Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   2405 рет оқылды

Забур кітабы

Забур – Хазіреті Дәуіт (а.с.) пайғамбарға Аллаһ та- рапынан  түсірілген  қасиетті  4  кітаптың  біреуі,  әрі  ең шағыны.  Аятта бұл жайында былай дейді: «Сондай-ақ Дауытқа   Забурды   бердік»   (17.Исра-55;   4.Ниса-163). Забур  сөзі  -  араб  тілінде  «кітап»,  ибрит  тілінде  «хат» деген ұғымды білдіреді. Ал киелі кітапта Забур сөзінің түпкі мағынасы - «мадақтау жырлары» деген ұғымды біл- діретіндігі жайлы жазылған.

Құранда 3 жерде кездесетін Забур кітабы жаңа бір шариғат әкелмеген. Ол Таураттан соң түскен және көбіне сол   Таураттың  заңдылықтарын  жалғастырады.  Забур- да  ахлақи  насихаттар,  жырлар,  адамдарды  туралыққа, жақсылыққа,   Жаратушыға   шынайы   құл   бола   білуге шақырады.  Қасиетті   кітап  Забурдың  Таураттан  кейін түскендігін мына аяттан  білеміз: «Расында Таураттан кейінгі Забурда: «Жерге игі  құлдарым мұрагер болады» деп жаздық» (21.Әнбия – 105).

Құранда Таурат пен Інжіл жайында көбірек мағлұмат берілгенімен Забур жайлы мәлімет өте аз. Яғни, Дәуіт (а.с.) пайғамбарға Забур атты қасиетті кітаптың берілгендігі ғана айтылады. Алайда, Хазіреті Дәуіт (а.с.) пайғамбардың есімі Құранда  16  жерде  аталған.  Аллаһ  Тағала  Құран Кәрімде өзінің сүйікті елшісі Дәуіт (а.с.) пайғамбарды түрлі   қабілетімен  ұлықтап  келтіреді.  Сонымен  бірге Хазіреті  Пайғамбарымыздың да (с.а.у.) Хазіреті Дәуітті (а.с.) үмметіне  үлгі етіп көрсететіні белгілі. Хадистерде Дәуіт пайғамбардың қалай ораза ұстағандығы, нәпақасын қалай тапқандығы секілді ғибрат аларлық қасиеттері айты- лады. Жалпы Құранда Дәуіт (а.с.) пайғамбардың шешен- дік қабілетінің жоғарылығы, патша болғандығы, даусының әдемілігі,  темірден  сауыт  жасайтындығы,  темірді  икем- ге  келтіре  білетіндігі,  даналық  берілгендігі,  Жаратушы- ны көбірек тасбих ететіндігі жөнінде оқиғалар жеткілікті (мына аяттарға қараңыз: 2.Бақара, 249-251; 38.Сад, 17-30; 27.Нәміл-15; 21.Әнбия, 78-80; 34.Сәбә, 10-13).

Бүгінде Забур кітабы деп аталатын жеке бір кітап жоқ. Ол бізге тек «Забур жырлары» деп аталатын Таураттың бір бөлімі ретінде ғана белгілі. Таураттағы «Забур жыр- ларын»  христиандар шіркеудегі діни әндерге қосып ай- тады. Таурат пен Інжіл секілді Забурдың да түпнұсқасы өзгеріске ұшыраған.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы