Дүйсенбі, 12 Қаңтар 2015   |   1842 рет оқылды

Ахырет сенiмi

Уəл яумил ахири:Ахырет күнiне сендiм деген мағынаныбередi. Бұл уақыт, адам өлген күнi басталады. Қияметтiң соңына дейiн жалғасады. Соңғы күн деп аталуының себебi, ол күннен кейiн түннiң болмауында. Қияметтiң қашан болатыны белгiсiз. Бiрақ Пайғамбарымыз көптеген белгiлерiн айтып кеткен: Хазретi Мəһдидiң келуi. Иса алейһиссаламның көктен Шам (Дамаск) аймағына түсуi. Дажжалдың шығуы. Яжуж-Мажуж дегендердің шығып, жер жүзiндегi барлық нəрсенi бұзып бұрмалауы. Күннің батыстан шығуы. Үлкен зілзəлəлар болуы, дiн үкімдерінің ұмытылуы. Күнə мен жамандықтың көбеюі. Йемен өлкесінен от шығуы. Көктер мен таулардың жарылуы. Күн мен айдың сөнуi сияқты Қиямет белгілері білдірілді. 

Қабiрде сұрақтар сұралады. Мүнкəр-Нəкир перiштелерiнiң сұрақтарына жауап беру үшiн мыналарды жаттауымыз əрi балаларымызға да үйретуiмiз қажет: «Раббым – Аллаһу та’ала, пайғамбарым – Мұхаммед алейһиссалам, дiнiм – Ислам, кiтабым - Құран Кəрiм, құбылам - Қағба, ақидадағы мазһабым - Əһли сүннет уəл жамағат, амалдағы мазһабым – Имам Ағзам Абу Хани-фа мазһабы». Қиямет күнi барлық адамзат тiрiледi. Бəрi махшар алаңына жиналады. Салих адамдардың амал дəптерлерi оң жақтан, жаман адамдардың кiтаптары артынан немесе сол жағынан берiледi. Шiрктен басқа күнəлардың бəрiн Аллаһу та’ала қаласа кешiредi, қаласа iстеген əрбiр күнə үшiн азапқа тартады. 

Iстелген амалдарды өлшейтін арнайы таразы – Мизан бар. Аллаһу та’аланың əмiрiмен Сырат көпiрi жаһаннамның үстiне құрылады. Онда Мұхаммед алейһиссаламға тəн Кəусар бұлағы бар. 

Шапағат хақ. Тəубе етпей өлген мұсылмандардың кiшi əрi үлкен күнəларының кешірілуі үшiн пайғамбарлар, əулиелер, салих кiсiлер, ғалымдар, перiштелер, шəһидтер жəне Аллаһу та’аладан шапағат етуге рұқсат алған адамдар шапағат етедi, əрi олардың шапағаты қабыл болады. 

Жəннат пен жəһаннам қазiр бар. Жəннат жетi қабат аспанның үстiнде. Жəһаннам болса барлық нəрсенiң астында. Жəннаттың сегiз есiгi бар. Əрбiр есiгiнен бiр жəннатқа кiріледi. Жəһаннам болса, жетi қабаттан тұрады. Бiрiншi қабаттан жетiншi қабатқа қарай азап күшейе бередi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы