Дүйсенбі, 09 Наурыз 2015   |   1844 рет оқылды

МҮКƏЛЛƏФ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?

Ақыл-есі дұрыс, əрі балиғат жасына толған ер жəне қыз бала «Мүкəллəф» делінеді.Мүкəллəф жасына толғанəрбір адам Аллаһута’аланың əмірі мен тыйымдарын орындауы тиіс. Дініміз бойынша мүкəллəф адамға алдымен иман ету, кейіннен ғибадат жасау əмір етілген. Сондай-ақ тыйым салынған əрбір харам істен де бойын аулақ ұстау қажет.

Ақыл – түсінуші, аңғарышу қуат. Ол пайда мен зиянды ажыра-ту үшін жаратылған. Ақыл бір өлшеу аспабы сияқты. Екі жақсының жақсырағын, екі жаманның жаманырағын ажыратады. Бірақ, ақылды адам тек жақсы мен жаманды ажыратып қана қоймай, жақсыны көргенде алып, жаманды көргенде бойын аулақ ұстайды. Ақылды көзге ұқсатуға болады. Ислам - нұрға, жарыққа ұқсайды. Жарық болмағанда көздің көруі мүмкін болмағандай, Ислам болмаса ақыл да хақты таба алмайды. 

Балиғат жасы - ер жету, бой жету жасы. Ер баланың балиғат жа-сына толуы он екі жастан басталады. Бұл жасқа толғанын білдіретін ерекше белгілер болады. Егер ұл балада осы белгілер көрінбесе, он бес жасқа толғанда дін бойынша балиғат жасына толды деп есептеледі. 

Қыз балалардың балиғат жасы көбінесе тоғыз жасқа толғанда басталады. Тоғыз жасқа толған қыз балада балиғат жасының белгілері көрінбесе, он беске толғанда балиғат жасына жеткен болып саналады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы