Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1692 рет оқылды

Аллаһ Тағала тарапынан түскен қасиетті кітаптарға иман

Аллаһ Тағала жаратылыстардың ішіндегі ең ұлығы адамдарға тура жолды үйрету мен ақиқатқа жету, халал мен харамды айыра білу үшін пайғамбарларына парақтар мен кітаптарын түсірген. Міне, осы түсірілген кітаптарға деген сенім  бүкіл адамзатқа парыз әрі бұл иман негіз- дері  болып  есептелінеді.  Құранда  бұл  мәселеге  байла- нысты: «Адам  баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Аллаһ қуандырушы,  қорқытушы   пайғамбарлар    жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді» (2.Бақара – 213) - дейді. Және бір жерінде: «(Мұхаммед (с.а.у.)) олар саған түсірілгенге  әрі  сенен  бұрынғы  түсірілгенге  сенеді және ақыретке анық нанады» (2.Бақара- 4) деп келеді.

Аллаһ Тағаладан жеткен Қасиетті Құран мен өзге үш кітапқа сенбеген жан иман еткен болып саналмайды:

«Әй, муминдер!  Аллаһқа,  пайғамбарына  және  оған түсірілген Құранға сондай-ақ одан бұрынғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал, кім Аллаһқа, періште- леріне,  кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне иман етпесе,  қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты» (4.Ниса-136). Егер де  қайсыбір адам адамзаттың соңғы пайғамбары Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) және Аллаһтың кітабы қасиетті Құран Кәрімге сенбесе, онда ол алдыңғы пайғамбарлар мен түсірілген өзге де қасиетті кітаптарға да сенбеген болып табылады. Құран бұл жайында былай дейді: «(Мұхаммед (с.а.у.)) Егер олар сені мойындама- са, сенен алдыңғы ашық дәлелдер, нұсқалар және түрлі кітап  келтірген  пайғамбарларды  да  мойындамаған болады» (3.Али Имран-184).

Адамзат баласына Аллаһ тарапынан қасиетті кітаптар мен  қатар, жекелеген парақшалар түскендігі жайлы аят пен хадистерден білеміз. Алайда, Құраннан бұрын түскен қасиетті  кітаптар  заман  өте  келе  түрлі  өзгертулермен бұрмалауға ұшырап, түпкі нұсқасынан біршама алшақтап кеткені белгілі. Ал,  парақшалар жайында нақты дерек- тер жоқ. Сол себепті де, біз иман ету мәселесінде түпкі нұсқасы өзгеріске түскен қазіргі  Таурат, Забур мен Ін- жілді басшылыққа ала алмаймыз. Тек қана,  бізге жеткен қасиетті  кітаптардың  ішінен  ілкі  мазмұны  өзгермеген асыл  нұсқасына ғана иман етеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы