Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1619 рет оқылды

Тағдыр мен қазаға иман

Иман шарттарының  алтыншысы  – тағдырға иман. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан.

«Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» дегенді білдіреді. Ал діни терминологиядағы мағынасы – әлем жаратылғаннан бастап, болмыста бо- латын  бүкіл құбылыстар мен жаратылыстардың қашан болатындығын,  мезгілін, орнын, мекенін, ерекшеліктері мен сипатын Аллаһ Тағаланың ежелден яғни әу бастағы ілімімен   белгіленіп,   өлшеніп   қоюымен   байланысты. Тағдыр – Аллаһтың «Ілім» сипатымен жүзеге асады.

Тағдыр – осы әлемді және оның ішіндегі сан-алуан түрлі  жаратылыс  иелерін  белгілі  бір  жүйе  мен  тәртіп бойынша   басқаратын  иләһи  заңдылық.  Құранда  жер бетіндегі күллі мақлұқаттың болмыс-бітімі Жаратқанның белгілі бір тәртібімен өлшеніп қойылғандығы тұрғысында көптеген аяттар бар.

«Оның жанында әр нәрсе өлшеулі» (13.Рағыд-8).

«шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық» (54.Қамар-49).

«Сондай-ақ әр  нәрсені  жаратып,  оның  өлшеуін белгіледі» (25.Фурқан-2).

Ал «қаза»  дегеніміз – Аллаһтың ежелден,  әу  бас- тан  белгілеп, тағдырға жазып қойған құбылыстар мен жаратылыстардың  уақыт,  сағаты,  мезгілі  мен  мекені, сәті келгенде жүзеге асуы. Яғни, әуелден Аллаһтың ілім мен қалауына сай бекітілген нәрселердің уақыты келген- де,  Жаратушының «Тәкуин» сипаты арқылы іске асуы. Сондықтан   табиғаттағы   барлық   нәрселер   Аллаһтың тағдыр мен қазасына сәйкес болады. Еш нәрсе тағдыр мен қазадан тыс өздігінен яки кездейсоқ жүзеге аспайды.

Тағдыр мен қазаға иман – Аллаһ Тағаланың Ілім, Ирада, Құдірет және Тәкуин сипаттарына иман ету. Се- бебі,  тағдыр мен қаза Аллаһтың осы сипаттары арқылы өлшеніп,   белгіленіп,  жаратылады.  Бұл  жағдайда  біз- дер  тағдыр  мен  қазаға  иман  етумен  қатар  жақсылық пен жамандықтың,   ащы  мен тәттінің, бүкіл жаратылыс атаулының  Аллаһтың  білуі,   қалауы  мен  жаратуынан тұратындығына иман еткен боламыз.

Құранда  иман   негіздерімен   байланысты   аяттар- да  (Бақара-117; Ниса-136) тағдыр мен қазаға иман ету мәселесі айтылмаған. Бірақ, Хазіреті Пайғамбарымыздың мәшһүр «Жибрил»      хадисінде тағдырға  сенудің       де иманның   шарттарына     кіретіндігі       айтылады.      Бірде Хазіреті Пайғамбарымыз сахабаларымен бірге отырғанда Жәбірейл періште адам бейнесінде келіп, былай деп сұрақ қояды:

-   Иман  дегеніміз не?  Сонда оған Хазіреті Пайғамбарымыз:

-   Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбар- ларына,   ақырет  күніне,  жақсылық  пен  жамандықтың Аллаһтан екендігіне, тағдырға сену, - деп жауап береді (Муслим, Иман 1).

Құранда тағдырға иман ету мәселесі айтылмағанымен, жоғарыда келтірілген аяттарда барлық нәрсенің әу бас- тан тағдырға белгіленіп қойылғандығы ашық түрде баян етілген.  Әһли  сүннет  бойынша,  тағдырға  сену  – иман шарттарының  бірі.  Исламда  Муғтазила  секілді  кейбір адасқан ағымдар  тағдырға иман ету мәселесін Құранда тікелей  айтылмаған   деу   арқылы   оны   тіптен   жоққа шығарады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы