Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1557 рет оқылды

Уахи және уахидің келу жолдары

Қасиетті     кітабымыз      Құран      Кәрім     Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсті. Уахи сөзі - жа- сырын сөйлесу, сыбырлау, айту, сөйлеу, ишара ету деген мағыналарға келеді. Аллаһ Тағала елшілеріне кез-келген қалаған құбылысты  не оқиғаны уахи арқылы білдіреді. Уахидің  қандай  болатындығы  мен  қалай  әсер  ететін- дігі бізге беймәлім, ол Аллаһ пен пайғамбар арасындағы сырлы сөйлесу халі. Хазіреті Пайғамбарымызға уахи мы- надай жолдармен келген:

1. Шынайы түс. Уахидің ең көне келу түрі шынайы түс  арқылы  жүзеге  асқан.  Мысалы,  Хазіреті  Ибраһим түсінде ұлы Исмайылды сойып жатқанын көреді. Соңынан Аллаһтың әмірімен ұлы Исмайылды құрбандыққа шалмақ болғаны  баршамызға  мәлім  (қараңыз:  37.Саффат,  104-105). Сондай-ақ Юсуф (а.с.) пайғамбардың түсінде күн мен айдың және 11 жұлдыздың өзіне сәжде еткенін көруі де, (қараңыз: Юсуф сүресі) уахидің осы түріне жатады. Сол секілді Хазіреті Пайғамбарымыздың да көрген түстері айна-қатесіз дәл келіп отыратын. Бұл жөнінде Айша ана- мыз:  «Пайғамбарымыздың көрген түстері дәл келетін. Бұл түстер таң нұры секілді анық еді» (Бухари, Бәдиул уахи 3) дейді. Сол  себептен сахабалар Пайғамбарымыз ұйықтап жатқанда, өзі оянбайынша тұрғызып, мазаламай- тын еді.

2.  Хазіреті  Пайғамбардың  ояу  кезінде  Жәбірейіл көрінбестен  жүрегіне  уахиді  үрлеуі.  Аятта  бұл  уахи түріне былай деп тоқталады: «Оны (Құранды) Жәбірейл (Рухул  Қудус)  келтірді.  Ескертушілерден  болуың  үшін жүрегіңе қондырды. Ап-ашық бір араб тілінде түсірді» (26.Шуғара, 193-195).

3. Жәбірейіл кейде уахиді адам бейнесіне әкелетін. Бұл уахи алудың ең жеңіл түрі. Риуаят бойынша, Жәбірейіл көбіне Дихя188   есімді сахабаның бейнесінде келетін.

4.  Жәбірейіл   көрінбестен,   шыңғырлаған   немесе  араның ызыңдаған даусына ұқсас дауыспен уахи әкелетін. Уахидің ішіндегі ең қиыны осылай келген уахи еді. Мұндай жолмен келген уахилер көбіне ескерту, қорқыту түрінде айтылған аяттардан тұратын. Осы жолмен уахи келгенде Хазіреті Пайғамбарымыз қатты қобалжып, дірілдеп, тер- леп кететін. Айша анамыз былай дейді: «Қатты суық бір күні Хазіреті  Пайғамбарға уахи келгенін көрдім. Сондай суық күні уахи келіп кеткенде, Расулуллаһтың маңдайынан суық тер шығатын» (Бухари, Бәдиул уахи – 2).

5. Жәбірейлдің өз бейнесінде уахи әкелуі. Мұндай уахи 23 жылдың ішінде екі-ақ рет болған. Алғашқысы - Хира үңгірінде, екіншісі - Миғражда, яғни Сидратул Мун- тахада Жәбірейілді көріп, уахи алады. Хазіреті Пайғамбар Жәбірейілді  Хира үңгірінде алғаш өз бейнесінде көрген кезде қорқыныштан талып қалғанды.

6. Хазіреті    Пайғамбардың    ояу   күйінде    Аллаһ Тағаламен   сөйлесіп,   уахи   алуы.   Миғражда   Хазіреті Пайғамбар  перде  арқылы  Аллаһ  Тағаламен  сөйлесіп, бес  уақыт намазды, «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын алған.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы