Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1707 рет оқылды

Пайғамбарлар дәрежесі

Иә, «басқа-басқа, бірақ пайғамбарлардың да өз ара- сында  дәреже айырмашылықтары бола ма екен!?» деп, таңырқауыңыз әбден мүмкін. Расында мұндай сауалдың өзі негізсіз емес.  Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, пайғамбарлардың     барлығына      бірдей,    ешқайсысын бөліп-жармай   иман   ету   –   біздің  басты   міндетіміз. Басқалай жағдайдағы кез-келген әрекет күпірліктің бел- гісі  болып табылады. Себебі, пайғамбарларға иман ет- кенде:    «Пайғамбарлардың  араларын  айырмаймыз» (2.Бақара-285)  деген тұжырымды ұстанамыз. Дегенмен, пайғамбарлардың  түрлі  дәрежедегі  қызметтеріне  қарай белгіленетін  дәрежелерінің  де болатындығын білгеніміз артық болмас:

«Сол  пайғамбарлардың  біреулерін  кейбіреулерінен артық   қылдық.  Аллаһ  олардың  кейбірімен  сөйлескен, кейінің   дәрежесін  көтерген»  (2.Бақара  –  253).  Олай болса пайғамбарлардың қызметтеріне қарай жүйеленген төмендегідей атаулары бар: 

а) Нәби

«Нәби» сөзі - «хабаршы» деген ұғымды білдіреді. Демек, «нәби» - Аллаһтан келген әмір мен тыйымдардан халықты хабардар етуші, жеткізуші деген сөз. Нәби сөзінің көпше түрі «әнбия» (хабаршылар). «Нәби» сөзі ұғымдық һәм терминдік жағынан «Расул» сөзімен мазмұндас. Бірақ, Нәби пайғамбарлар жаңа шариғат не жаңа кітап әкелмейді, олар өзіне дейінгі иләһи  заңдылықтарды жағастырушы. 

Ал Расул деп біз өзіне кітап түскен пайғамбарларды атай- мыз.  Екі  сөздің («нәби» мен «расул») мағына жағынан айырыласатын  тұсы  да  осы  жер.  Мәселен,  алғашқыда Хазіреті  Мұсаның шариғатын ұстанып, қауымына соны уағыздаған Хазіреті Яхяға (а.с.), Аллаһ Хазіреті Иса (а.с.) жаңа шариғатпен келген тұста сол шариғатты ұстануын әмір етеді. Яғни, бұл жерде Хазіреті Яхя (а.с.) – «нәби» болады да, Хазіреті Исаны (а.с.) – «расул» деп білеміз. 

б) Расул

«Расул»  -   сөзі   «елші»   деген   ұғымды   білдіреді. Яғни,   «расул»   сөзі   -   Аллаһтың   әмірімен   адамдарға жаңа  шариғатпен жіберілген пайғамбарлаға тән. Расул мәртебесіндегіпайғамбарөзінедейінгідінизаңдылықтарды жаңаша   үкімдермен  жеткізеді.  Расул  пайғамбарларға Аллаһ Тағала көбіне кітап немесе парақтар түсірген. Сол себептен де әрбір расул нәби, әрбір нәби расул бола ал- майды. Осы тақырыпқа  байланысты аятта: «Құрандағы Исмайылды есіңе ал. Шынында ол уәдесінде берік расул әрі нәби кісі еді» (19.Мәриям – 54) дейді. 

в) Улул-азм пайғамбарлар

«Улул-азм» - сан түрлі ауыртпашылықтар мен тіл жет- пес азаптарға төтеп беріп, Аллаһтың ақ жолын үгіттеуден бір  сәт  те   айнымаған  пайғамбарларға  берілген  есім. Қиыншылықтың  пайғамбарлардың қай-қайсысын болса да айналып өтпегені мәлім. Әрине, оған дау жоқ. Десек те, жекелеген аяттарда кейбір пайғамбарлардың (Хазіреті Нұх, Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Мұса, Хазіреті Иса және Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)) өзге  пайғамбарлардан бөлек арнайы айтылуы олардың дәрежесінің де бір саты жоғары екендігін білдірсе керек. Бұған негіз ретінде  төмендегі аяттарды келтіруге болады: 

«(Мұхаммед с.а.у.) Сол уақытта пайғамбарлардан уәде  алған  едік.  Сенен,  Нұх,  Ибраһим,  Мұса  және Мәриям  ұлы  Исалардан, солардан берік уәде алған едік» (33.Ахзаб – 7).

«(Мұхаммед с.а.у.)  Аллаһ  Нұхқа  нұсқау  берген нәрселерді  және  саған  уахи  еткенімізді  сондай-ақ Ибраһим, Мұса және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды» (42.Шура-13).

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы