Жексенбі, 04 Қаңтар 2015   |   1370 рет оқылды

Кiтаптарына сену

Уə Кутубиһи:Аллаһу та’аланың түсiрген кiтаптарына сендiмдегені. Аллаһу та’ала бұл кiтаптарды кейбiр Пайғамбарға Жəбрəйіл атты перiште арқылы уахи етiп, яғни оқытып жiберiп отырған. Ал кейбiреулерiне “Лауха” үстіне жазулы күйiнде, кейбiреулерiне перiштесiз естiртiп түсiрдi. Барлығы Аллаһу та’аланың сөзi. Əзəли жəне əбəди болған бұл сөздер махлұқ емес, яғни жаратылмаған, ойдан шығарылмаған. Осы самауи кiтаптардан бiзге бiлдiрiлгенi жүз төрт дана. Олардан 10 суһуф Адам алейһиссаламға, 50 суһуф Шит алейһиссаламға, 30 суһуф Идрис алейһиссаламға, 10 суһуф Ибраһим алейһиссаламға, Таурат Мұса алейһиссаламға Зəбур Дауд алейһиссаламға, Iнжiл Иса алейһиссаламға, Құран Кəрiм Мұхаммед алейһиссаламға түскен. 

Аллаһу та’ала адамдардың бұл дүниеде де, ахыретте де шексiз бақытқа жетуi үшiн алғашқы пайғамбар Адам алейһиссаламнан, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламға дейiн көптеген пайғамбарлар арқылы кiтаптар түсiрген. Бұл кiтаптарда иман мен ғибадат негiздерi түсiндiрiлiп, адамдар мұқтаж болған əрбiр тақырыпта мəлімет берілген. 

Бұлардың iшiнде Құран Кəрiм соңғы илаһи кiтап. Құран Кəрiм түскеннен кейiн басқа барлық илаһи (тəңiрлiк) кiтаптардың үкiмдерi жойылды. Жəбрейіл алейһиссалам Құран Кəрiмді Мұхаммед алейһиссаламға жиырма үш жыл бойы алып келді. Құран Кəрiм 114 сүре, 6236 аяттан тұрады. Бұл сандар кейбiр кiтаптарда басқаша жа-зылады. Оның себебi ұзақ аяттарды бiрнеше аят деп санағандықтан. Өйткенi Құран Кəрiм түскеннен берi ешбiр өзгерiске ұшырамаған, бұдан кейiн де өзгерiске ұшырамайды. Құран Кəрiм Аллаһу та’аланың сөзi. Мұндай кiтаптың адамдар тарапынан жазылуы мүмкiн емес. 

Пайғамбарымыз көз жұмғаннан кейiн халифа хазреті Əбу Бəкiр Сыддық (радыяллаһу анһ) Құран Кəрiмнiң аяттарын жинақтады. Осы-лайша Мусхаф (Құранның кітап халі) пайда болды. Сахабалардың барлығы, бұл мусхафтың Аллаһ сөзi екендiгiн бiр ауыздан бiлдiрді. Үшiншi халифа хазреті Осман (радыяллаһу анһ) бұл мусхафтан тағы да алты дана жаздырып көбейттi. Сөйтiп əртүрлi аймақтарға жiберiлдi. Құран Кəрiмдi өзінен оқу керек. Басқа əрiптермен жазылғандар Құран Кəрiм делінбейді.

а) Құранды ұстайтын кезде дəреттi болу керек. Қыблаға қарап отырып мұқият оқу қажет.

б) Ықыласпен оқу керек. 

в) Əрбiр аятын асықпай, құрметпен, кітапқа қарап оқу керек. г) Тəжуид қағидаларына сай оқу керек. 

д) Оқығанының Аллаһ сөзi екендігін ойлау керек. 

ж) Құранның əмiр жəне тыйым салғандарына бағыну керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы