Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1341 рет оқылды

Тағдырды сылтау ету дұрыс па?

Тағдыр мен қазаға иман ету – парыз. Бірақ пенде тағдырдың  мәнін  дұрыс  тәпсірлемей,  өз  пайымымен қорытынды   шығарап,      сылтауратып   жауапкершілік- тен  құтыла алмайды. Мысалы: «Аллаһ пешенеме осы- лай жазған  екен», - деп күнә істеу немесе: «Тағдырыма жазылған соң қолымнан келер шара жоқ», - деп өзін кінәсіз санау  пенденің  осы  тұрғыдағы  білімінің  таяздығынан туындап жатады. Құранда  Аллаһ Тағала бізге тағдырға тәуелді болуды емес, жасаған  әрбір іс-әрекетімізге жа- уапты  болуды  бұйырады.  Егер  шынында  да  тағдырға бас иіп жүру бірінші кезектегі,  дініміздегі  өте маңызды жайт болса, Хазіреті Пайғамбарымыз  ол жөнінде бізге ең болмағанда бір ғибратты хадис қалдырған  болар еді. Хазіреті Пайғамбарымыз керісінше, ешқашан  тағдырды сылтау етпеген. Өзінің бейкүнәлік ерекшелігінен  хабар- дар бола тұра, өмірін күндіз-түні Аллаһ Тағалаға ғибадат етіп, дұға жасаумен өткізген. Дәл сол секілді сахабалар өмірінен  де тағдырға налып құлшылығын тастаған, яки өзге де  үмітсіздікке түскендері жайында ешбір мәлімет кездестірмейсіз. Тіпті өмірінде жәннәтпен сүйіншіленген бақытты сахабалар да тағдырды сылтауратып, енді барар жерім жәннәт деп шалқасынан түсіп, бейғам жатпағаны белгілі. Сөзімізге бірден-бір айғақ боларлық жайт, ардақты сахаба Хазіреті Омардың өмірі.

Бұл жерде мына бір нәзік мәселеге және бір тоқталып өткеніміз жөн. Біздің бүкіл саналы іс-әрекет, тіршілігіміз Аллаһтың тағдырымызға жазып қойғандықтан жүзеге асып жатпайды. Яғни, біз «тағдырымыз жазылып қойылған» дегенде, ең алдымен, өзіміздің қалау ниетімізбен жүзеге асатын бүкіл әрекетіміздің Аллаһқа әлмисақтан аян екенін санамызда ұстауымыз керек. Сонда ғана, тағдырдың жа- зылып қоюы мен сіздің жеке саналы тіршілік иесі ретін- дегі пайым-парасатыңызға,   ілім-біліміңізге құрылған әрекет, жоспарларыңыздың арасында соншалықты бас бұзарлықтар бір-біріне тәуелді заңдылықтың жоқ екен- дігін бірден түсінесіз.

Тағдырды сылтау еткен кісіге байланысты Хазіреті Омардың бекіткен жазасы да ойланған жанға үлкен сабақ болары  сөзсіз.  Хазіреті  Омардың  халифалық  (634-644) тұсында ұрлық  жасаған бір кісіні халифаның құзырына әкеледі. Сонда Хазіреті Омар:

- Не үшін ұрладың? – деп сұрағанда, ұры:

- Аллаһ Тағала осылай жазған, - деп жауап бергенде, Хазіреті Омар:

- Оған 30 дүре соғыңдар, содан кейін қолын кесіңдер,

- деп әмір етеді. Ондағылар берілген үкімге таңырқап:

- Неге бұлай, - деп сұрайды. Хазіреті Омар:

- Ұрлық істегені үшін қолы кесіледі, Аллаһқа қарсы өтірік айтқандығы мен ұрлық жасаудағы жауапкершілік- ті тағдырға сылтауратқандығы үшін дүре соғылады, - деп жауап береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы