Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1827 рет оқылды

Жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену

Біз,  яғни  иман  етуші  пенделер  әу  баста  әмәнту билләһты айтқан кезде жақсылық пен жамандықтың бір Аллаһтан екендігіне сендік. Негізінде Аллаһ Тағаланың шексіз   құдіреті   арқылы   жер   бетіндегі   әрбір   нәрсе жұп-жұбымен   жаратылған  (бұл  жайында  жоғарыдағы тақырыптарда  сөз   болды).  Жақсылық  пен  жамандық ұғымдары да бір-біріне  қарама-қайшылық жұбы. Деген- мен олардың жұптық қасиеті болған соң, әркез бір-бірін толықтырып отыратын   хикметі  бар.    Жамандықтың бет-пердесін жақсылық, жақсылықтың мәнін  жамандық ашады. Аллаһ құзырында да адамдардың дәрежесі жақсы не  жаман  амал    жасауына  байланысты.  Егер  мұндай айырмашылық  болмаса,  барлығымыз  бейне  бір  періш- тедей күнәсіз болып, дүниелік сынақтың ешқандай да маңыздылығы қалмас еді.

Аллаһ  жамандықты   жаратты   ма,   жаратпады   ма деген мәселе ислам ағымдары арасында талас тудыруда. Біреулер  Аллаһ тек жақсылықты жаратты, жамандықты адам  өзі  жаратады,  өзі  жасайды  десе,  біз  сунниттер, жақсылықты  да,   жамандықты  да  бір  Аллаһтан  деген пайымды ұстанамыз. Аллаһ адамды жамандыққа итерме- леп, кез-келген қасіретті әдейі басымызға душар етпейді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, пенде өзінің ерік-жігерінің таңдауымен жақсылықты да, дәл сол секілді жамандықты да басына тілеп алады. Аллаһ Тағала болса оның қалауына сай сол істі жүзеге асырады. Сонда бұл жерде кім кінәлі? Әлбетте, таңдаушының яғни, пенденің өзі кінәлі.

Құран аяттарының мағынасынан адамның өз-өзіне кесір тигізетінін аңғаруға болады. Ал Аллаһ Тағала пен- десін күнәһар болсын, жаман адам болсын демейді. Мы- салы, (әрине, бұл  мәселедегі келтіріп отырған салыстырумыз тек тақырыптың мағынасын ашып беру үшін ғана; себебі,  мәселе  басқалай  болғанда  бұл  салыстыру  тіпті орынсыз  болар  еді)  ата-ананың  балаларына  жамандық қаламайтыны түсінікті жайт. Керісінше, ата-анасы бала- сын сәт сайын жамандықтан  жиіркендіріп, жақсылыққа үндеуден  ешқашан  жалықпайды.   Бірақ,  ата-анасының адал көңілі мен баланың шалыс қылығы  көп жағдайда сәйкес келе бермейді. Егер балалардың бәрі ата-анасының айтқандарымен жүріп, бірден судан ақ, сүттен таза болып кетсе, жер бетінде бұрын-соңды болмаған бейбіт ғұмыр орнар  ма  еді,  кім  білсін?!  Өкінішке  орай,  ата-анасын тыңдайтын перзент аз. Ата-ана баласының шалыс басып, жаман   жолға   түскенін   қаламайтыны   секілді,   Аллаһ та  пендесінің  тозаққа  баруын  қаламайды.  Ата-анасын тыңдамаған  бала  темір  тордан  бір-ақ  шығады  немесе қоғамдағы сүйкімсіз,  жағымсыз тұлғаға айналады. Сол секілді пенде де Аллаһтың  әмірлері мен тыйымдарына құлақ аспай, Аллаһтың ақ жолымен жүрмей, бұл дүниеде қарғысқа ұшырап, о дүниеде тозаққа бармақ.

Осы тақырыпқа қатысты аятта да: «Аллаһ оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өз-өздеріне зұлымдық еткен еді» (16.Нахыл – 33) деп, барлық мәселеде пенденің өзі кінәлі екенін білдіреді.

«Расында Аллаһ адамдарға еш зұлымдық жаса- майды. Бірақ адамдар өздеріне-өздері зұлымдық жа- сайды» (10.Юнус-44).

Мәселе  осылай   болған   соң   шынайы   мұсылман жақсылыққа  кенеліп,  жақсы  іс  істеп,  табысқа  жетіп жатса, Аллаһқа шүкір етіп, жамандыққа ұшыраса сабыр етіп, Аллаһтан әрбір істің қайырлысын тілегені абзал. Бұл жамандыққа кезіккенде басын иіп, соңы не болар екен деп күту деген сөз емес. Керісінше, пенде сол жамандықтан құтылудың жолын іздеп, әркімге жөн-жосықсыз шағымын айта бермей, Аллаһқа шын ниетімен жалбарынып, дұға етуі керек. Кейде жайсыздыққа ұшыраған жандар аузына келген ғайбат сөздерді айтып, тіпті, Аллаһқа да тіл тигі- зуден  жасқанбайды. Ал шынайы мұсылманның мұндай масқаралыққа   жол  бермеуі  тиіс.  Аятта  осындай  бір жағдаятқа ұшыраған  пенденің кейпін былай баян етеді:

«Ал енді Аллаһ адамды қашан сынап игілікке бөлесе: Раббым мені сыйлады, - дейді. Қашан оны сынап, не- сібесін  тарайтса: Раббым мені қорлады, - дейді» (89. Фәжр, 15-16).

Мұсылманның келесі бір міндеті – дін бауырларын жақсылыққа  шақырып,  жамандықтан  тыйылуға  үндеу. Мүмин бұл істе тек бір Аллаһтың разылығын ғана ойлай- ды. Сонымен қатар жасаған әрбір жақсы амал үшін сауап, жаман амалы үшін  күнә жазылатындығына бек сенеді. Мұсылман ешбір нәрсенің де жауапсыз қалмайтындығын бір сәт естен шығармауы тиіс.

Асылында  иманды  жан  ешкімнің  ала  жібін  атта- май, қолынан келген жақсылығын аямай, дін үшін жаман әдеттен аулақ болып, өзгені де жамандықтан жеріндіруді өзінің асыл мақсаты деп біледі. Өзіне жамандық жасағанға жамандықпен жауап қайтармастан, кешірімшіл болу, яки

«таспен ұрғанды аспен ұру» қағидасына сай амал етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы