Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1322 рет оқылды

Інжіл кітабының бұзылғандығының айғағы

Хазіреті Иса (а.с.) пайғамбар 30 жасында Аллаһтың Израйл ұрпақтарына жіберген елшісі болды. Аллаһ Тағала Таурат кітабы бұрмаланып, өзгеріске ұшырағаннан кейін жаңа  шариғатпен, жаңа кітаппен Хазіреті Исаны жібер- ді. Иә, Иса (а.с.) да 33 жаста бұл дүниеден көк қабатына көтерілген соң,     артында    қалған   шәкірттері   қатты қиыншылықтарға  ұшырады.  Інжіл  кітабы  Хазіреті  Иса пайғамбардың  көк  қабатына  көтерілуінен  шамамен  30 жылдан кейін барып  бірнеше шәкірттері тарапынан жа- зылды. Уақыт өте келе Інжілдің саны жүзден асты. Мы- салы 325 жылы Никей соборында 50 Інжілді жою шешімі қабылданды156.  Ақырында   христиан  әлемі  қабылдаған әлемге танымал 4 Інжілді бекітті.  Енді осы 4 Інжілдің өзінде бір-біріне қайшы келетін, бір-біріне  ұқсамайтын жерлері  көптеп  кездеседі.  Осы  мәселеге   байланысты қысқаша тоқталып өтер болсақ:

1. Хазіреті Иса пайғамбарға әу баста түскен Інжіл біреу еді. Қазір ше? Әлемге танымал 4 Інжілдің өзі Інжілдің өзгергеніне, адамдар жағынан кейіннен жазылғандығына басты дәлел болып отыр.

2.   Інжіл    кітабында    Хазіреті    Иса    пайғамбарды Аллаһтың ұлы, қала берсе құдай деп атайды. Бұл мәселені Інжілде былай деп келтіреді: «Бала келе жатқанда жын оны жерге  жығып, қалшылдатты. Иса жынға қатаң тыйым салып, баланы сауықтырып, әкесіне тапсырады. Бәрі де Құдайдың ұлы  құдіретіне қайран қалды» (Лұқа жазған Ізгі хабар, 9/42-43). 

«Қалың жұрт шомылдыру рәсімінен өтіп жатқан кезде,  Иса да сол рәсімнен өтті. Ол мінәжат еткенде көк ашылып, көгершін бейнесіндегі Киелі Рух оның үстіне қонды.  Көктен:  «Сен  Менің  сүйікті  рухани  Ұлымсың. Саған толықтай ризамын!», - деген дауыс шықты» (Лұқа жазған Ізгі хабар, 3/21-22).

«Кім мені сүйсе, айтқандарымды берік ұстанады және   Әкем   оны   сүйеді.   Біз   сондай   кісілерге  келіп, өмірлерінен  орын аламыз. Мені сүймегендер сөздерімді берік ұстанбайды. Сендердің естіп жүргендерің Өзімнің емес, Мені жіберген Әкемнің сөздері» (Жохан жазған Ізгі хабар, 15/23-24).

Міне осыған  ұқсас  көптеген  мысалдарды  келтіру- ге  болады. Ал Құран бұл мәселеге үзілді-кесілді қарсы шығады және Хазіреті Исаны құдай, үштің үшіншісі де- гендерді кәпір болды деп есептейді. Мысалы, «Ықылас» сүресінде Аллаһтың  жалғыз және тумайтындығын біл- дірсе, «Маида» сүресінің жекелеген аяттарында: «Расын- да  Мариямұлы  Масихті  Аллаһ  дегендер  кәпір  болды»,

«Расында Аллаһ үштің үшіншісі дегендер кәпір болды» (5.Майда-73);  «Марияұлы  Масих  бір  пайғамбар  ғана» (5.Майда-75) - дейді.

3. Бізге  мәлім  4  Інжіл  шындығында  да,  Аллаһтан түскен  шынайы кітап болатын болса, неліктен олардың тараулары,   аяттары  бір-біріне  сәйкес  келмейді?  Әлде біреуіне көбірек уахи етіп, екіншісіне азырақ уахи етілген бе? Аллаһтың кәләмында мұндай өзгеріс болмаса керек. Енді осы 4 Інжілді салыстырып көрейікші:

Інжілдердің    бұрмаланғандығы    мұнан    да    анық байқалады. Алайда христиандар бұл ақиқатты  бәрібір де  мойындағысы келмейді. Бірақ, біз көрсеткен мысал- дар жай қисындық дәлелдер ғана екендігін де айта кеткен абзал. Егер де Інжілдердің өзге де нұсқаларын егжей-тег- жейлі зерттеген жан көптеген қайшылықтарға көз жеткі- зеді160.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы