Дүйсенбі, 09 Наурыз 2015   |   1268 рет оқылды

Ғибадат жəне намаз

Ғибадат – бізді жəне бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен əрі əрқашан бар етіп ұстап тұрған, əр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың əмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар, Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, əулиелерге жəне ғалымдарға бағыну. 

Сансыз нығмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету əрбір жанның бірден-бір міндеті. Бірақ адам баласы өзінің қысқа ақылы жəне қысыр санасымен жаратқанға құрмет амалдарды таба алмайды. Құрмет болып саналатын амалдар Аллаһу та’ала тара-пынан білдірілмейінше, адам санасында мадақтау болған нəрселер жаратқан үшін мазақ ету, жамандау болуы мүмкін.

Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл жəне денемен өтеуі жəне сенуі қажет болған шүкір боршы мен құлдық міндеті, Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген жəне Оның сүйікті Пайғамбары арқылы жеткізілген. Аллаһ білдірген жəне əмір еткен құлдық міндеттері «Исламият» делінеді.Аллаһу та’алаға шүкір ету,Оның Пайғамбарыалып келген дінге бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш бір шүкіршілік, ғибадатты Аллаһу та’ала қабылдамайды жəне ұнатпайды. Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың өз бетінше əр түрлі ритуалдарды орындауларының Аллаһ құзырында еш бір құны болмайды. 

Демек, ақылы бар адамның Аллаһқа шүкір жəне дұрыс ғибадат етуі үшін Мұхаммед алейһиссаламға бағынуы шарт. 

Мұхаммед алейһиссаламға бағынған адам ғана мұсылман деп аталады. Ал Аллаһқа шүкір етуге, яғни Мұхаммед алейһиссаламға бағынуға «Ғибадат ету» делінеді. Ислам екі бөлімнен тұрады:

1-  Қалб, яғни жүрекпен сенуді қажет ететін нəрселер.

2- Денемен жүрек арқылы орындауды қажет ететін ғибадаттар. Денемен орындалатын құлшылықтардың ең құндысы - намаз.

Мүкəллəф болған əр кісінің күнде бес уақыт намаз оқуы парыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы