Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1560 рет оқылды

Бір ғалымды Аллаһтың бар екендігіне сендірген жеті себеп

Нью-Йорк ғылым академиясы төрағасының бірі болып қызмететкен  А.  Гресси  Моррисон  (A.Gressy  Morrison) өзінің  ғылыми  зерттеуінің  нәтижесінде  Аллаһтың  бар екендігін мойындап, өзге де әріптестеріне Аллаһтың бар екендігіне сендіретін жеті себеп атты мақаласын жарияла- ды. Гресси Моррисон: «Ғылым мен технология құдіретті Жаратушының заңдылықтарын біртіндеп ашуда. Ғылыми жетістіктер   көбейген   сайын   Аллаһтың   бар   екендігі дәлелденіп, Оған сенуге мәжбүр болудамыз. Мені мына жеті себеп Жаратушының бар екендігіне сендірді»,- деді.

1) Математикалық,      физикалық      заңдылықтар тұрғысынан ғаламның жоспарын жасаған және сол жос- пар  бойынша тір шілікті жаратқан ұлы бір Сананың бар екеніндігін дәлелдей аламыз.

Қалтаңызда бірден онға дейін нөмірленген он дана тиын салыңыз да, оларды жақсылап араластырыңыз. Енді сол тиындарды біртіндеп рет-ретімен нөмірі бойынша бір- ден онға дейін кезегімен қалтаңыздан шығарыңыз. Бірақ, алған тиынды қалтаңызға салыңыз да, қайтып араласты- рып шығыңыз. Яғни біріншіде 1 тиынды алып, кезегімен 2 санды тиынды шығаруыңыз керек. Осылай бірінен кейін бірін кезегімен шығаруға тырысыңыз. Алғашқы 1 тиынды қалтаңыздан шығару мүмкіндігіңіз онда бір болса, 1 мен 2 санды тиынды кезегімен шығару мүмкіндігіңіз жүзде бір болады. Ал 1, 2 және 3 санды тиынды кезегімен шығару мүмкіндігіңіз мыңда бір ықтималда жүзеге асса, 10 тиын- ды  рет-ретімен  шығару  мүмкіндігіңіз  миллионда  бірге тең келуі мүмкін. Бұл ең алдымен, әлемдегі кездейсоқтық заңдылығын жоққа шығарады.

Жерөзжүйесіндесағатынамыңмилдікжылдамдықпен қозғалуда.  Егер  сағатына  жүз  милдік  жылдамдықпен қозғалса,   күндізгі  уақыт  пен  түнгі  мезгілдің  мерзімі қазіргіден  әлдеқайда  ұзақ  болар  еді.  Ал  күннің  ондай ұзақтығы өсімдіктер атаулының күлін көкке ұшырады. Ал түннің ұзақ болуынан қалған тіршілік атаулы суықтан қатып қалады.

Жер планетасы негізінен 230   қисайып қиғаш тұрады. Мұның өзі жер бетіндегі жыл мезгілдердің ретімен ке- луіне   мүмкіншілік  жасайды.  Егер  жер  планетасы  23 градустық  өлшеммен  қисаймай,  түп-түзу  тұрған  болса мұхиттардан  көтерілген булар солтүстік пен оңтүстікке ығысып, құрлықтарды мұз басар еді (Оқырмандарымызға жердің  қисайып  тұруы  деген   сөзіміз  түсініксіз  келуі мүмкін. Егер қолыңызға глобусты алып қарасаңыз бәрі де бірден түсінікті болады: глобус түзу тұр ма, әлде қисайып тұр ма?).

Ал ай жерге қазіргі қалыпты қашықтығынан 50 мың миль (1 мильде 1848 метр бар) ғана алысырақ болса, жер бетіндегі  тіршілік астаң-кестеңі шығып, барлық құрлық атаулы күніне екі реттен су астында қалып, таулар көпке шыдамай үгітіліп кеткен болар еді. 

Егер жердің сыртқы қабаты 10 қарыс қалың болғанда, оттегі жетпей өсімдік атаулыдан жұрдай боламыз. Ал енді керісінше  ғаламшардың  сыртын  қоршап  тұрған  атмос- фера қабаты қазіргісіне қарағанда жұқа болғанда күніне миллиондаған метеориттар жер планетасына қақтығысып, жер бетінің түкпір-түкпірінде өрт қаптар еді.

Міне, осы  айтылған  мысалдарды  негізге  ала  оты- рып жердің кездейсоқтықтан, не өздігінен жаратылмаған деген қорытынды шығарамыз.

2) Жан деген не нәрсе? Қазірге дейін жанды ешкім толық  түсіне алмады. Оның «салмағы», «бойы», «ені», қандай  екендігі  беймәлім.  Бірақ,  оның  бар  екендігіне ешкім  күмәнданбайды.  Мысалы,  жанның  құдіреттілігі соншалық, жартас арасынан өмір дәнегі бұйырған өсімдік жартасты жарып  шығып, өсуін жалғастыра береді. Бір құдіретті күштің  ықпалымен айналадағы жансыз заттар мен денелерге сый  ретінде берілген тіршілік - осылай түрлі-түсті бейнеде таңғажайып шеберлікпен көрініс та- буда. Мәселен, көзге  көрінбейтін бір плазманы алайық. Өзі мөп-мөлдір, жыбырлап қана әрекет етеді. Бір қызығы, бұл  клетка  осы  әрекеті  арқылы  «өмір»  деген  ұғымды паш етуде. Осы титтей ғана тамшыдағы күш-қуат бүкіл өсімдік,  жануарлар  мен  адамдардың  күш-қуатынан  да орасан.  Себебі,  бүкіл  тіршілік  содан  шығады.  Ал  бұл тіршілікті жаратқан табиғат емес. Өйткені    тау-тастың, теңіздің мұндай нәрсені жаратуға күші жетпейді.  Мұны тек бүкіл әлемдерді жоқтан бар еткен Ұлы Жаратушы ғана жарата алады.

3)  Жануарларда  өзінің  туып  өскен  жеріне  қайта оралу  сезімі  бар.  Аздап  ойланып  көрсеңіз,  бұл  адам таң қаларлық  құбылыс. Оларға бұл сезім қайдан келді? Ойды ой қуып, қисынды қисын қуып, оларға бұл түйсік әлмисақтан берілген, яғни оны беруші де бар болғаны ғой деген тұжырымға келіп, Ұлы жаратушының бар екендігі- не көз жеткізесіз.

Мысалы жыланбалықты алалық. Дүниенің төрт бұрышындағы теңіздер мен өзен-көлдерде тіршілік ететін жыланбалықтар ұрық шашатын шаққа келгенде қаншама шақырым қашықтықты шарлап, мұхиттардан өтіп, Бер- муд  аралдарына жақын маңдағы тұңғиыққа келіп ұрық шашады да, сонда өледі. Бұған қалайша таңданбайсың!? Сол тұңғиықтағы шашылған ұрықтардан шыққан шабақ жылан  балықтар  ата-аналарының  келген  мекеніне  кері қайтады. Біреуі Қара теңізге, біреуі Жерорта теңізіне де- гендей, келген отанына қайта оралып, ары қарай өмірлерін жалғастырады.   Міне   сол   шабақтарға   сондай   сезімді берген кім? Әлбетте, мұндай  сезімді табиғат бере алма- сы анық. Қазірге дейінгі зерттеулер  нәтижесінде Еуро- па теңіздері мен Америка өзен-көлдерінде  өмір сүретін жыланбалықтар кездеспеген.

Осындай таңқаларлық жағдаятты жабайы араның балаларына қорек дайындауынан да байқаймыз. Жердің астын қазып ұя салған жабайы аралар балалары үшін азық дайындардан бұрын шегірткені шағып шұжықтайды. Бір ғажабы, ара шегірткені шаққанда өлтірмей тек талдырып, шала жансар етіп тастайды екен. Уланған шегіртке жәйлап- жәйлап консервіленген ет халіне келеді де, жұмыртқадан шыққан араның балаларына  азық болады. Негізінде ара баласы өлген жәндіктің етін жесе өліп қалады екен.

4. Адамның жануарлардан ерекшеленетін қасиеттің бірі  -   салыстыру,  таразылау  қабілеті.  Адамнан  басқа тіршіліктің   бірде-бірі   санай   алмайды.   Он   санының ұғымын түсінбейді. Адам санасының ойлану мен салыс- тыру, таразылау қабілетіне ие болуының өзі оның кәміл жаратылғандығын көрсетеді.

5. Дарвиннің қателескен нәрсесі - өмір сүруге қажетті алғышарттың бірі тіршілік иесінің бойындағы ген. Мұның таңғажайып қасиетін айтып жеткізу мүмкін емес. Микроскоппен әзер көрінетін бұл мысқалдай гендер әрбір тір- шілік иесінің өзіндік ерекшеліктеріне ие.

Генге мұндай  қасиетті  Ұлы  Ғылым  иесінен  басқа ешкім бере алмайды. Мысалы, бір CD-ге том-том кітап- тарды сыйдырып жіберген адамға мұндай қабілетті бер- ген Аллаһ  микроскоппен әзер көрінетін генге адамның бүкіл ерекшеліктерін оп-оңай сыйдырып жіберері сөзсіз. Бұған ешкімнің күмәні болмас.

6. Тіршіліктегі кейбір әрекеттер мен құбылыстар ке- лешекте болар нәрсеге арналған дайындық ретінде жүзеге асып жатады.

Біраз жылдар бұрын Австралияда қоршау жасамақ болып  кактус егеді. Алайда, кактус бірден көбейіп етек алып кетеді де, тез арада көптеген жерлерді жайлап, жер- гілікті  тұрғындарды   мазалап,  тіпті  мекендерін  тастап көшуге мәжбүр болады.  Кактус жайылған үстіне жайы- лып, Англияның аумағындай  алып жерді алып, қаптап өседі. Кактус мәселесі Австралиялық ғалымдарды шұғыл шара  қолдануға  итермелейді.  Ақырында  ғалымдар  тек кактуспен өмір сүретін, кактустан басқа өсімдікті қорек етпейтін қоңызды табады. Бұл қоңыздардың азығы тек кактустар болғандықтан, олар әлгі қаптаған кактустарды көп  ұзатпай жеп азайтады. Бір қызығы, қоңыздар как- тусты  түгелімен  жым-жылас  етпей,  аз  ғана  алаңқайды қалдырады...

Осы қоңыздарға қарап: «Тез арада жылдам көбейіп кететін   қоңыздар   неліктен   үлкен   болып   кетпейді?» деген  ойға келесіз. Өйткені, қоңыздарда жануарлар мен адамдардың  өкпесі секілді өкпе болмайды және тыныс алу жолдары тар болады. Олардың өсу қарқынына тыныс алу жолдары кедергі болғандықтан дене бітімдері үнемі кішкентай болып қалады.  Осылайша қоңыздардың өсіп, үлкейіп   кетулеріне   шектеу   қойылған.   Шынында   да қоңыздар өздеріне тән даму қарқынымен өсетін болса, жер бетінде адам деген атау қалмас еді.

7. Адам баласының Ұлы Жаратушы туралы ойлай алуының өзі өз алдына бір дәлел.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы