Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1725 рет оқылды

Жүректегі мөр

Дінімізде  кейбір    жандардың   жүректерінің мөрленгендігі   жайында   айтылады.   Мөрленген   деген сөздің  мағыналық шеңбері – иманға құлақ асып, жүрегі жібімейтін, хақ жолды теріс деп санап, өз пікірінен әсте танбайтын жандар деген ұғымды қамтиды. Осыдан келіп, санамызда «шындығында да пенденің жүрегіне мөр басы- лып, содан ол мәңгілік кәпір бола ма екен?» деген заңды сауал  қылаң  береді.  Ешбір  құлына  Аллаһ  Тағаланың зұлымдық етпейтіні басы ашық мәселе. Бұл тұрғысында жоғарыда рет-ретімен сөз болды.

Ал бұл жердегі негізгі ілтипат ең алдымен, пенденің өзіне  қатысты.  Егер  пенде  ешбір  діни  үгіт-насихатқа селт етпей,  ақиқатты ашық түрде кесірлікке бой алдырып мойындамаса, адасушылықты өзіне ту етіп ұстанып, қасарысып  тек  өз  пәлсафасын  дұрыс  деп,  дегенінен қайтпаса,  Жаратушы  ондай  пенденің  жүрегіне  рухани мөр басады. Яғни, пенденің өз қалауының кесірінен, оған ешқандай үгіт-насихат дарымаған соң ғана Аллаһ Тағала оның жүрегіне мөр басады да, өлгенше хидаятты нәсіп ет- пейді.

Егер   біз    «пәленшенің    жүрегіне   мөр   басылған, сондықтан  ол енді ешқашан иман етпейді» десек, қатты қателесеміз. Асылында, ол Аллаһ оның жүрегіне мөр басқандықтан  иманға  келмей  жүрген  жоқ.  Керісінше, оған берілген мөр оның маңдай терімен еңбектеніп тапқан

«адал еңбек ақысы» секілді нәрсе. Яғни, әлгіндей жан ақиқатқа, Аллаһқа мүлде сенбей, көбіне сенгісі де келмей, өзінің пікірін ғана дұрыс деп санағандықтан, оның бетінің бері қарауы мүмкін болмаған жағдайда ғана жүрегіне мөр басылған. Мысалы, Әбу Жәһил, Әбу Ләхаб, т.б. осы секіл- ді мүшріктер өз әрекеттері мен сенімдерін дұрыс деп, сол жолдан бас тартпағандықтан жүректері мөрленген. Олар Хазіреті   Пайғамбарымыздың   айтқандарының   ешбірін қабыл  етпей,  тіпті  Пайғамбарымызды   келеке  етумен болған.  Міне,  осындай  шектен  шыққан  жағдайда  ғана әлгіндей жандардың жүректеріне мөр басылмақ.  Аллаһ Тағала бұл тақырып жайындағы хикметті мына аяттарда білдіреді:

«Күпірліктерін    жалғастыру    себебімен    Аллаһ олардың жүректерін мөрлеген. Сондықтан азы ғана иман етеді» (4.Ниса-155).

«(Мұхаммед (с.а.у.)) Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман кел- тірмейді. Аллаһ олардың жүректеріне, құлақтарына мөр басқан. Әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін үлкен азап бар» (2.Бақара, 6-7).

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы