Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1381 рет оқылды

Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы

Адамдар екі дүниенің бақыты мен қуанышына қол жеткізулері үшін әрдайым бір жол көрсетушіге мұқтаж. Себебі,  адамдар өз ақылдарымен Аллаһтың барлығына, бірлігіне   сенгенімен,  қалай  құлшылық  ету  керектігін білмейді.  Жаратушы  деп  жаһилия  арабтарының  пұтқа, парсылардың отқа табынғаны іспетті түкке тұрғысыз бос нәрселерге  табынуы  мүмкін.  Егер  Пайғамбар  болмаса, ақыретке байланысты және өлімнен кейінгі құбылыстарды да білу тіпті мүмкін болмас еді. Қай амал жақсы, қай амал жаман екендігін тек діни үкім ғана  ажыратып беретіндіктен, Аллаһ адамзатқа елшілерін жіберді. Бәлкім адам жақсы жаман мінез-құлықты айырып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін білуде айтарлықтай қиналмауы мүмкін. Ал, харам мен  халалды ақылмен айыру өте қиын. Сол үшін адам ақ пен қараны, харам мен халалды, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты айыру үшін жол көрсетуші яғни бір пайғамбарға мұқтаж.

Егер  де  адамдарға  пайғамбар  келмесе,  ақыретте Аллаһтың алдында есеп берер  сәтте:  «Я,   Аллаһ! Бізге уақытында өзіңнің үкімдеріңді, тыйымдарыңды білдіргеніңде, оларды үйрететін, көрсететін, шариғатқа сай  амал жасауды, білмегенімізді үйрететін, тура жолға шақыратын елші жібергеніңде, тозақ отына түспес едік», - деп  уәж  айтар  еді.  Жалындаған  тозақ  отына  кімнің түскісі келеді? Міне осындай айтылатын сылтаулар мен өтініштер және уәждерді болдырмау үшін Аллаһ адамға Өзінің  заңдылықтарын,  тура  жолын  үйретуші  елшілер жіберіп отырған. Бұл мәселені аят былай деп баян етеді:

«Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сыл- тауы  болмауы үшін пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы  етіп жібердік. Аллаһ аса үстем, хикмет иесі» (4.Ниса – 165).

Адамның ақыл-парасаты өзінің дүниеге не үшін кел- гендігін, келудегі мақсаты не екендігіне жауап таба алмай- ды. Оның жауабын Ұлы Жаратушы Ие пайғамбар жіберу арқылы үйретеді. Адам баласы бұл дүниемен о дүниенің амалын жасау немесе екі дүниенің тепе-теңдігін құра білу үшін пайғамбарға мұқтаж.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы