Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1801 рет оқылды

Аллаһтың барлығы мен бірлігін растайтын діни және қисындық (ақли) дәлелдер

Аллаһ Тағаланың бар және бір екендігінің  ең басты дәлелі  қасиетті Құран Кәрім болып саналады. Құранда Аллаһтың жалғыз екендігі, Өзінен басқа тәңірі жоқ екен- дігі мен  құлшылық  иесі екендігі, әуелі мен ақыры жоқ екендігі  және  бар  болу  үшін  еш  нәрсеге  мұқтаж  емес екендігі көптеген аяттарда кездеседі. «Таһа» сүресінің 14- аятында Аллаһ өзінің шынайы тәңірі екендігін былай деп келтіреді: «Рас мен Аллаһпын, Менен басқа тәңірі жоқ. Сондықтан маған  құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында».

«Ол  сондай   Аллаһ   көктерді   тірексіз   көтерді, көріп  тұрсыңдар. Содан соң ғаршыны меңгеріп күн мен айды іске қосты. Олардың әрқайсысы белгілі бір мерзім үшін жүреді.  Бүкіл істерді өзі  жолға қойып, аяттарды   ашық   баян   етеді.   Әрине   Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар» (13.Рағыд-2). 

«Ол сондай Аллаһ сендерге көктен жаңбыр жау- дырып, одан сусын және сол арқылы малдарыңды жа- ятын орман шығарды» (16.Нахыл-10).

«Көктер мен жердің жаратылуы және ондағы жәндіктердің таралуы Оның белгілерінен. Ол олар- ды  қашан  қаласа  да  жинауға  күші  толық  жетеді» (42.Шура – 29).

Міне, Құранда осыған ұқсас аяттар жеткілікті. Мұның бәрі Аллаһ Тағаланың бар екендігіне айқын дәлел болып табылады.  Дегенмен, кейбір адамдар Аллаһтың жалғыз екендігіне   күмәнданып,   санасында   бірнеше   құдайға деген  сенім  қалыптастырады.  Бірақ,  сенімнің  бұл  түрі - күпірлік болып саналады. Құранда Аллаһтың серігі жоқ жалғыз  екендігі «Ықылас» сүресінде анық баяндалады:

«(Мұхаммед (с.а.у.)) Оларға айт: Ол Аллаһ біреу-ақ. Аллаһ еш нәрсеге мұқтаж емес. Ол тумады және туыл- мады. Әрі оған ешкім тең емес».

«Егер жер мен көкте Аллаһтан басқа да тәңірлер болғанда, әлбетте, жер мен көк екеуі де бұзылып кетер еді. ғаршының Раббы Аллаһ олардың жасанды сипат- тарынан пәк» (21.Әнбия – 22).

Ал мына аят христиандардың Аллаһты үшеу дей- тін   түсінігін  жоққа  шығарады:  «Әрі  Аллаһты  үшеу демеңдер,  одан  тыйылыңдар.  Сендер  үшін  жақсы. шынайы түрде Аллаһ бір-ақ Тәңірі» (4.Ниса-171).

Кімде-кім христиандар секілді Аллаһ Тағаланы үшеу десе, ол кәпір болады деп, Аллаһ қатаң түрде ескертеді:

«Расында Аллаһ үштің үшіншісі дегендер кәпір болады.  Бір Тәңірден басқа тәңірі жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі» (4.Ниса – 73).

Құран Кәрімде Аллаһ Тағаланың бар және бір екен- дігін   баян  еткен  аяттардың  көпшілігі  Оны  сипаттау арқылы түсіндіреді. Бұл аяттар әсіресе таухид мәселесіне көбірек тоқталып, Аллаһтың серігі мен ұқсасы жоқ екен- дігін тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп береді.

Құран  аяттарына  назар  салып  қарайтын  болсақ, аяттардың Аллаһты тану тұрғысындағы методологиясы- нан  төмендегідей маңызды мәселелерді бөле-жара кел- тіріп кетуге болады:

- Ұлы құдірет пен хикметтің жемісі болып табыла- тын адамның жаратылысы арқылы, оны осылай кемшілік- сіз етіп жаратқан Аллаһтың бар екендігіне сену.

- Айналамыздағы өмір сүріп жатқан өзге де тіршілік иелеріне көз жүгіртіп, олардың жаратылысындағы шексіз құдірет иесінің шеберлігін мойындап, Оған сену.

-  Табиғаттағы  таңғажайып  үйлесімге,  жалпы  жер бетіндегі   тіршілік   атаулыға   қарай   отырып,   оларды жаратқан құдіреті күшті Аллаһтың бар екендігін мойындау.

- Көктегі жұлдыздар әлеміне, ай мен күннің жараты- лысы мен аспан әлеміндегі планеталардың айналымына, күн мен түннің адам игілігі үшін ауысуына қарап, ойлану арқылы Аллаһтың бар екендігіне сену74.

Міне, бұл  Аллаһтың  бар  екендігі  жайындағы  мол дәлелдердің аз ғана бір бөлігі болып табылады. Негізінде бұл тақырыпқа байланысты дәлелдерді тізбектей берсек таусылмайды.

Енді қисындық дәлелдерге жалпылама шолу жасап көрейік:

а) Адамның жаратылысы: Адам тән мен жаннан тұратындығы мәлім. Осы тән мен жан адамды ізденіс пен зерттеуге итермелеп, өзін жаратқан Жаратушыны табуға бағыт береді. Сонымен қатар адам бойында құдіреті күшті тылсым күшке сену сезімі бар. Сол сезім арқылы адам баласы қысылтаяң кезде Құдайға сиынып, өзін жұбатуға ты- рысады. Бұл санамызға әбден сіңген сезім.

ә) Адам ақылымен айналадағы тіршілік атаулының алғашқы бастамасын ойлау арқылы Аллаһты табады. Мы- салы, бір сағатты алатын болсақ, ол сағатты кім жасады, қалай жасады? Әлде сол күйінде бар болған зат пе еді, деп таразылаймыз. Асылында, сағатты өздігінен жаратылған деп  ешкім  айта   алмайды.  Әлбетте,  оны  жасаған  бір шебердің  бар  екені  анық.  Сол  секілді  мына  әлемді  де жаратқан құдіреті күшті Шебердің бар екендігіне көз жет- кізіп, Аллаһты еріксіз мойындаймыз.

б) Біздің өмір сүруіміз үшін өте тамаша, рет-ретімен, ешқандай кемшіліксіз жаратылған табиғатқа қарай оты- рып,  оның ішіндегі түрлі заңдылықтардың бар екендігі- не көз  жеткіземіз. Міне сол заңдылықтардың өздігінен, кездейсоқтықтан пайда болуы мүмкін емес екендігі бел- гілі.  Мысалы, физика ғылымындағы атом ең кішкентай ретінде заттарды құрайды. Ал заттар атомнан тұрса, сол атом қайдан  пайда болды? Өздігінен бе, әлде біреу жа- ратты  ма?  Әлбетте,   оның  өздігінен  болмайтындығын физиктер кәсіптік тұрғыдан дәлелдеп береді. Олай болса табиғаттағы  заңдылықтарды  ешқандай  қатесіз,  ретпен, өлшеммен, есеппен жаратқан Аллаһтың бар екендігіне де күмән жоқ.

в)    Адамзатты    ойландырып,    ақылын    сан-саққа жүгіртетін   және  бір  мәселе  ол  -  әлемдегі  тіршілік атаулының өмір сүруі мен әрекет етуі. Айналамыздағы жанды  заттарға  тіршілікті  кім  берді,  олар  қалай  өмір сүруде деген сұрақтың жауабы тізбектеле келіп, ең соңғы нүктесі Аллаһ  Тағалаға барып тіреледі де, Оған сенуге мәжбүр етеді.

г) Аспан әлеміндегі сансыз планеталар жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай дәлме-дәл есеппен милиардтаған жылдар   бойы  орасан  жылдамдықпен  үнемі  қозғалыс үстінде. Сондай тамаша жүйенің өздігінен болуы мүмкін емес. Жер бетіндегі тіршілікті асқан шеберлікпен жаратқан Аллаһ аспан әлемін де  солай шебер түрде жаратқанын ақыл еріксіз мойындайды. («Қаф» сүресінің 6-8 аяты бұл тұжырымды айғақтай түседі).

д) Дарвиннің айтқанындай, жануарлар мен жәндіктер шынында да эволюциялық даму немесе өзара күрестің нәтижесінде  жаратылды  ма?  Адам  маймылдан,  май- мыл  бауырмен жорғалаушыдан, бауырмен жорғалаушы балықтан   шықты  деген  қорытындыны  ақылға  салып көрейікші? Олар бір-біріне ұқсай ма? Әрине, олар бір-бірі- не мүлде ұқсамайды және әрбірі жеке бір әлем. Бұл жерде әрбір тіршілік иесі өз  алдына Ұлы Жаратушының бар, бір екендігін, Оның Шебер Жаратушы екендігіне айқын дәлел болады. Әрине, мұнда байыппен ойланған жандар үшін үлкен ғибрат бар.

е) Бүгінде ғылым мен технология дамып, шарықтау шегіне   жетті.  Бірқатар  ғылыми  жаңалықтар  ашылып, ғалымдар Аллаһ Тағаланың бар екендігін қабылдап, ерік- сіз  мойындай  бастады.   Жаратылыста  кездейсоқтыққа орын жоқ екені ғылыми  тұрғыдан  дәлелденді. Мысалы, бүкіл  тіршілік  атаулының  негізін  құрайтын  протейнді алайық. Бір протейнді алып зерттегенде оның 5 элемент- тен, яғни: көміртегі, сутегі, оттегі,  азот және күкірттен тұратындығы анықталған. Сонымен қатар, бір протейнде

40 мың молекула болады. Осы бір протейннің өздігінен пайда  болуы үшін жоғарыдағы 5 элементтің бір жерге жиналып,   протейнді  құрауының  ықтималдығын  ойланып көрелік.  Иә,  математиктердің  есебі  бойынша,  бір протейннің өздігінен жаратылуы үшін 5 элементтің бір жерге  жиналу ықтималы 10160    дәрежесінде 1 ғана екен. Демек, бір протейннің өздігінен жаратылуы үшін қанша жыл  керек  екендігін  ойласаңыз,  таңданбасқа  шараңыз қалмайды: ол -  10243    дәрежесіндей жылға тең. Бір про- тейн үшін осынша миллиондаған жыл керек болса, бүкіл тіршілік атаулы үшін қанша уақыт керек екендігін өзіңіз ойлана беріңіз. Әрине, мұндай қиялы жүйесіздіктен гөрі, бүкіл  әлемді  жаратқан  Аллаһ   Тағалаға  сену  саналық тұрғыдан әлдеқайда ақылға қонымды екені айқын.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы