Жексенбі, 04 Қаңтар 2015   |   1147 рет оқылды

Аллаһу та’алаға сену

Амəнту биллаһи:Аллаһу та’аланың барлығына жəне бiрлiгiнесендiм, иман еттiм, жүрегiммен растап (тасдиқ), тiлiммен айттым деген мағынаға келедi. Аллаһу та’ала бар жəне бiр. «Бiр» сөзiнiң сөздiкте екi түрлi мағынасы бар. Бiрiншiсi, сан жағынан екiнiң жар-тысы əрi сандардың алғашқысы. Екіншісі, сыңары жəне ұқсасы бол-мау жағынан бiр. Мiне, Аллаһу та’ала тек қана сан жағынан емес, ұқсасы болмау жағынан да бiр. Яғни затында жəне сипаттарында ешқандай сыңары жоқ. Барлық жаратылыстың заты жəне сипаттары өздерiн жаратқан құдіреттің затымен сипаттарына ұқсамағандығы сияқты, жаратқанның заты жəне сипаттары да жаратқандарынан ешбiрiнiң заты жəне сипаттарына ұқсамайды. 

Бүкiл жаратылған əрбiр мүшенiң, клеткалардың жаратушысы, жоқтан бар етушiсi жалғыз Аллаһу та’ала. Аллаһу та’аланың затының ақиқатын, яғни қандай екенiн ешкiм бiлмейдi. Ол ойға, қиялға келетін ешбір нəрсеге ұқсамайды. Тек, Құран Кəрiмде баяндалған сипатта-рын, есiмдерiн жаттап, ұлылығына жүрекпен сенiп, тiлмен айту ке-рек. Барлық сипаттары мен есiмдерiнiң бастамасы да, соңы да жоқ. 

Заты ешбiр жерде тұрмағандығы iспеттi, біз бiлетін алты жақта болудан да пəк. Яғни алда, артта, оңда, солда, төбеде, төменде емес. Ол əр жерде үнемi дайын жəне үнемi көрiп тұр деп айтуға болады. 

Аллаһу та’аланың сипаттары он төрт. Алтауына заттық сипат, сегiзiне субути сипат делiнедi. Бұлардың мағыналарын бiлiп, жаттап алу қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы