Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1656 рет оқылды

Аллаһтың бар және бір екендігіне сену

Адамзат  тарихына  көз  жүгіртіп  қарайтын  болсақ, ең алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, бүгінгі күнге дейін өмір сүрген барлық қауымдар бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы  Жаппар  Иеге  сеніп,  өз  танымының  шама- шарқынша құлшылық еткен. Өйткені адам жер бетіндегі тіршілік ішіндегі сана-сезімі бар жалғыз жаратылыс иесі болып табылады. Міне,  сондықтан адам баласы өмірге келген соң, теңдесі жоқ бұл таңғажайып әлем жайында бір мезет ойланбауы мүмкін емес. Ешқандай ақауы жоқ бұл әлемді жаратқан Құдіретті күш иесінің бар екендігіне көз жеткізген адам баласы, сол құдіреті күшті  Жаратушыға сиынған, табынған.

Аллаһ    Тағала     адамдардың    бір     Жаратушыға, яғни   жалғыз   өзіне   табынуын   қалағандықтан,   бірне- ше  пайғамбарлар  жіберіп,  өзіне  қалай  сену  мен  қалай құлшылық  ету қағидаларын білдірді. Және адамды өте көркем бейнеде  жаратып, кәміл жаратылыс иесі ретін- де оған түрлі қасиеттер мен қабілеттерді бойына сіңірді. Ғаламдағы бүкіл нығмет пен  рызық атаулыны адамның игілігіне  ұсынды,  ақ  пен  қараны  ажырату  үшін  ақыл беріп, мұның өтемі ретінде Жаратушыны  танып, соған ғана құлшылық етуді әмір етті. Мысалы, сізге бір кісі еш ақы талап етпей күніне 24 алтын ақша беріп тұрса, және оның бірін ғана сол кісіге жұмсайтын болсаңыз, ондай шартты әлбетте қуана-қуана қабылдар едіңіз. Міне, сол сияқты Аллаһ Тағала адамға бір күнде 24 сағатты тарту етсе, сол 24 сағаттың бір сағатын Аллаһқа құлшылық ету- мен өткізуге болады ғой? Аллаһ Тағаланың пенделерінен талап ететіні сол бір сағаттық құлшылық қана. Күнделікті бес уақыт намазыңызды жинақтап есептесеңіз 1 сағаттан аспайды. Қалған 23 сағаты әлбетте, сіздің  басқа да тір- шілік, һарекеттеріңізге жетіп артылатыны шүбәсіз жайт.

Бүкіл  әлемдердің   Жаратушысы,   барлық   нәрсені жоқтан бар еткен, барлық нәрсені жаратуға құдіреті же- тетін  бір  Аллаһқа  сену  балағитқа  жеткен  әрбір  ақыл есі   дұрыс   пендеге   парыз.   Ғалымдарымыздың   пікірі бойынша, пайғамбар  келмесе де адамдар Аллаһтың бар және бір екендігін  ақылдарымен табуы - уәжіп. Себебі, адамның қабілеті мен ақылы бұған жететіндей деңгейде жаратылған72.

Бізді қоршаған  әлем,  аспан  мен  жердегі  қаншама теңдесі жоқ жаратылыстың баршасы Ұлы Жаратушымыз Аллаһтың бар екендігіне толықтай айғақ бола алады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Жер мен көктің жа- ратылуында  және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында  ақыл  иелері  үшін  (Аллаһтың  бірлігін, барлығын  білдіретін)   айқын  дәлелдер  бар»  (3.Али Имран-190) – деп нақты баян етілген. Және бір аятта Аллаһ Тағала: «Жер мен көктің жаратушысы Аллаһтың бар екендігіне   күмәнданасыңдар   ма?»   (14.Ибраһим-10) – деп бұлтартпас айғақпен ұғындырады.

Алайда,  бір  айта  кетер  жайт,  аспан  мен  жердің арасындағы тіршілікті жоқтан бар еткен, бүкіл әлемдердің жаратушысы  Аллаһ  Тағаланы  толық  мән-мағынасында қамтып түсінуге адамның ақыл-санасы жетпейді. Себебі, адамның болмысы шектеулі. Мысалы, қос жанарыңыздың барлық нәрсені  көруге  құдіреті  жетпейді.  Сол  себепті микроскоп, дүрбі тәрізді аспаптарды көзімізге көмекші ретінде қолданамыз. Құлақпен тек жақын дыбысты ғана ести  аламыз  және  осы  секілді  өзге  де  мүшелеріміздің қабілеттері шектеулі екені белгілі. Олай болса, шектеулі тіршілік иесі адамның шексіз құдірет Иесі Аллаһты толық көріп, біліп тани алмайтыны анық. Аллаһ Тағаланың өзін толық  танып,  білу  былай  тұрсын,  Аллаһтың  жаратқан тіршіліктегі заттар мен құбылыстардың да  қыр-сырына үңілуде     ақыл  шарасыздық  танытып    жатады.    Бізге Аллаһты толық білуді емес, ең бастысы, Оның барлығы мен құдіретіне сеніп, құлшылық ету бұйырылған. Әрине, мәселенің бұлай болуы да бекерден бекер болмаса керек. Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бір  хадис  шәрифте:  «Сендер Аллаһтың  нығметтерін  (жаратқандарын,  құдіретін, ұлылығын) ойлаңыздар. Бірақ Аллаһтың заты жайында ойланбаңыздар» (Китабул әрбайн, 1 т. 90 б.)73  - дейді.

Негізінде адам баласы қандай да бір нәрсені ойлаған кезде,   алдымен   оны   салыстырып,   таразылап   алады. Мәселен, адам өмірінде көрмеген нәрсені алғаш көргенде таңырқап, оның не  екендігін білместен тек соған ұқсас, өзіне  белгілі  нәрсеге  теңеумен  ғана  шектеледі.  Қарды алғаш  көрген  бала  қатты  таңырқап  әкесіне:  «Әкешім! Аспаннан мақта жауып жатыр», - деген екен. Сол секілді адам Аллаһқа сенген соң әлбетте Оның болмысы жайлы ойланады. Аллаһ қандай? Ол қалай пайда  болған? Оны кім жаратты? дегендей сан алуан сұрақтар әрбір пенденің ойын  мазалап,  оған  өз  деңгейлерінде  жауап  іздетеді. Мұндай сәтті шайтан әсте мүлт жібермейді. Басыңыздағы жүйесіз сұрақтар мен қиял, күмәндарды одан сайын үдете түседі.  Мұндайда ең абзалы, сұрақ мазалап, ә дегеннен ойға шабуылдай бастағанда дереу сол жерден кері қайтқан жөн.   Пайғамбарымыз   (с.а.у.)   сахабаларына   Аллаһты түсіндіргенде Оның заты, жаратылысы, болмысы жайлы ойланбауды  бұйырған.  Сонымен қатар, Пайғамбарымыз шайтан адамға  ананы кім жаратты, мынаны кім жарат- ты  деген  сұрақты  сұрататындығын  айта  келіп,  мұндай жағдайға түскен кісіге сол сәтте «Кәлимә-и шахадатты» айтуы керек екенін ескерткен.

Олай  болса,  Ұлы  Жаратушыға  сенім  мәселесінде ешқандай  күмән  мен  жаңсақ  пікірге  бой  алдырмай, Аллаһ  Тағаланы  жалғыз  әрі  жаратылғандарға  мүлдем ұқсамайтын нұқсан сипаттардан пәк деген нақты пайымды ұстанғанымыз жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы