Дүйсенбі, 12 Қаңтар 2015   |   1698 рет оқылды

Тағдырға сену

Уə бил қадари хайриһи уə шарриһи мин Аллаһи Таала: 

Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендiгiне сендім деген сөз. Адамдардың басына келетін жақсылық пен жамандық, пайда мен зарар, табыс пен зиянның барлығы да Аллаһу та’аланың қалауымен болады. 

Аллаһу та’аланың бiр нəрсенiң бар болуын қалауын тағдыр (қадар) дейдi. Тағдырдың жүзеге асуын қаза дейдi. Кейде тағдыр мен қаза сөздерi бiр-бiрiнiң орнына қолданыла бередi. 

Аллаһу та’ала құлдарына (ирада) қалау берген. Құлдарының осы қалауларын, тiлектерiн істердің жаратылуына себеп қылды.

Осы жерге дейiн қысқаша түсiндiрілген Əһли сүннəт сенiмiн терең үйренгiсi келгендерге «Хақиқат кітапүйі» баспасынан басылып шығарылған Ислам ғалымдарының үлкені, əулие Меулана Халид Бағдадидiң парсы Итиқаднама кiтабын жəне Кемаһлы Фейзуллаһ Эфендiнiң аудармасы Иман жəне ислам кiтаптарын оқуға кеңес береміз. Бұл кітап өте пайдалы, берекеті екі дүние бақыты үшін жеткілікті. 

Аллаһу та’ала əр мүминге тəуекел етудi əмiр еттi Тəуекел иманның шартыдеген аят осыəмiрлердiң бiрi.Маида сүресiнде:

«Егер иманыңыз болса, Аллаһу таалаға тəуекел етіңізАли Им-ран сүресінде: «Аллаһу таала тəуекел еткендердi əлбетте жақсы көреді»,Талақ сүресінде:«Кiмде-кiм Аллаһу таалаға тəуекел етсе, Аллаһу таала оған жеткiлiктi болады»,Зумар сүресiнде:«Құлы үшiн Аллаһу таала жеткiлiктi емес пе-дегендейқаншама аяттар бар. 

Расулуллаһ былай дейдi:  «Үмметiмнің бiр бөлiгі маған көрсетілдi. Тауларға, шөл далаларға лық толы едi. Соншалықты көп болғанына таң қалдым əрi қуандым. Қуандың ба деп сұралғанда иə деп жауап бердiм. Бұлардың тек жетпiс мыңы ғана есеп-қисапсыз жəннатқа кiредi деп айтылды. Олар қайсы?-деп сұрадым. Сиқыр, бал ашу сияқты нəрселерден аулақ болып, Аллаһу тааладан басқаға тəуекел етпегендер жəне сенбегендерделіндіТыңдап отырған адамдар арасынан Укаша(радыяллаһуанһ) тұрып: «Əй, Расулаллаһ, солардың қатарында болуым үшiн дұға етіңіз» дегенде, Пайғамбарымыз: «Йа,Раббым!Оны солардыңқатарынан қыла гөр»-дедi.Басқа бiреу тұрып дəл сондай дұға етуiн қалағанда,  пайғамбарымыз: «Укаша сенен жылдамырақ болды»дедi. 

Тəуекел деген - себептерге жүгiнiп, келешек үшiн ойланбау.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы