Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1637 рет оқылды

Періштелердің ерекшеліктері

Періштелер нұрдан жаратылғандықтан, сол жараты- лысына тән өзіндік ерекшеліктерге ие. Олардың бұл ерек- шеліктерін төмендегідей реттілікпен жүйелеп көрсетуге болады:

1. Періштелер нұрдан жаратылған көзге көрінбейтін тіршілік иесі. Олар ішу, жеу, жынысқа бөліну, үйлену, ұйықтау, шаршау, жалығу, жас, кәрі болып бөліну секілді адамзатқа тән сипаттан ада. Олар Аллаһқа құлшылық ету ісінде  ешқандай шаршау дегенді білмейді. 24 сағаттың ішінде   толассыз  құлшылық  ете  береді.  Құранда  бұл жайында:  «Көктер мен жердегілер Аллаһтыкі. Оның қасындағылар  Оған құлшылық қылудан дандайсы- майды да  шаршамайды. Олар күндіз-түні Аллаһты дәріптеуден (тасбих айтудан) жалықпайды» (21.Әнбия, 19-20) - дейді.

Жоғарыда      айтып      өткеніміздей      періштелерде жынысқа бөліну, яғни әйел, еркек деген ұғым жоқ. Егер біз  періштелер әйел, еркек болып бөлінеді деп айтатын болсақ, күнәһар әрі өтірікші боламыз: «Олар Аллаһтың құлдары   періштелерді  өздерінше  әйелдерге  балай- ды. Олар  періштелердің жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылып, сұралады» (43.Зух- руф-19). «Енді олардан сұра: «Қыздар Раббыларыныкі де, ұлдар олардыкі ме? Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә  ме? Сақ болыңдар! Олар өтіріктерін сапыра береді» (37.Саффат, 149-151).

«Сөз жоқ, періштелерді әйел жынысы дейтіндер

–  ақыретке  сенбейтіндер.  Бұл  сөздерінде  ешқандай негіз жоқ, тек құрғақ қиялға сүйенеді, ал құр болжам ештеңеге тұрмайды» (53.Нәжм, 27-28).

2. Періштелер Аллаһқа ешқашан қарсы келмейді. Тек Аллаһтың әмірлерін бұлжытпай орындайды да, қандай мақсат үшін жаратылған болса, соны ғана істейді. Үнемі Аллаһты дәріптеумен, мадақтаумен, тасбих айтумен бола- ды. Періштелердің бұл кейпін Құран аяттары анық түрде біздерге білдіреді. Аяттарда былай дейді:

«өздерінен үстем болған Раббыларынан қорқады. Әрі берілген бұйрықтарды орындайды» (16.Нахыл-50).

«Сонда олар: «Аллаһтың баласы бар» деді. Аллаһ одан  пәк. Олай емес, періштелер ардақты құлдары. Олар одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар Оның әмірін ғана орындайды» (21.Әнбия, 26-27).

«(Мұхаммед (с.а.у.)) періштелерді ғаршының ай- наласында  Раббыларын  дәріптеген  түрде  көресің» (39.Зумәр – 75).

«періштелер Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы  келмейді.  Не  бұйырылса,  соны  орындайды» (66.Тахрим – 6).

3. Періштелер қанатты болғандықтан өте жылдам әрекет етеді.  Күш-қуаттарының молдығы сондай, олардың күші жетпейтін нәрсе жоқ. Жылдамдықтары біздің қиялымызға келмейтіндей  дәрежеде өте жылдам, аспан мен жерді бір сәт ішінде аралап шығатындай қабілетке ие. Бірақ, олардың аталмыш ерекшеліктері әркез Аллаһ Тағаланың рұқсатымен ғана жүзеге асады. Осы  айтылған ерекшеліктер төмендегі аяттан да белгілі болып отыр:  «Көктерді және жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Аллаһқа барлық мақтау лайық. Ол  жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз Аллаһтың әр  нәрсеге толық күші жетуші» (35.Фатыр – 1).

Аятта  періштелердің  қанаты  болатындығы  айты- лады.  Сондықтан да мұсылман кісі үшін періштелердің қанаты  болатындығына сенуі парыз. Ал періштелердің қанатының   қандай  екендігін  оларды  жаратқан  Аллаһ Тағала мен періштені өз бейнесінде көрген пайғамбарлар ғана біледі. Періштелердің қанаттарының әртүрлі болуы олардың   Аллаһтың   әмірлерін   орындау   барысындағы жылдамдығы мен Аллаһ құзырындағы дәрежелеріне байланысты .

«Көкті   төңіректеп    періштелер   ұшып    жүреді. Раббының аршысын сегіз періште (төбелеріне) көтеріп тұрады»   (69.Хаққа-17).   Аллаһтың   жаратқандарының ішіндегі ең үлкені – Арш. Міне осыншама үлкен нәрсені қияметке дейін 8 періште көтеріп жүретін болса, олардың қаншалықты алып  екенін және де орасан зор күшке ие екенін көзге елестету де, ойлау да мүмкін емес.

Періштелер  әп-сәтте  өте  ұзақ  қашықтықтағы  бір мекенге  барып-келу  қабілетіне  ие.  Шамамен  айтсақ, періштелердің  жылдамдығын  жарық  сәулесіне  теңеуге болады.  Мәселен, жарық сәулесінің жылдамдығы 1 се- кундта 300 000  шақырым делік. Сол секілді періштелер де 1 секундта 300 000 шақырым, бәлкім одан да жылдам қозғалар. Ал жер шарының  диаметрі   40 000 шақырым екенін ескерсек, періште көзді ашып-жұмғанша жер шарын

7 рет айналып шығу қабілетіне ие болып шығады. Деген- мен періштенің көкке шығуы, түсуі адамдардың әрекетіне ұқсамайды.  Олар  осыншама  жылдам  бола  тұрып,  кей- бір мекенге жету үшін бір күндік уақыт жұмсайды: «Ол жоғары  орынға  періштелер  және  Жәбірейл  бір  күнде шығады.  Оның   қашықтығы  (жер  өлшемімен)  50 000 жылдық» (70.Мағариж – 4).

4. Періштелер Аллаһтың әмірі мен рұқсаты бойын- ша    түрлі   бейнеге           өте      алады. Мәселен,        Жәбірейл Пайғамбарымызға  (с.а.у.)  уахи  әкелгенде  кейде  Дихя есіміндегі сахабаның бейнесінде келген. Сонымен қоса, ешкім  танымайтын  өзге  де  кейіпте  келетін  кездері  де болған. Құранның мазмұндық желісіне сүйенсек, періште- лер Аллаһтың  әмірі бойынша адам бейнесінде Хазіреті Мариям анаға, Ибраһим (а.с.) және Лұтқа (а.с.) келген.

Мариям   анаға    Аллаһ   Иса    пайғамбарды   әкесіз туылатындығын білдіру үшін Жәбірейлді адам бейнесін- де  жібереді:  «(Мұхаммед  (с.а.у.))  Құрандағы  Мариямды айтып бер. Сол уақытта ол тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға некеленіп барды. Сонда олардың бер   жағынан  шымылдық  ұстап  қойған  еді.  Сондай- ақ оған  рухымызды (Жәбірейлді) жібердік те, ол оған толық  адам  бейнесінде  көрінді.  (Мариям):  «Егер  сен тақуа болсаң да, сенен Аллаһқа сиынамын», деді. (Рух):

«Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін»  деді» (19.Мариям, 16-19).

Ал, Ибраһим (а.с.) пайғамбарға келген періште оған ұлды болатындығын білдіріп сүйіншілейді. Хазіреті Иб- рахим пайғамбар әдепкіде оларды құдайы қонаққа балап, ас дайындайды. Аятта бұл мәселе былайша баян етіледі:

«Расында елшілеріміз  (періштелер)  Ибраһимге  хош хабармен  сәлем  берді.  Ибраһим  олардың  сәлемін алып,  сонда дереу пісірілген бұзау әкелді. Ибраһим олардың  қолдарын оған тигізбегенін көріп, оларды жатырқады  да  олардың  бұл  әрекетін  жақтырмады. Олар: Қорықпа! Расында біз Лұт қауымына жіберіл- дік, деді». (11.Худ, 69-70).

5. Періштелердің ең басты ерекшелігі – олардың көзге көрінбейтіндігі. Періштелердің көзге көрінбеуі олардың нұрдан  жаратылу ерекшелігі мен біздің оларды көруге қабілетіміздің жетпейтіндігін білдіреді. Егер Аллаһ бізге толықтай кәміл көру қабілетін беретін болса, онда біз пе- ріштені де, қала берді шайтанды да көрер едік. Бірақ, бұл Аллаһтың заңдылығына үйлеспейді. Асылында, періште- лерді тек пайғамбарлар ғана өз бейнесінде көре алады.

6.  Періштелер  ғайыпты  яғни  келешекті  білмей- ді.  Себебі,  ғайып,  тек  Аллаһ  Тағалаға  ғана  аян.  Ал, періштелердің тек Аллаһтың үйреткен нәрселерін ғана біле алатындығы аятта анық айтылған: «Аллаһ Адамға (а.с.) атауларды тегіс үйретті де сонан соң оларды пе- ріштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. пе- ріштелер: Сен пәксің! Біз Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың деді» (2.Бақара, 31-32).

Ал мына аят ғайыпты, яғни келешекті Аллаһтан басқа ешкімнің білмейтіндігін паш етеді: «ғайыптың кілттері Оның жанында. Оны Ол өзі ғана біледі» (6.Әнғам – 59).

«Көктер  мен  жердегі  көместі  (ғайыпты)  Аллаһтан басқа ешкім білмейді» (27.Нәмл – 65).

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы