Жексенбі, 04 Қаңтар 2015   |   1388 рет оқылды

Əһли сүннет ақидасы (сенiмi)

Мұсылман болудың алғашқы шарты - иман ету. Ақыл-есi дұрыс жəне балиғат жасына жеткен еркектiң жəне əйелдiң бiрiншi мiндетi - əһли сүннет ғалымдарының кiтаптарында жазған иманға байланысты мағлұматтарды үйрену жəне оқығандарына сəйкес сену. Қиямет күнiнде жаһаннам (тозақ) азабынан құтылу солардың бiлдiргендерiне сенуге байланысты. Жаһаннамнан құтылатындар тек қана осылардың жолында жүргендер болады. Олардың жолда-рында жүргендерге «Сүнни» немесе «Əһли сүннет» делiнедi. 

Бiр хадис шəрифте:  «Менiң үмбетiм жетпiс үш топқа бөлiнедi. Бұлардан тек қана бiр бөлiмi тозақ азабынан құтыладыал басқалары тозаққа түседі»-деп айтылған.Бұл жетпiс үш топтыңəрбiрi исламға мойынсұнғандықтарын жариялауда жəне тозақтан құтылатындығы бiлдiрілген тек бiр топтың да өз топтары екендiгiн айтуда. Мүминун сүресi 54-ші жəне Рум сүресі 32- аятта: «Əр топ, тура жолда болғандығын ойлап сүйсiнуде»деп айтылған. 

Сондықтан да бұл əр түрлi топтар арасында құтылатын бiреуiнiң белгiлерiн Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деп бұйырған: «Бұл топтағылар - мен жəне де асхабым жүрген жолда болғандар». 

Асхаби Кирамнан қандай да бiреуiн жақсы көрмейтiн адам əһли сүннеттен айрылған болады. Əһли сүннет итиқадында (сенімінде) болмағандар кəпiр немесе бидғат əһлi (жолдан азғандар) болады.

 

Əһли Сүннет ақидасында (сенiмiнде) болудың белгiлерi 

Аллаһу та’ала əһли сүннет ақидасына сəйкес иман еткен мұсылмандарға разы. Бұл сенімнің бiрнеше шарттарын Əһли сүннет ғалымдары былай деп түсiндiрiп бередi: 

  1. Иманның алты шартына, яғни Аллаһу та’аланың барлығына жəне бiрлiгiне, серігі, теңі жоқтығына, перiштелерiне, кiтаптарына, пайғамбарларына, ахырет күнiне, жақсылық пен жамандықтың Аллаһу та’ала тарапанынан болатындығына сену керек. (Бұлар амəнтуде айтылған). 
  2. Аллаһу та’аланың соңғы кiтабы болған Құран Кəрiмнiң, Аллаһтың сөзi болғандығына сену.
  3. Мүмин өз иманына еш күмəн етпеуi керек. 
  4. Пайғамбарымызға иман етiп, тiрi кезiнде оны көру бақытына жеткен сахабалардың барлығын өте жақсы көру керек. Төрт халифа-сына, жақын туған-туысқандары болған əһли бəйтiне жəне құрметтi əйелдерiнiң ешбiрiне тiл тигiзбеу керек.
  5. Ғибадаттарды иманның бiр бөлiгi деп бiлмеу керек. Аллаһу та’аланың əмiр етiп жəне тыйым салғандарына сенiп, ал шартта-рын жалқаулықпен iстемеген мүмiндердi кəпiр деп айтпау керек. Бірақ, харам-халалға мəн бермейтіндер жəне исламды мазаққа айналдырғандардың иманы кетедi. 
  6. Өзiн мұсылманмын деп есептеп, Аллаһу та’алаға жəне Пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға сендiм дегенiмен жаңылыс сенiмде (адасқан секта) жүргендердi кəпiр демеу керек. 
  7. Өз-өзiне, иманына берiк болып ашық күнə істегені беймəлім имамның артында тұрып намаз оқуға болады. Осы үкiм жұма мен айт намаздарын оқытатын əкімдер мен əмірлерге де тиiстi.
  8. Мұсылмандар өздерін басқарып отырған басшыларына, əмірлеріне мойынсұнуы қажет. Үкіметке бас көтеру фитнə болып са-налады жəне əр түрлі қайғы-қасыретке апарып соғады. Басшылардың, əмірлердің қателеспей елдi дұрыс басқаруы үшiн артынан қайырлы дұға етiп, харам, күнə істерден қайтару үшін тəтті сөзбен насихат айту керек. 
  9. Дəрет алғанда аяқта мəсi болса, су қолмен мəсих етуге бола-ды. Жалаң аяқ пен шұлықтың үстiнен мəсих етуге болмайды.
  10. Пайғамбарымыздың миғражға жаны-тəнiмен бірге шыққандығына сену қажет. Егер ол Пайғамбардың түсi дейтiн болса, əһли сүннеттен айрылған болады. 

Жəннəтта мүмiндер Аллаһу та’аланы көредi. Қиямет күнiнде Пайғамбарлар мен Аллаһтың сүйiктi құлдары Аллаһтың рұқсат етуiмен шапағат ете алады. Қабiрде сұрақ сұралады. Қабiрдегi азап жан мен тəнге бiрдей беріледі. Əулиелердiң кереметi хақ. Керемет Аллаһу та’аланың сүйiктi құлдарына ғана нəсiп етілетiн ерекше қасиет. Қабiрге жерленген рухтар тiрi адамдардың сөздерiн еркiн есiте алады. Олардың артынан қайырлы дұға ету қажет. Жоғарыда аталғандар əһли-сүннеттегiлердiң ерекшелiктерi болып есептеледi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы