Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   2168 рет оқылды

Адамның ерік-жігері мен қалау еркіндігі

Жаратушы    алдында    пенденің    жауапты    болуы не   болмауы   екі   тұрғыда   қарастырылады.   Біріншісі, адамның қалауымен яғни ықтиярымен, екіншісі, пенденің қалауынан тыс болатын әрекеттер. Шариғатта бұны ихтияри  (қалауымен) және изтирари (мәжбури) әрекеттер деп  атайды.   Мәжбури  әрекеттерге  адам  бойындағы дене  мүшелерінің  жұмыс  істеуін  айтуға  болады.  Мы- салы,  жүректің  соғуында,  асқазанның  ас  қорытуында, тыныс  алуында  адамның  ешқандай  ықпалы  болмайды. Сондықтан адам өз еркінен тыс жүзеге  асатын мұндай әрекеттер үшін Аллаһтың алдында жауап бермейді. Бірақ, дені-басының саулығына селқос қарап, өзін тіпті күтпеген адам онысына жауапты болмақ.

Ал, адамның ерік-жігері мен қалауы арқылы бола- тын іс-әрекеттерге келсек, оларға: отыру, тұру, бару, келу, ұру, соғу, құлшылық ету, етпеу секілді т.б. көптеген амал- дар жатады. Мұндай саналы әрекеттері үшін пенде не мол сауапқа кенеледі, не мол күнә арқалайды. Демек, пенденің ерік-жігеріндегі бұл істер оның өз қалауымен болады. Оны мұндай іске ешкім мәжбүр етпейді. Пенде бір істі қалап, соны жасамақ болып ұмтылса, Аллаһ оның қалауына сай, сол ісін жаратады, болдырады. Бұл да Аллаһтың тағдыры мен қазасына сай болады.

Адамды Аллаһ  ерікті,  таңдау  мен  қалау  иесі  етіп жаратқандықтан ол өз қалауы бойынша әрекет ете алады. Халал  не харам амалдарды да өз қалауымен жасайды. Әрине, ақ пен  қараны өз еркімен таңдағандықтан, сол таңдау  еркінің  ақысы  үшін  жауапқа  тартылады.  Егер адамда  таңдау  мен  қалау  еркі  болмаған  жағдайда,  ол ақыретте жауапқа тартылмас еді. Пенде  тек таңдау мен қалау еркіне ие, ал оның қалауына қатысты істі  жарату

- Аллаһтың құзіретіндегі жайт. Яғни, пенденің жасамақ болған  ісі  Аллаһ  Тағаланың  құдіретімен  жаратылады. Сөйтіп,  пенденің өз ерік-жігерімен, қалауымен жасаған әрбір ісі үшін ақыретте жауапқа тартылады.

Жоғарыда Аллаһ барлық мақлұқат атаулының жа- ратушысы   болғандықтан   адамның   да   ісін   жаратады дедік.  Дегенмен, Аллаһ біздің қалаған, таңдаған ісімізді жаратқанымен оларды іске асыруға міндетті емес. Аллаһ бұл мәселені табиғат әлеміндегі қалыпты үйлесімділік іс- петті өз заңдылығы бар етіп жасап қойған. Яғни, адамның жүріп-тұруы,  ішіп-жеуі  табиғаттың  тарту  еткен  сыйы секілді көрінеді. Негізінде тіршілікті де пенденің қалауына сай етіп жаратқан бір Аллаһ екенін естен шығармайық.

Адамның таңдау ерік-жігерінің бар екендігіне дәлел ретінде төмендегі аяттарды келтіруге болады:

«Расында   оған    тура    жол    көрсеттік.    Мейлі шүкіршілік қылсын, мейлі қарсы келсін» (76.Инсан-3).

«Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90.Бәләд-10).

«Әркім істеген ісі үшін жауап береді» (74.Муддәсир-38).

«Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе  өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық етуші емес» (41.Фуссилат-46).

Әһли сүннет сенімі бойынша, пенде жасамақ болған ісін нысанаға алып, жүрегімен қалаған сәтте оны Аллаһ іске асырады. Яғни, құл – қалаушы, Аллаһ – жаратушы деген сөз. Сондықтан пенденің «мен бұл істі өзім істедім, бәріне  өз  ерік-жігерім  арқылы  жеттім,  өзім  жасадым» дегені  үлкен  қателік.  Себебі,  адамның  қалауын  Аллаһ жаратпаса,  ол  ойға  алған  ісін  қайтіп  жүзеге  асырмақ? Сондықтан  біз  (әһли  сүннет  сенімі),  Аллаһтың  бүкіл мақлұқатты жаратқаны іспетті, пенденің ісін де жаратушы деп білеміз. Бұған мына аяттарды дәлел ретінде келтіруге болады:

«Аллаһ барлық нәрсенің жаратушысы» (39.Зумәр-62).

«Аллаһ сендерді  де,  сендердің  амалдарыңды  да жаратты» (37.Саффат-96).

Исламдағы пенденің қалау еркі жайлы мәзһабтардың пікірлері де әрқалай. Мысалы, Жәбрия мәзхабы бойын- ша, адамда қалау, таңдау еркі жоқ. Олардың пайымдары бойынша пенде бейне бір программаланған робот секіл- ді маңдайына жазылғанды ғана жасайды. Ал Муғтазила мәзхабын  ұстанушылар пенде барлық ісін өзі жасайды. Аллаһтың бұған  ешқандай қатысы жоқ. Яғни, пендеде маңдайына  жазулы  тағдыр  болмайды,  ол  өз  тағдырын өзі жасайды. Егер оның  тағдыры болатын болса, ол о дүниеде  істеген  ісін  тағдырға  тапсырып,  Аллаһқа  кінә артатын болады деп санайды. Ал, біз әлбетте бұл пікір- лерге  қосылмаймыз.  Себебі,  жоғарыда  бірнеше  мәрте тәптіштеп  айтқанымыздай,  пенденің  ең  алдымен  жузи ирадасы (жузи ирада - белгілі бір қалау еркі) бар213. Адам осы жузи ирада яғни таңдау еркі арқылы қандай да  бір істі қалауға құқылы. Айталық арақ ішіп күнә істеу немесе мұқтажға көмек беру арқылы жақсылық жасау пенденің қалауы және таңдауы арқылы жүзеге асады. Осы амалды жасау барысында оны ешкім мәжбүрлеп, міндеттемейді. Міне сондықтан пенде осы қалауы үшін ақыретте жауап береді. Себебі, ол осы істі өз еркімен жасап отыр. Бұл жерде  Аллаһ пендеге бұл істі мәжбүрлеп істетіп тұрған жоқ, пенде өз қалауымен амалды таңдап, жузи ирадасын (қалау еркіндігін) қолдану арқылы жасауда. Олай болса, пенде  Аллаһтың  өзіне  берген  қалау  еркіндігі  арқылы қандай да бір істі жасауға әрекет етсе, Аллаһ та оған сол істі жасайтын күшті (иститағат) беріп, амалын іске асы- рады Сол үшін Құранда «Аллаһ сендерді де, сендердің амалдарыңды да жаратты» (37.Саффат-96), деп  анық түрде баян етуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы