Жұма, 26 Желтоқсан 2014   |   1905 рет оқылды

Пенденің рызық-несібесі

Жаратылыстағы бүкіл тіршілік атаулының өлшеулі рызығын бір Аллаһ Тағала ғана береді. Ал сол рызық- несібесін өз аяғымен жүріп табатындар мен әрекет етуге дәрменсіз   тіршілік   атаулының   рызығының   арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Мәселен, адамдар, хайу- анаттар  мен құстар өз рызық-несібелерін саналы түрде әрекет ету арқылы тапса, ана жатырындағы сәбиге Аллаһ анасының   қанымен   рызық  береді.  Тіршіліктегі  басқа да әлсіз  «шақалақтар» туралы да осыны айтуға болады. Оларға  ата-аналарын не басқа да жағдаяттарды себепші қылу арқылы Аллаһ өз рызықтарына жеткізеді. Және де Аллаһ пенденің әрекеті мен ниетіне сай  халал не харам жолдан  рызығын  нәсіп   етеді.  Біздің  айтып  отырған тұжырымдарымыздың  түпкі   өзегі   Құранда  баяндала- ды: «Жер бетіндегі әр жәндіктің  қорегі Аллаһқа тән. Ол  олардың  тұрақты,  тұрақсыз  орындарын  біледі. Барлығы ашық бір Кітапта» (11.Худ-6). «шүбәсіз, Ол Аллаһ ризықтандырушы және мықты күшке ие» (51. Зәрият-58).

Негізінде пенденің рызық-несібесі оның қаншалықты әрекет   етуіне  тікелей  байланысты.  Десек  те,  Аллаһ Тағаланың қалаған құлына есепсіз рызық беретіндігі басы ашық мәселе.  Бірақ, Аллаһ рызықты пенделердің иман- ды не имансыздығына қарай бөле-жарып бермейді. Егер жағдай солай болғанда иман еткен мұсылмандардың бәрі ірі байлық иесі болып, дінсіздердің барлығы тақыр кедей болулары керек еді ғой. Ал күнделікті  өмірдегі жағдай мұны мүлде теріске шығарып тұрған жоқ па!? Сондықтан пенденің  бай  не  кедей  болуы  Аллаһтың  қалауындағы мәселе екендігін түсінуіміз керек. Бұл тақырыпта да бізге Құран аяттары негізгі көмекші: «Аллаһ қалаған кісінің несібесін  молайтып,  қалаған  пенденің  несібесін  тарылтады....» (13.Рағыд-26); «Аллаһ қалағанын есепсіз рызыққа бөлейді» (2.Бақара-212).

Пенде  тіршіліктегі  өз  рызық-несібесін  табу  жо- лында  түрлі  әрекеттерге,  айла-тәсілдерге  барып,  бүкіл күш-жігері  мен   ақыл-парасатын     жұмсайды.      Әрине, пенде  өз   қарым-қабілетіне  қарай  рызығын      айыра- ды,  бірақ  ең  бастысы,  рызықтың  халалын  ішіп-жеуді Аллаһтың  бұйыратынын бір сәт естен шығармау керек.

«Ал  енді  Аллаһтың  сендерге  берген  ризығының  халал әрі тазасынан жеңдер...» (16.Нахыл-114) - деген Аллаһ Тағала – мұсылман пендеге өз рызығын табудың негізгі тұжырымдық формуласын ұсынады.

Әрбір тіршілік  атаулы  Аллаһтың  өзіне  бұйыртқан өлшеулі   рызық-несібесін  ішіп-жемей   бұл   фәни дүниеден өтпейді және ешқандай тіршілік иесі өзгенің Жаратушының   шексіз   даналық   ілімімен   белгіленген рызығына ортақ бола алмайды. Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді: «Рызықты іздеуден бас тартпаңдар. Ешкім өзіне  бұйыртқан рызыққа жетпей өлмейді. Олай болса халалын   алып,   харамын   тастаумен   рызықтарыңды жақсылап іздеңдер», (әт-Тәрғиб уәт-тәрхиб, 2/534).

Қым-қуат   сынаққа    құрылған   мына    тіршіліктегі рызық-несібе мәселесіне қатысты шынайы мұсылманның ұстанымы – Аллаһтың бұйыртқан рызық-несібесіне әркез шүкір  етіп, таршылығы болса, оған сабырлықпен әркез қанағат етіп, әрбір істің қайырын бір Жаратушыдан тілеу. Асылында,  шүкіршілік – Аллаһтың сүйікті құлдарының қасиеті.  Иманды   кісілердің  бұл  мінезі  оның  рызық- несібінің арта түсуіне де бірден-бір себепші болады: «Сол уақытта Раббыларың: Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал егер қарсы келсеңдер азабым қатты деп жариялады» (14.Ибраһим-7).

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы