Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   2433 рет оқылды

Мунафиқ (екі жүзділік)

Имансыз бола тұра, мұсылман секілді көріну үшін тілімен  иман  еткен  кісіге  «мунафиқ»  дейді.  Мунафиқ мұсылман  ортасында  мұсылман  сияқты  әрекет  етіп, кәпірлердің  ортасына  барғанда  күпірлігін  жалғастыра береді.  Олардың мақсаты сырт көзге мұсылман көрініп, мұсылмандарды   іштей   ыдырату,   алауыздық   тудыру, бүлік шығару. Мунафиқ  есімі жер астында екі іні бар көртышқанға ұқсас. Көртышқан қауіп келгенде қалайша екінші інінен шығып кетсе, сол секілді мунафиқ та орны келгенде  мұсылманмен  бірге  мұсылман  болып,  дінсіз- дерге қауышқанда исламға дұшпан болып шыға келеді.

Мунафиқ жүрегіне әлі иман толық ұяламаған, іштен шыққан жау іспеттес. Мұндай екіжүзді имансыз кісілер адамдарды  алдағанымен,  бүкіл  әлемнің  жаратушысы Ұлы  Аллаһты  алдай  алмайды.  Кәпір  мен  мунафиқты қалай  айырамыз деп сұрайтын болсаңыз: мұсылмандар арасындағы кәпір мен мунафиқтар күріш ішіндегі тас іс- петтес. Күріш  ішіндегі қара тастарды оңайлықпен көре алсақ, мұсылмандар ішіндегі кәпір кісілерді де дәл солай ажырата аламыз. Ал күріш ішіндегі ақ тасты оңайлықпен көре алмаймыз да, тамақ ішкен кезде тісімізді сындырған уақытта барып, ақ тасты шайнап жібергенімізді аңғарамыз. Міне, мұсылмандар ішіндегі мунафиқты да бір қарағанда тани  алмағанымызбен,  басқа  іс   түскенде  оларды  тез айыруға болады.

Пайғамбарымыздың Меккедегі алғашқы жылдарын- да  мунафиқтар  болмағанымен,  олар  Мәдина  дәуірінде бірден көрініп қалады. Себебі, Мәдина мұсылмандардың билігіне  өткендіктен имансыздар ислам дініне, билігіне қарсы шығуға  күштері жетпестен лажсыздан мұсылман іспетті   көрінуге   тырысып,   мунафиқтар   (екіжүзділер) деген атпен жаңа дінсіздер тобы пайда болды. Олар пайда болған уақыттан бастап үнемі  ыңғайлы, оңтайлы, сәтті тұстарды аңдумен өтті. Мақсаттары - мұсылмандар ара- сында  күмән тудыру, бүлік шығару еді. Бәну Мусталиқ жорығында Хазіреті Айша (р.анһ.) анамызға жала жауып, мұсылмандар арасында өсек таратқан мунафиқтар бола- тын. Бәдір мен Ұхуд соғысында мұсылмандарды тастап, шайқастан бас тартқанымен қоймай, мұсылмандардың жі- герін, ықыласын тежеу үшін түрлі сөздер айтып, өздерінің қандай мақсатта өмір сүретіндігін айқын көрсетті.

Аллаһ    Хазіреті    Пайғамбарымызға    (с.а.у.)    сол кезде  кімдердің  мунафиқ  екендігін  уахи  арқылы  біл- діргенімен,  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  пәленше  мунафиқ деп  олардың  ешбірін  әшкере  етпеген.  Пайғамбарымыз (с.а.у.)  сахабаларының ішінен сырласы Хазіреті Хузай- фатул Яманға кімдердің мунафиқ екендігін көзі тірісінде айтып кетеді. Ал  Хузайфа бұл сырды өлгенше ешкімге айтпады.  Негізінен,  Хазіреті  Пайғамбар  мунафиқтарды танығандықтан, олар өлсе,  жаназасына бармайтын. Ху- зайфа да өмірінде солай істеді. Бұл сырды білген Хазіреті Омар  бір  жаназа  шықса,  алдымен  Хазіреті  Хузайфаға қарайтын. Егер Хузайфа жаназа намазын оқуға бармаса, Хазіреті Омар да өлген кісінің мунафиқ екендігін  біліп, жаназасын оқымайтын.

Аллаһ  Тағала  мунафиқтардың  қандай  адам  екендігін арнайы «Мунафиқун» сүресінде кеңінен баян етеді. Мунафиқ ақиқатында кәпір    болғандықтан ақыретте тозақта мәңгілік қалады. Бұл ақиқат. Өйткені, мунафиқтар жайында Құранда: «Негізінен мунафиқтар тозақтың ең төменгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір көмекші таба алмайсың» (4.Ниса-145) – делінеді.

«шексіз Аллаһ  мунафиқтар  мен  кәпірлерді  бір тұтас тозаққа жинаушы» (4.Ниса-140).

«Мунафиқ ерлер мен әйелдер бір-біріне ұқсайды. Олар жамандыққа бұйырып,  игіліктен тосады. 

Сондай-ақ олар сараңдық етеді. Олар Аллаһты ұмытқандықтан Аллаһ та оларды ұмытты. Расында мунафиқтар фасық  кісілер» (9.Тәубе-67).

«Мұхаммед (с.а.у.) мунафиқтарға өздеріне негізінен күйзелтуші азап бар екендігін сүйіншіле» (4.Ниса-138).

Хазіреті       Пайғамбарымыз       мына       хадисімен мунафиқтардың  бойынан  табылатын  басты  ерекшелік- терін   былайша  атап  көрсетеді:  «Мунафиқтың  белгісі үшеу: сөйлеген  кезде өтірік айтады, уәде берген кезде сөзінде  тұрмайды  және  аманатқа  қиянат  жасайды» (Бухари, Иман – 31)68.

Абдуллаһ ибн Амр ибн Астың риуаят етуі бойын- ша, Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді: «Мына төрт қылық кімде болса сол кісі мунафиқ болады: 1. Аманат етілгенде қиянат етеді; 2. Сөйлеген кезде, өтірік айта- ды; 3. Уәде берген кезде, уәдесінде тұрмайды; 4. Куәгер болғанда,  жалтарады»  (Риязус  Салихин.  3  том,  1572 хадис.). Олай болса, осы  айтылған жаман қылықтардан бойымызды аулақ ұстағанымыз абзал.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы