 66; 41.Фуссилат – 37).

Аллаһқа серік қосудың да бірнеше түрлері болады:

а) ширки истиқлал  (екі құдай қабыл етумен серік қосу)

Аллаһ Тағаланы жаратушы Ие деп қабыл еткенімен, екінші бір тәңірінің бар екендігін яғни әлемді екі құдай билейді деп, құдайды екеу етіп қабыл етушілерді - «ширки истиқлал»   дейміз.   Мысалы,   Мәжусилер   «Жақсылық құдайы», «Жамандық   құдайы»   деп екі құдайға сенеді. Себебі,  әлемдегі  зұлымдық  атаулыны  Аллаһ  жасамай- ды, оны жасаушы екінші бір Зұлымдық  құдайы бар деп ұғынады.

б) ширки тәбғиз (Аллаһ құдайлардан тұрады деп серік қосу) Аллаһ Тағаланың бір екендігіне сенгенімен, Аллаһты бірнеше       құдайлардан   тұрады            дейтіндерді                 «ширки тәбғиз»  дейміз.  Мысалы,  Христиандар  Аллаһтың  Жа- ратушы  Ие  екендігін  қабыл  еткенімен,  үштік  сенімге сенеді. Бұлай сенген адам Аллаһ құзырында кәпір бола- ды: «Расында Аллаһ  үштің үшіншісі дегендер кәпір болды. Бір тәңірден басқа  тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан  тыйылмаса,  олардан  сондай  қарсы келгендерге күйзелтуші азап бар» (5.Майда-73).

в) ширки тақриб  (дәнекер қою арқылы серік қосу) Әлемнің жаратушысы болған Аллаһтың бір екендігін қабыл етумен қатар Аллаһқа жақындастырады деген сенім- мен тастан, ағаштан немесе басқа да бір заттан жасалған пұтқа, мүсінге сиынуды - «ширки тақриб» дейміз. Мы- салы,   Хазіреті  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  дәуіріндегі Меккелік мүшриктер пұтқа осындай сеніммен табынған. Олардың түсінігі бойынша, Аллаһ әрқайсысымызға   бір мезетте  назар  аудара  алмайды,  сондықтан  Аллаһ  пен арамызды байланыстырушы  пұт деп сенді. Бұл жайын- да  Құран  былай  дейді:  «Аллаһқа   иланбай,  басқаға табынғандар: «Оларға шоқынғанда, біз тек солар бізді Аллаһқа жақындастырсын деп шоқынамыз»,- дейді» (39.Зумәр-3).

г) ширки тақлид (еліктеу арқылы серік қосу) Арнайы  түрде  тәңір  ретінде  таңдап  алмаған,  тек ата-бабаларынан бері келе жатқан әр түрлі затқа сиыну- ды - «ширки тақлид» деп айтады. Ата-баба жолын, дінін ұстаймыз  деп  пұттарға  табынушылық  осыған  жатады. Құранда  бұл  мәселені  былай  деп  келтіреді:  «Осылай- ша сенен бұрын бір  мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ олардың  беделділері: «Расында біз аталары- мызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізінен жүреміз», - деді» (43.Зухруф23).

д) ширки  әсбаб  (табиғат  заңдылықтарын  негізге алумен серік қосу)

Әлемдегі әр түрлі заңдылықтардың Аллаһ тарапынан жаратылмағандығын керісінше, өздігінен кездейсоқтық нәтижесінде  жаратылғандығына  сенгендерді  -  «ширки әсбаб»   дейміз.  Мысалы,  материалист  философтардың түсінігін осы бабтағы ширкке жатқызамыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы