Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   2095 рет оқылды

Хидаят (дұрыс жол) пен далалат (адасушылық)

Хидаят – Аллаһтың бұйырған тура жолына түсу, иман етіп, ізгі амал істеу. Ал далалат – хақ жолдан бас тартып, адасушылыққа бой алдыру деген ұғымды білдіреді.

Кейбір мұсылмандардың  түсінігі  бойынша,  Аллаһ Тағала  пенденің қалауынан тыс не хидаят нәсіп етеді, не  далалатқа  салады.  Бұл  әрине,  қате  пікір.  Мәселен, Аллаһ  сізді  еріксіз  далалатқа  (адасушылыққа)  түсірді делік. Адасушылықпен ғұмыр кешкендіктен сіз, әлбетте, тозаққа лайықсыз. Енді сіз тозақтық болардың алдында:

«Я, Аллаһым! Мені мына дүниеге жібердің де, ешқандай ерік берместен адасушылардың санатына тастадың. Енді мені неге жазаламақсың? Менің нендей күнәм бар? Өзің адастырып, Өзің жазаламақсың. Бұл Сенің әділдігіңе жат- пайды ғой», - деп, сөзсіз уәж айтпайсыз ба?! Сондықтан Аллаһ ешкімді зорлап хидаятқа, не далалатқа түсірмейді. Аллаһ құлдарына жәбір көрсетуден  пәк.  Себебі, Оның мейірімі де, рахымы да шексіз!

Пенде тура жолға түспек болып ниет етсе, барлық ықыласымен   Аллаһтан   тілесе,   шүбәсіз   оған   хидаят нәсіп  болады. Егер адасушылардың жолын таңдап, хақ жолды қабыл еткісі келмей бұра тартса, онда оған Аллаһ далалаттың жолын  ашады. Ислам бойынша, ешбір пен- дені  дінге,  иманға  қинап  кіргізуге  болмайтындығынан баршамыз  азды-көпті  хабардармыз.  Бұл  ислам  дінінің шексіз мейірім діні екенін айғақтайтын бірден-бір дәлел. Аятта былай дейді: «Дінде зорлық жоқ» (2.Бақара-256),

«(Мұхаммед (с.а.у.))  егер  Раббың  қаласа  әрине  жер бетіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді. Адамдарды иман келтіруге сен күштейсің ба?» (10. Юнус-99). Міне осы аятта айтылғандай, Аллаһ қаласа, барлық адамды еріксіз иманды етер еді. Бірақ, Әділет па- дишасы әсте олай етпейді, тіпті Пайғамбарымызға да иман мәселесінде ешкімге зорлық көрсетпе деп бұйырады.

Хидаят пен далалат пенденің ниетіне қарай болатын жағдайлар  екені  Құранда  да  анық  баян  етілген:  «Енді кім тура жолда болса, өзі үшін тура жолда болады. Ал енді біреу адасса, өз зиянына ғана адасады. Мен сен- дерге кепіл  емеспін деп айт» (10.Юнус-108). «Аллаһ құлдарына зұлымдық жасамайды» (40.Ғафыр-31).

Пайғамбарлар да ешкімді мәжбүрлеп, иман еттірмей, тек  Алланың ақ жолына шақырып, өз міндеттерін ғана атқарған.  Иманға көңілі бұрмайтын пендеге пайғамбар ешқандай да  бұйрық бере алмайды. Себебі, жол таңдау пенденің қалауында. Қалауына қарай, Аллаһ Тағала сол жолдың есігін ашады. Хазіреті Пайғамбарымыз да көкесі Әбу Тәлібке қанша жалынып, сұранғанымен иманға келті- ре алмады. Ең ақырында иманнан қашқан көкесіне, Аллаһ адасушылардың жолын ашты да, ол сол иман келтірмеген күйі бұл дүниеден озды.

Тіпті, бар ықыласын адамды тура жолдан тайдыруға арнаған  шайтан  да  адамдарға  адасушылықтың  жолын көрсетіп, алдап-арбағанымен, бірақ ешбір пендені зор- лап  адастыруға құдіреті жетпейді. Ал шайтанның шы- найы мүминге зәредей зиян тигізе алмайтындығы белгілі:

«Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ саған кім ерсе, адасқандардан болады» (15.Хижр-42).

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы