Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   3235 рет оқылды

Аллаһтың көркем есімдері

а) «Аллаһ» сөзі – қайталанбас ұғым

«Аллаһ» сөзі жеке бір есім болып, ешқандай тілге аударылмайды  және  ешбір  тілде  «Аллаһ»  сөзінің  ор- нына  қолданылатын сөз жоқ. Себебі, «Аллаһ» сөзі тек Аллаһ үшін  қолданылады, және бұл сөздің көпше түрі не  мағыналық   басқа   да  нақты  баламасы  болмайды. Құрандағы Аллаһ  ұғымын білдіретін «Иләһ», «Мәулә»,

«Рабб» сөздерінің өзі Аллаһ сөзінің тікелей мағынасын бермейді. Сол секілді қазақ тіліндегі «Құдай», «Тәңірі», сөздері  де Аллаһ атауының орнына дәлме-дәл келмей- ді.  Ал  бұл  терминнің  араб  тіліндегі  баламасы  ретін- де - «Иләһ»,  «Рабб», «Мәулә» сөздерін айтуға болады. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай бұл сөздер де «Аллаһ» сөзінің орнын қай тұрғыдан да болсын (семантикалық не грамматикалық) алмастыра алмайды.

 

б) Аллаһтың ұлық есімдері (Исмул-Ағзам)

Аят пен хадистерде Аллаһ Тағаланың көптеген есім- дері айтылған. Бұл есімдердің әрбірі Аллаһтың сипатта- рымен  тікелей байланысты, әрі мағыналары сол сипат- тардан  алынған. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейбір ха- дистерінде Аллаһтың ең ұлық есімдерін айтып, егер осы есімдер арқылы дұға жасалатын болса, ол дұға-тілектердің міндетті  түрде  қабыл  болатындығын ескерткен.  Ислам ғұламалары осы ұлы есімдер жайында нақты бір шешімге келе алмаған. Өйткені, Аллаһтың барлық есімдері бірдей, бір есім өзге бір есімнен артық, жоғары бола алмайды және ең ұлы есім деп кейбір есімдерді бөле-жарып қарауға тағы болмайды дейді бір топ ғалымдарымыз.

Ал ғалымдардың және бір тобы Аллаһ Тағаланың ең ұлы есімдерінің саны үшеу дейді. Мұндай шешімге келудің себебін олар мына хадиспен түсіндіреді:

«Әсмә  бинти   Язид   Хазіреті   Пайғамбарымыздың былай  дегенін риуаят етеді: Аллаһтың ең ұлы есімдері мына екі аятта айтылған: «Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол аса қамқор (Рахман), ерекше мейірімді (Рахим)» (2.Бақара – 163).

«Әлиф, Ләм, Мим. Аллаһ, Ол сондай Аллаһ. Одан басқа ешқандай тәңірі жоқ. Ол тірі (хай), толық меңгеруші (қойюм)»  (3.Әли-Имран,  1-2).  (Ахмед  б.  Ханбал,  Әбу Дәуіт, Тирмизи).

Келесі бір хадисте былай делінеді: «Әнәстан (р.а.) риуаят   етіледі.   Расулуллаһпен   (с.а.у.)   бірге   мешітте отырған  болатынбыз. Бір мұсылман намаз оқып жатыр еді. Намаздан  кейін ол былай деп дұға етті: «Аллаһым, мен  мақтаудың  саған  тән  екендігін  және  Сенен  басқа тәңірі болмағандықтан Сенен тілеймін. Нығметті берген Сенсің, аспан мен жерді жаратқан Сенсің. Әй, Зул-жәләли уәл-икрам,  әл-Хай  және  Қайюм   болған   Аллаһым...». Расулуллаһ (с.а.у.) бұдан кейін былай  дейді: «Ол адам Аллаһ Тағалаға ең ұлы есімдерімен дұға етті.  Ол исми ағзам, сол есіммен дұға етілген кезде қабыл болады. Ол есімдермен сұралған кезде Аллаһ сұрағанын береді» (Әбу Дәуіт, Тирмизи, Таж, 5-97).

Міне    осы    айтылған    хадис   аясында    ғұламалар Аллаһтың  ұлы  есімдерінен  төмендегі  үшеуін  бөлекше атайды:

1) әл-Хайюл-Қайюм – таухидтің барлық негізі осы екі есімге байланысты.

2) Зул-Жәләли уәл-Икрам – яғни, Аллаһтың Жәләл есімі  Оның бүкіл нұқсан сипаттардан пәк екендігін біл- дірсе, Икрам есімі бүкіл кәміл сипаттардың Жаратушыға тән екендігін білдіреді.

3) Аллаһ – бұл есім Аллаһ Тағаланың бүкіл есімдерін құрайды. Мысалы, Рахман, Рахим, Алим, Қадир сипат- тарына  иесі кім деп сұралса, әлбетте Аллаһ деп жауап беріледі.

 

в) Аллаһтың ең көркем есімдері (әсмәул - хусна)

Құран Кәрімде Аллаһ Тағаланы сипаттаушы есім- дер айтылғандай және бұл есімдермен қоса өзге де есім- дерге  «әсмәул хусна» (ең көркем есімдер) деп атаймыз. Есімдердің ең әдемісі, ең көркемі әлбетте Аллаһтың есім- дері болып табылады. Себебі, Аллаһтан басқа ешбір нәрсе кәміл, кемшіліксіз емес. Құран бұл жайында: «Ол Аллаһ. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең  көркем аттар Оған тән» (20.Таһа-8).   Және бір сүреде: «Ол  Аллаһ, жара- тушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі нәрселердің барлығы Оны дәріптейді. Ол өте үстем, Аса дана» (59. Хашыр-24) – дейді.

Құран Кәрім мен сахих хадистерде Аллаһ Тағаланың көптеген  есімдері  айтылған.  Біз  осы  есімдер  арқылы Аллаһты танимыз. Ал сол есімдер арқылы дұға жасаудың абзал   болатыны  мына  аятта  айқын  байқалады:  «Ең жақсы  атаулар  Аллаһқа  тән.  Оған  сол  аттарымен жалбарыныңдар»        (7.Али                                  Имран-180).                  Осы    мәселе тұрғысында келесі бір аятта былай делінеді: «(Мұхаммед (с.а.у.)) оларға айт: Мейлі Аллаһ деп, немесе Рахман деп дұға етсін. Қайсысымен дұға етсеңдер, атасаңдар да ең көркем аттар оған тән» (17.Исра-110). 

Хазіреті Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бір  күні  Хазіреті

Айша (р.а.) анамызға:

- Я, Айша! Аллаһ Тағала маған қабыл болу тұрғысынан қай  есімімен  дұға  жасаудың  абзал  екенін  үйреткенін білетін бе едің?, – деп сұрайды. Хазіреті Айша (р.а.):

- Әке-шешем саған пида болсын, уа, Аллаһтың Ел- шісі! Соны маған үйретіңіз, - деген кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Әй, Айша! Ол есім саған үйретілмегені дұрыс, - деп жауап береді.

Бұдан кейін  Хазіреті  Айша  (р.а.)  анамыз  ол  жер- ден  тұрып кетеді де, біраз уақыттан кейін қайтып келіп Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) басын сүйіп:

- Я, Расулуллаһ! Өтінем, маған сол дұғаны үйретіңізші, - дейді. Расулуллаһ тағы да:

- Әй, Айша! Ол есімді саған үйрете алмаймын. Өйткені сен ол есіммен дүниелік бір нәрсе сұрайтын болсаң, дұрыс болмайды, - деп жауап береді. Хазіреті Айша (р.а.) ана- мыз осы жауаптан кейін тұрып кетеді де, дәрет алып екі рекат намаз оқиды. Артынан Аллаһ Тағалаға былай деп дұға етеді:

- Уа, Раббым! Мен Сені «Аллаһ» деп шақырамын, дұға  етемін. Әр-Рахман,  әл-Бәрр  және  әр-Рахим  деп шақырамын. Білетін білмейтін бүкіл ең әдемі есімдеріңмен Сені  шақырамын. Мені кешіруің және маған мархамат етуің үшін саған дұға етіп жатырмын!

Хазіреті Айша (р.а.) анамыздың осылай дұға еткенін естіген Расулуллаһ (с.а.у.) күлімсіреп былай дейді:

-   Шынында да әлгі есімдер сенің жасаған дұғаңның ішіндегі есімдер! (Ибн Мажа, Дуа – 9)79.

Жоғарыда келтірілген аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында ең бастысы Аллаһтың ең көркем есімдері  арқылы  барынша  шынайы,  терең  ықыласпен жалбарыну болмақ.

Аллаһ  Тағаланың   есімдері   өте   көп,   бірақ   сол есімдердің ішіндегі 99-ы мәшһур есімдер болып таныла- ды.  Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис-шәріпте:

«Аллаһ Тағаланың 99 есімі бар. Кімде кім сол есімдерді санап айтатын болса, жәннәтқа кіреді» (Бухари, Кита- бул шурут – 1193)80  - дейді.

Міне, бұдан Аллаһтың 99 есімін санап айтудың өзі жәннәтқа апаратын бірден-бір амал екендігі мәлім болып тұр. Бұның өзі бір жағынан аз амалмен көп сауап алудың жолын көрсетеді.

1. Аллаһ

2. әр-Рахман – аса қамқор

3. әр-Рахим – аса мейірімді

4. әл-Мәлик – бүкіл әлемдердің егесі, әміршісі

5. әл-Қуддус – барша кемшіліктен пәк, қасиетті

6. әс-Сәлам – жаратқандарын амандықта ұстаушы

7.    әл-Мумин    –    жүрекке    иман    беруші,   азаптан қорғаушы

8. әл-Мухаймин – әр уақыт өз саясына алушы, үкімінің астына алушы

9. әл-Азиз – ұлы, жеңілуі мүмкін емес жеңімпаз

10. әл-Жаббар – өзінің үкімін барша әлемге жеткізуші, қалағанын күштеп жасатушы

11.   әл-Мутәкәббир   –   барлық   нәрседе   ұлылығын көрсетуші

12. әл-Халиқ – барлық нәрсені жаратушы, жоқтан жа- ратушы

13. әл-Бари – кемшіліксіз жаратушы

14. әл-Мұсаууир - әрбір қалаған нәрсесіне бейне беруші

15. әл-Ғаффар – күнәларды кешіруші, жарылқаушы 

16. әл-Қаһһар - қалаған нәрсесіне үстем болушы

17. әл-Уаһһаб – түрлі нығметтерді қайтарымсыз беруші

18. әр-Раззақ – жаратылғандардың рызық – несібесін беруші

19. әл-Фаттах – хайыр есіктерін ашушы

20. әл-Алим – барлық нәрсені өте жақсы білуші

21. әл-Қабид – рухтарды алып қалушы, жан алушы

22. әл-Басит – рызықты молайтушы, өмірді ұзартушы

23. әл-Хафид – кәпірлердің беделін түсіруші

24. әр-Рафиғ – муминдерді көтеруші, жоғарылатушы

25. әл-Муиз – ұлықтаған, ізеттілік пен күш беруші

26. әл-Музил – қиыншылықпен сынаушы

27. әс-Сәмиғ – барлық нәрсені естуші

28. әл-Басир – барлық нәрсені көруші

29. әл-Хакәм – үкім беруші, жақсыны жаманнан айырушы

30. әл-Адил - әділетті

31.   әл-Латиф   –    құлдарына   Лұтуф   етуші,   түрлі пайдаларға кенелтуші

32. әл-Хабир – барлық нәрседен хабардар

33. әл-Халим - пенделерге жаза берерде жұмсақ болушы

34. әл-Азим – заты мен сипаттарында өте ұлық

35. әл-Ғафур – аса кешірімді, жарылқаушы

36. әш-Шәкур – аз амалға көп сауап беруші, шүкіршілік иесі

37. әл-Алии – өте жоғары

38. әл-Кәбир - өте үлкен

39. әл-Хафиз – сақтаушы, бәлекеттерден қорғаушы

40. әл-Муқит – әрбір жаратылғандардың азығын беруші

41. әл-Хасиб - әрбір пенденің ғұмырлық һарекетінен есеп алушы

42. әл-Жәлил – ұлылық иесі

43. әл-Кәрим – өте жомарт

44. әр-Рақиб – барлық жаратылысты бақылаушы

45. әл-Мужиб – дұғаларды қабыл етуші 

46. әл-Уасиғ – ілімі мен мейірімі кең

47. әл-Хаким – хикмет иесі, бүкіл ісінің хикметі бар

48. әл-Уәдуд – ізгі құлдарын жақсы көруші

49. әл-Мәжиид – беделі, аты өте жоғары және есімдері әдемі

50. әл-Баъис – өлгеннен кейін тірілтуші, пайғамбар жі- беруші

51. әш-Шахид – әрбір нәрсеге куә болушы

52. әл-Хақ  –  бар  екендігінде  ешқандай  өзгермеген, ақиқат, шынайы

53. әл-Уәкил – құлдарының істерін орындаушы

54. әл-Қауи – өте күшті

55. әл-Мәтин – өте берік, күшті

56. әл-Уәли – муминдерге дос әрі көмекші

57. әл-Хамид – мақтау мен мадаққа лайық

58. әл-Мухси – әрбір нәрсенің санын білуші

59. әл-Мубди – тіршілікті жоқтан бар етуші

60. әл-Муид – жаратылғандарды өлтіріп, қайта тірілтуші

61. әл-Мухи – тірілтіп, өмір беруші

62. әл-Мумит – жанды бір мақлұқтың жанын алушы

63. әл-Хай – тірі

64. әл-Қайюм – барлық нәрсені ұстап тұрушы

65. әл-Уәжид – қалағанын қалаған уақытта табушы

66. әл-Маажид – барлық есімдерімен жоғары, ұлық пәк болған

67. әл-Уахид – затында, сипаттарында, есімдерінде жалғыз

68. әс-Самад – еш нәрсеге мұқтаж емес

69. әл-Қадир – қалаған нәрсені істеуге құдіреті жетеді

70. әл-Муқтадир – барлық нәрсеге күші жетуші

71. әл-Муқаддим – қалаған нәрсесін қалауы бойынша бірінші кезекке қоюшы

72. әл-Муаххир – қалаған нәрсесін кейінге шегеруші

73. әл-Әууәл – бастауы болмаған

74. әл-Ахир – соңы болмаған

75. әз-Захир – бар болуы ашық болған

76. әл-Батин – заты мен болмысы жасырын болған

77. әл-Уали - әлемді жалғыз өзі басқарып иелік етуші

78. әл-Мутәали – нұқсандықтардан пәк

79. әл-Бәрр – құлдарына деген жақсылығы көп

80. әт-Таууаб – тәубелерді қабыл етуші

81. әл-Мунтақим – күнәні әділ түрде жазаландырушы

82. әл-Афуу – кешірімшіл

83. әр-Рауф – мейірімі көп

84. Маликул–мулк – мүліктің, дүниенің шынайы егесі

85. Зул-жәләли уәл-Икрам – ұлылық пен жомарттықтың иесі

86. әл-Муқсит – әрбір істі ретімен, уақытымен жасаушы

87. әл-Жамиғ – қалаған нәрсені қалаған уақытта бір жерге жинаушы

88. әл-Ғани – өте бай, ешкімге мұқтаж емес

89. әл-Муғни – қалаған пендесін бай етуші

90. әл-Мани – қалаған нәрсеге кедергі бола алушы

91. әд-Дзарр – қалағанын зиянға душар етуші

92. ән-Нафи – қалағанына көп пайда беруші

93. ән-Нур – нұрландырушы, нұр беруші

94. әл-Хади – дұрыс жолға салушы, хидаят беруші

95. әл-Бадиғ – ешқандай үлгісіз, мысалсыз жаратушы

96. әл-Бақи – мәңгілік, соңы болмайтын

97. әл-Уарис – мүліктің шынайы иесі

98. әр-Рашид – жол көрсетуші

99. әс-Сабур - асқан сабыр иесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы