Жексенбі, 04 Қаңтар 2015   |   1544 рет оқылды

Перiштелерге иман

Уə Мəлаикатиһи:Аллаһу та’аланың перiштелерiне сендiмдегені. Олар да Аллаһу та’аланың құлдары. Барлығы Аллаһу та’аланың əмiрлерiне мойынсұнады. Күнə iстемейдi. Еркек пен əйел болып бөлiнбейдi, үйленбейдi, iшiп-жемейдi, ұйықтамайды. Олар нұрдан жаралған, ақылды. Бұлардың ең үлкендері төртеу. 

  1. Жəбрейiл алейһиссалам.Перiштелердiң ең үлкенi.Аллаһпен пайғамбарлар арасында елшiлiк жасау оның басты мiндетi.
  2. Исрафил алейһиссалам.Қиямет күнiсура деген аспаптыүрлеумен міндеттелген. Алғашқы үрлеуінде Аллаһу та’аладан басқа барлық тірі жан өледі, екіншісінде қайта тіріледі. 
  3. Микаил алейһиссалам.Табиғат құбылыстарын басқару,рызықтың жіберілуі, молшылық, тапшылық, қымбатшылық, арзаншылық жəне де əр бір затты əрекет еттірумен міндеттелген.
  4. Əзрейіл алейһиссалам.Адамдардың жанын алуғамiндеттелген.

Бұлардан соң төрт сынып перiште бар. Хамалаи Арш делiнген перiштелер де төртеу. Аллаһтың құзырында болатын перiштелерге Муқаррабин делiнедi.Азап перiштелерiнiң үлкендерiне Кəрубиян,рахмет перiштелерiне Руханиян делiнедi. Жəннат перiштелерiнiң үлкенiнiң аты Ридуан, Тозақ перiштелерiнiң үлкенiнiң аты Малик. Тозақ перiштелерiне Зəбани делiнедi. Саны жағынан ең көп болған махлұқ (жаратылыс) - періштелер. Көктерде олар ғибадат етпейтін бос жер жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы