Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1530 рет оқылды

Муртәд (ислам дінінен басқа дінге өтуші)

Муртәд   -    ислам   дінін    қабыл    етіп,    мұсылман болғанымен   кейіннен   кейбір   себептерге   байланысты басқа бір дінге өткен кісі. Муртәд кісі шынайы дін болған ислам   дінінен  шыққан  соң  діни  тұрғыдан  қарағанда иман  етпеген  кісімен  бірдей болып,  істеген  амалының бәрі ақыретте еш болады. Ислам дінінен басқа бір дінді іздеумен  сол  дінге  кіру  Аллаһ  құзырында  қабыл  бол- май,  ақыретте  ондай  пенденің  тозақтық  болатындығы жайында Құранда: «Аллаһтың  қасында  шынайы дін Ислам» (3.Әли Имран-19), «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» (3.Әли Имран – 85) – деген аяттар бар.

Исламды дін ретінде қабыл ете отырып, басқа дінге өту – дініміз бойынша, ең ауыр күнә. Оның жазасы осы дүниеде, әрі ақыретте беріледі. Діннен шыққандар жайын- да Құранда былай дейді: «Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір  күйінде өлсе, олардың амалдары дүние мен ақыретте  де  жойылып  және  олар  тозақтық  болып, олар онда мәңгі қалады» (2.Бақара-217).

«Қиямет  күні  кей  беттер  ағарып,  кей  беттер қараяды.  Сонда  қара  беттерге:  Иман  келтіргеннен кейін  қарсы келдіңдер ме? Ендеше қарсы келулерің себепті азапты татыңдар делінеді» (3.Әли Имран-106).

«Әй,  муминдер!  Сендерден  кім  діннен  шықса, Аллаһ жедел бір қауым әкеледі. Аллаһ оларды жақсы көреді, олар да Аллаһты жақсы көреді» (5.Майда-54).

Муртәд кісі ислам заңдылығы мен тәртібі бойын- ша  тәубе етіп, қайта дінге кіруге шақырылады. Бірне- ше  рет  үгіт-насихат  айтып,  жасаған  әрекетінің  дұрыс еместігі үшін тәубеге келуге үгіттеледі. Егер тәубе етіп, қайта  кәлимә   шахадат  келтірсе,  әлбетте  Аллаһ  оның тәубесін қабыл қылып,  өткен күнәсін кешіреді. Себебі, Аллаһ Құранда былай дейді: «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым!   Аллаһтың   рахметінен   күдер   үзбеңдер. Аллаһ күнәларыңды түгелдей жарылқайды. өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді, - деп айт» (39.Зумәр-53).

«Бірақ  кімде-кім  тәубе  қылса,  сондай-ақ  кім иман   келтіріп,  ізгі  іс  істесе,  міне  Аллаһ  олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте  жарылқаушы, ерекше мейірімді. Кімде-кім тәубе етіп, түзу  іс істесе, рас ол Аллаһқа лайықты түрде қайтқан болады» (25.Фурқан, 70–71).

Діннен шыққан мұсылман кісі айтқан үгіт-насихат- ты  тыңдамай,  айтқанынан  қайтпай,  исламды  шынайы дін деп есептемесе, әһли сүннет ғалымдары ондай кісіге исламның бұйырған «әс-сәләму алайкум уә рахматуллаһ» деген сәлемі берілмейді, сойған малының еті желінбейді, мұсылман әйелмен үйленуіне рұқсат етілмейді, мұсылман әке-шешесіне,  туысына  мирасқор  бола  алмайды,  өлген кезде жаназасы шығарылмайды және мұсылман зиратына жерленбейді деп үкім берген.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы